1. Become dealer
Байланысу

ҚАЛАЙ TOYOTA ДИЛЕРІ АТАНУҒА БОЛАДЫ

"Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і Toyota маркасының Қазақстан мен Қырғыз Республикасындағы эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады.

Біз Тойота дилерлік желісін Қазақстанның түрлі өңірлерінде кеңейтуді жалғастырудамыз. Біздің серіктестеріміздің барлығы тұрақты жоғары сапаға жетуге мүмкіндік беретін Toyota брендінің жоғары стандарттарына сай жұмыс істейді. Нәтижесінде, біз өзіміз көздеген нәтиже – клиенттердің күлімдеуіне қол жеткіземіз.

Тойота компаниясының стратегиясы – Тойота иелері үшін сервистік желінің барынша қолжетімді болуына жағдай жасау. Тойотаның Қазақстандағы дилерлік желісінің дамуына қатысты жоспарларға сәйкес, біз Тойотаның талаптары мен стандарттарына сай ұйымдастырылған сервистік станциялар мен түпнұсқалық қосалқы бөлшектер қоймасының бар екенін білдіретін 2S (Service+Spare Parts) концепциясын енгіземіз.

Барлық сұрақтар бойынша "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-інің дилерлік желіні дамыту бөліміне application@toyota-motor.kz электронды мекенжайы арқылы сұраным жіберу қажет.