Toyota компаниясы туралы ақпарат

Toyota компаниясы туралы ақпарат
Toyota бренді

Тойота бренді Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасында аса танымал және жоғары бағаланады. Бұл компания өнімдерінің жоғары сапалы болуының арқасында мүмкін болды. Мысалы, 1999-2013 жылдары Тойота маркасына тиесілі жаңа автокөліктердің Қазақстан нарығындағы сатылымы 400-ден 12 128 данаға дейін артқан. Бұл Тойотаның Қазақстандағы ең табысты брендке айналуына мүмкіндік берді. Осыған байланысты, "Тойота Мотор Еуропаның" (Қазақстан мен Қырғызстанның аумағы Тойотаның еуропалық штаб-пәтерінің басқару аясына кіреді) Тадаши Арашима мырзаның жетекшілігіндегі жоғарғы басшылығы Тойотаның "Клиент әрқашан бірінші орында" деген басты қағидасына сай, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасында аймақтық бөлімшелер ашу жөнінде шешім қабылдады.

Оның міндеті – тіпті күрделі экономикалық және нарықтық жағдайларға қарамастан, тұтынушылардың жоғары қанағаттанушылығын қамтамасыз ету. Аталған шешімді Тойота компаниясының қазақстандық және қырғызстандық тұтынушыларымен сенімді әрі ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға деген бейілділігі деп санауға болады. "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і "Тойота Мотор Еуропаның" еншілес компаниясы болып табылады. Компанияның негізі 2008 жылдың 20 мамырында Алматы қаласында қаланып, 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысын бастады. Компания президенті Кит Симмонс мырза. Қазіргі таңда қызметкерлерінің жалпы саны 75 адамды құрайды.

Тағы қараңыз

«Toyota жасыл айы» науқаны аясында Halyk Arena аумағында ағаш отырғызу «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Halyk Arena аумағында ағаш отырғызу Компанияның экологиялық акциялары қоршаған ортаны сақтауға және қалалық климатты сауықтыруға бағытталған. Toyota SUV Challengе – баршаға «Дакар» деңгейі Toyota SUV Challengе – баршаға «Дакар» деңгейі Алматыда екінші жыл Қазақстанда өтіп жатқан ауқымды оффроуд-ивент* кезеңі аяқталды. Су жаңа RAV4 Қазақстанда Су жаңа RAV4 Қазақстанда Қатал да сымбатты бұл көлік RAV4 тарихындағы жаңа кезеңді ашады. Әйгілі кроссовер түбегейлі өзгерді – әлем оны мұндай кейіпте әлі көрген жоқ. Тоyота: үшінші жылғы кәсіби шеберлік конкурсы Тоyота: үшінші жылғы кәсіби шеберлік конкурсы Toyota мен Lexus дилерлік орталықтар қызметкерлерінің кәсіби шеберлік конкурс мәресі 19 қыркүйекте өтті. Қазақстан мен Қырғызстан мамандар шеберлігін өсіруге ынталандырып, компания осы конкурсты үш жыл қатар өткізуде. Жүлделі орындарға жарыс «Тойота Мотор Қазақстан-ның» оқу орталығында басталды.