Ұсынысты сұрату
Өз автокөлігіңізді бағалаңыз
Тойота орталығын табу
Кітапша сұрату
Өз Toyota-ңызды жасаңыз

Toyota-ның сериялы жол талғамайтын көліктер санатындағы шүбәсіз жеңісі

 

24 шілдеде Бейжіңде төзімділікке бағытталған ымырасыз сайыс – "Жібек жолы-2016" халықаралық ралли-рейді өз мәресіне жетті.

Toyota-ның жол талғамайтын көліктері Ұлы жібек жолындағы 15 күндік жарыста мықтылыққа тексерістен өтті. Жоба тарихындағы ең кең ауқымды ралли-рейд үш елдің аумағынан өтіп, 4 105 шақырымдық аса күрделі арнайы бөліктерді қоса алғанда, 10 734 шақырымға созылған 15 кезеңнен тұрды. "Сериялы жол талғамайтын көліктер" (Т2) санатында бірінші орынға таласқан командалар тек аңызға айналған Toyota жол талғамайтын көліктерін тізгіндеді. Бұл бәсекелестік Toyota-ның сериялы жол талғамайтын көліктер санатындағы сөзсіз артықшылығының тиімді көрінісі болды. Сонау жарыс басталған сәттен мәреге жеткенше Astana Motors экипажымен Toyota VDJ темір тұлпарын тізгіндеген Toyota Autobody зауыттық командасы иық тірестіре жарысты.

Нәтижесінде олар "Сериялы жол талғамайтын көліктер" санатында екінші орынды иеленді. Табандылықтың керемет үлгісін көрсеткен сайысқа Toyota Land Cruiser 200-бен қатысқан тағы бір команда Off Road Kazakhstan болды. Toyota-ның жол талғамайтын үлгілері көптеген жылдар бойы "Жібек жолы" раллиінің Т2 санатындағы үнсіз таңдауы болып келеді. 2016 жылы 14 экипаждың 10-ы (71,5 %) Toyota-ны таңдап, іс жүзінде аталған санатты монокубокқа айналдырды. "Сериялы жол талғамайтын көліктер" санатында тұғырдың жоғарғы сатысын қазақстандық Astana командасының раллишілері иеленді.