Ұсынысты сұрату
Өз автокөлігіңізді бағалаңыз
Тойота орталығын табу
Кітапша сұрату
Өз Toyota-ңызды жасаңыз
Моя Toyota

Тойотаның Астанадағы жаңа ресми дилері

 

Біз сіздерге 2016 жылдың 21 қазанынан бастап "Тойота Сити Астана" жаңа дилерлік орталығының ашылу салтанаты өткенін қуана хабарлаймыз.

2016 жылдың 21 қазанында Toyota-ның Астанадағы "Тойота Сити Астана" жаңа дилерлік орталығының ресми ашылу салтанаты өтті. "Тойота Сити Астана" Toyota-ның бүкіл әлемдегі дилерлеріне қойылатын қатаң талаптарына және үш S концепциясына негізделген бизнес жүргізу тәсілдері мен әдістеріне сай келеді. Дилерлік орталықтың жалпы аумағы 10 000 шаршы метрді құрайды, оның 6 500 шаршы шақырымын дилерлік орталықтың ғимараты алып жатыр. "Тойота Сити Астана" сервистік орталығы 23 слесарлық жөндеу орындарынан және экспресс-сервиске арналған 2 орыннан тұрады. Автосалонда Toyota-ның Қазақстан нарығына ресми түрде жеткізілетін барлық модельдік қатары ұсынылады. Жаңа автосалон сол жағалауда, "Астана ЭКСПО-2017" көрмесінің жанында орналасқан.

Дилерлік орталық құрамында Алматы, Қостанай және Ақтау қалаларындағы дилерлік орталықтар бар "Autodom" ГК-нің бір бөлігі болып табылады. Жаңа автосалон Орта Азиядағы аса ірі дилерлік орталық болып табылатын Алматыдағы "Тойота Сити" орталығына ұқсастырып, "Тойота Сити Астана" деп аталды. Бұдан былай жаңа автосалонның арқасында елорда тұрғындары Toyota-ның ресми дилерлік желісі ұсынған қызметтер спектрін пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Жаңа автосалон "Тойота Мотор Қазақстан" ресми дистрибьюторының қолдауымен ашылды. Салтанатты түрде ашылу рәсімі "Тойота Мотор Қазақстанның" Президенті Эцуо Хасиноның, "Тойота Мотор Еуропаның" сату және маркетинг бойынша Вице-президенті Мэтью Харрисонның және "Тойота Сити Астананың" Құрылтайшысы Махмудов Сухрабтың қатысуымен өтті.

Өзге жаңалықтар

Toyota Кепілдік Кепілдік