Ұсынысты сұрату
Өз автокөлігіңізді бағалаңыз
Тойота орталығын табу
Кітапша сұрату
Өз Toyota-ңызды жасаңыз

"Жақсы жаққа бетбұрыс

 

Алматы, Қазақстан Республикасы. 2016 жылдың 29 ақпаны. Бүгін Rixos қонақ үйінде "Тойота Мотор Қазақстанның" баспасөз конференциясы өтті, оған себеп болған "Жақсы жаққа бетбұрыс" тақырыбы.

Баспасөз конференциясының аясында "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясының президенті Эцуо Хасино, маркетинг департаментінің бас менеджері Марсио Девиане, сонымен қатар сатылымнан кейінгі қызмет көрсету департаментінің бас менеджері Виталий Венчаков 2015 жылға қорытынды жасап, Toyota және Lexus брендтерін дамытуға арналған стратегиямен таныстырды. Өткен жылы, ресейлік рубль бағамының күрт құнын жоғалтуына байланысты Қазақстандағы автокөлік нарығының жағдайы біршама нашарлады. Туындаған жағдайда автокөліктердің долларға шаққандағы ресейлік бағасы күрт төмендеді де, соған байланысты Қазақстанға заңсыз импорттау үрдісі қарқын алды.

"Өкінішке орай, біз нарықтағы мұндай өзгеріске дайын болмадық, қиын кезеңде бізге клиенттеріміз үшін бағаны соған сай өзгертуге тура келді, бірақ бұл қысқа мерзімді және мәжбүрлі шаралар еді. Сол уақытта біз өндірушімен келіссөздер өткізіп, қазақстандық нарық үшін бәсекелестікке қабілетті бағалар қою жөнінде келіссөздер жүргіздік. Бұл стратегиялық қадам біздің Қазақстандағы клиенттерімізге Ресеймен салыстырғанда анағұрлым тиімді сатып алу шарттарын ұсыну үшін қажет болды. Нәтижесінде біздің өр мақсатымыз іске асып, өндірушімен ұзақ жүргізілген келіссөздер барысындаToyota және Lexus брендтерінің автокөліктеріне, түпнұсқалық қосалқы бөлшектері мен аксессуарларына Қазақстан нарығы үшін Ресеймен салыстырғанда бәсекеге қабілетті бағаларды қою мүмкін болды", – деп хабарлады Марсио Девиане

Өзге жаңалықтар

Toyota Ұлттық Олимпиада Комитетіне 8 автокөлік берді Toyota Ұлттық Олимпиада Комитетіне 8 автокөлік берді Toyota қазақстандық құраманы Олимпиада ойындарында және басқа да халықаралық деңгейдегі сайыстарда қолдауға ниетті. 27/11/2017  Жаңа Toyota Land Cruiser Prado 2017-нің драйв сынағы 27/11/2017 Жаңа Toyota Land Cruiser Prado 2017-нің драйв сынағы Қазақстандық танымал тұлғалар Алма-Арасан шатқалындағы off-road тас жолында жаңа Toyota Land Cruiser Prado 2017 автокөлігінің сынақтан өткізді. "KIDS ROAD SAFETY" ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ Toyota дилерлермен бірге кішкентай жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелерін үйретуге бағытталған балаларға арналған ойын бағдарламаларын өткізеді. Toyota мен ҰОК қысқы Олимпиада 2018 шарасына 100 күн қалғандығын атап өтті Toyota мен ҰОК қысқы Олимпиада 2018 шарасына 100 күн қалғандығын атап өтті Toyota мен ҰОК Алау Мұз сарайында жаппай коньки теуіп, мерекелеу арқылы 2018 жылы Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада Ойындарының басталуына дейін кері санауды бастады.