Ұсынысты сұрату
Өз автокөлігіңізді бағалаңыз
Тойота орталығын табу
Кітапша сұрату
Өз Toyota-ңызды жасаңыз

Жасыл ай эко-бастамасы

"Тойота Мотор Қазақстан" қоршаған ортаны қорғау саласындағы өз бастамасы жайлы хабарлайды.

2011 жылдың маусым айында "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і алғаш рет "Жасыл ай" деп аталатын науқан өткізді. Оның мақсаты Тойота қызметкерлерінің қоршаған ортаның мәселелері жөнінде хабардар болуы мен жауапкершілікке ие болу деңгейін арттыру болды. .. Науқан 1972 жылы БҰҰ жариялаған 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған орта күні мен 8 маусым – Дүниежүзілік мұхит күні және 17 маусым – Шөлейттену мен құрғақшылыққа қарсы күндерге орайластырып өткізілген болатын. Маусым айы Жасыл ай ретінде алғаш рет Toyota және Lexus автокөліктерінің өндірушісі Тойота Мотор Корпорэйшн корпорациясымен 1973 жылы жарияланды.

Содан бері жыл сайын Тойота Мотор Корпорэйшн әлем бойынша Тойота компаниясының тобына кіретін басқа компаниялармен бірге Жасыл ай аясында экологияға бағытталған түрлі шаралар өткізіп тұрады. Осы жылдың наурызында Жапонияның шығысында болған күшті жер сілкінісі мен одан кейінгі цунамидің салдарына қарамастан, Тойота Мотор Корпорэйшн Жасыл Ай шарасын өткізу дәстүрін жалғастырып, бүкіл әлемге өзінің қоршаған ортаны қорғау ісіне деген адалдығын көрсетті.

Жасыл ай аясында "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-інің кеңселеріне компанияның қызметкерлері үшін экологиялық таза атмосфера орнатып, тірі табиғаттың нәзік әлемін көрсету мақсатында жасыл өсімдіктер қойылды. Сонымен қатар қағаз бен электр энергиясын пайдалану туралы ақпарат берілді. 16 маусымда "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-інің қызметкерлері үшін экологиялық жүргізу ережелері туралы тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – күн сайын қарапайым жүргізу амалдарын қолданып, автокөлікке "эко" стилінде күтім жасау арқылы отын мен СО2-нің атмосфераға таралуын расымен де азайтуға болатынын көрсету.

Тренинг жадынамалар таратып, компания сайтында берілген экологиялық жүргізу бойынша кеңестер берумен аяқталды. Toyota өнімдерін тұтынушыларды оның қоршаған ортаға әсерін азайту мақсатында экологиялық стильде жүргізу туралы ақпараттандыру бойынша кампания өткізуді бастау туралы шешім қабылданды.

ISO 14001 экологиялық менеджмент стандартына сәйкестік сертификатының иегері "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і Қазақстан Республикасының әлеуметтік жағынан жауапты қоғам мүшесі болуға талпынады. "Тойота Мотор Қазақстан" ЖШС-і өз клиенттеріне 2010 жылдан бастап гибридтік Hybrid Synergy Drive жетегіне ие болған және 2011 жылдан Lexus Hybrid Drive гибридті топтамасындағы Toyota Prius автокөлігін иеленуге кеңес береді. . Жасыл ай аясында да, күнделікті қызметіндегі әрекеттерімен де компания экономикалық, әлеуметтік және қоғамның экологиялық дамуы арасындағы теңгерімді сақтау үшін қоршаған ортаны қорғау саласында аянбай еңбек ететін болады.

Тағы қараңыз

15/02/2018 Toyota Tested 15/02/2018 Toyota Tested Тойота Мотор Қазақстан компаниясы клиенттерге арналған жаңа Toyota Tested бағдарламасының іске қосылғанын хабарлайды. Toyota AURIS, COROLLA және PRІUS автокөліктеріне арналған Арнайы Сервистік Кампания Toyota AURIS, COROLLA және PRІUS автокөліктеріне арналған Арнайы Сервистік Кампания Toyota компаниясы 2006 мен 2014 жылдар аралығында шығарылған кейбір Toyota AURIS (үлгінің коды NRE150, ZRE151), Toyota COROLLA (үлгінің коды NRE150, ZRE151, ZZE150), Toyota PRIUS (үлгінің коды ZVW30) автокөліктеріндегі отын алғышты ауыстыру мақсатында Арнайы Сервистік Кампанияны қолға алды Toyota PRIUS автокөлігіне арналған Арнайы Сервистік Кампания Toyota PRIUS автокөлігіне арналған Арнайы Сервистік Кампания Toyota компаниясы 2009 пен 2012 жылдар аралығында шығарылған кейбір Toyota PRIUS (үлгінің коды ZVW30) автокөліктеріндегі шымылдықты типтегі қауіпсіздік жастықтарының кронштейндерін ауыстыру мақсатында Арнайы Сервистік Кампанияны қолға алды. Toyota Avensis, Corolla және RAV4 үлгілеріне арналған Арнайы Сервистік Кампания Toyota Avensis, Corolla және RAV4 үлгілеріне арналған Арнайы Сервистік Кампания Toyota компаниясы 2003 пен 2008 жылдар аралығында шығарылған кейбір Toyota Avensis (үлгінің коды ZZT251), Toyota Corolla (үлгінің коды ZZE120, ZZE121) Toyota RAV4 (үлгінің коды ACA21) үлгілеріндегі алдыңғы жолаушы мен жүргізушіге арналған Қауіпсіздік Жастықтарын ауыстыру мақсатында Арнайы Сервистік Кампанияны қолға алды
Toyota Camry үлгісіне арналған арнайы сервистік кампания Toyota Camry үлгісіне арналған арнайы сервистік кампания Toyota компаниясы 2015 жылдың наурызынан 2016 жылдың сәуіріне дейін шығарылған кейбір Toyota Camry үлгілерінің қозғалтқышты Электронды Басқару Блогын тексеру және қажет болған жағдайда қайта бағдарламалау мақсатында Арнайы Сервистік Кампанияны қолға алды. Тағы қараңыз Тағы қараңыз