Ресми Дилер сатқан Toyota автокөлігіне берілетін кепілдік мерзімі қайсысының бірінші жүзеге асқанына байланысты 3 жылды (36 ай) немесе 100 000 км жүрген жолды құрайды.
Көлік иесі Toyota автокөлігінің сатушы (өндіруші) жауапты кемшіліктеріне қатысты талаптарды тек кепілдік мерзімі өткенше ғана қоя алады.
Кепілдік мерзімі Toyota автокөлігінен анықталған кемшіліктерді жою үшін қажетті мерзімге байланыссыз, ол қолданыла алмаған уақыт аралығында өзгеріссіз болып қалады.
Өндірушінің кепілдікпен қарастырылған міндеттері тек Toyota автокөлігін Toyota-ның ресми Дилерінен сатып алғанда ғана орындалады.
Кепілдік мерзімі әрекет ететін уақыт аралығында техникалық қызмет көрсету не жөндеу жұмыстарын жүргізуді тек Toyota-ның ресми Дилерінде жүргізуге кеңес беріледі.
Жоспарлы техникалық қызмет алу, Қосымша техникалық қызмет алу мақсатында Toyota-ның ресми Дилеріне жүгіну Сіздің кепілдік бойынша талаптарыңыздың қанағаттандырылмауына әкеп соғуы мүмкін.
• Toyota-ның ресми Дилеріне келу барысында кепілдік бойынша қызмет көрсету қажет болған барлық жағдайларда кепілдік бойынша қызмет көрсету нұсқаулығын көрсету;
• Toyota автокөлігін кепілдік қызметін көрсету нұсқаулығына және көлік иесіне арналған нұсқаулыққа сай қолдану, қызмет көрсету, сақтау және күту;
• Toyota автокөлігін сатып алу және қызмет көрсету тарихына қатысты чектерді, шоттарды, атқарылған жұмыс актілерін, тапсырыс-өкілдемелерді, аксессуарларды орнатуға жазылу сынды тағы басқа қажетті құжаттарды сақтау;
• Әр сапар алдында кепілдік бойынша қызмет ету нұсқаулығының "Өз бетінше техникалық қызмет көрсету" бөліміндегі нұсқаулықтарға сай тексеріс жүргізу;
• одометр көрсеткіштері кезінде жоспарлы техникалық қызмет көрсету үшін Toyota автокөлігі Toyota-ның ресми дилеріне берілуі қажет.
Егер көлік иесі Toyota автокөлігін Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасынан тыс елге шығарса не қайта сатса, онда кез келген кепілдіктің күші жойылған болып саналады.