Ұсынысты сұрату
Өз автокөлігіңізді бағалаңыз
Тойота орталығын табу
Кітапша сұрату
Өз Toyota-ңызды жасаңыз

Исэ-Сима түбегінде өткен G7 саммитіндегі Toyota Urban Teammate жүйесі

 

Тойота-Сити (Жапония), 2016 жылдың 26 мамыры. Тойота компаниясы "үлкен жетіліктің"(G7) 26-27 мамыр аралығында Исэ-Сима түбегінде өтетін 42-саммитінде Urban Teammate деп аталатын жаңа автопилоттық жүйесі бар тәжірибелік автокөлікке драйв сынақтарын өткізуді ұсынды.

Urban Teammate жүйесі адамдар мен автокөліктер арасындағы "серіктестік" қатынастың маңызын білдіретін "Toyota Mobility Teammate Concept бірегей концепциясына негізделген философияға толық сәйкес келеді. Бұл жүйені автопилоттық технологияларды жалпы халық пайдаланатын жолдарда байқап көру үшін жасады. Urban Teammate жүйесі өткен жылдың қазан айында таныстырылған Highway Teammates жүйесінің жалғасы болып табылады. Highway Teammates жүйесі автокөліктердің магистральдардан шығып, олардың жүргізушінің көмегінсіз қайта шығуын қоса алғанда, автокөліктердің магистраль бойымен автопилоттық қозғалысы үшін жасалған болатын.

Тойота компаниясының мамандары UrbanTeammates жүйесін жалпы қолданыстағы көшелерде автопилоттық қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында жасады. Автокөлікте жолаушылардың бар-жоғын, велосипедшілер мен автокөлік маңайындағы кедергілерді анықтау қабілетінен бөлек, Urban Teammates жүйесі жергілікті жол қозғалысының ережелеріне байланысты автономды түрде жұмыс істеп, картографиялық деректер мен жол қиылыстарындағы камералардың көмегімен жиналатын деректерге сүйене алады.