Сегізінші буындағы Toyota Camry

Сегізінші буындағы Toyota Camry

"Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы Қазақстан нарығында ең көп күтілген үлгілердің бірі – сегізінші буындағы Toyota Camry бизнес-седанының (Camry 70) ресми тұрде жарыққа шығатынын хабарлайды.

1982 жылы нарыққа шыққан сәтінен бастап ондаған марапат пен бүкіл әлем бойынша миллиондаған табынушыларға ие болған Toyota Camry қоғам назарынан тыс қалған емес. Қазіргі таңда автокөлік бүкіл әлемге 19 миллионнан аса (сатылымның жылдық көлемі 700 000 автокөліктен асады) дана тиражбен тарады, ал оны әлемдегі 100-ден аса елдің тұрғындары иеленді. Жаңа буындағы көліктің қандай болып шыққанын есепке алсақ, оның айналасындағы ажиотаж артып келеді.

Сегізінші буындағы Toyota Camry дизайн, эргономика және қауіпсіздік саласында жаңа стандарттарды қалыптастыруда.. "Біз жаңа буындағы Camry-дің адамдардың тынышын алғанын қалаймыз. Біз бұл көлікті динамикалық сипаттамалары мен жүріс қасиеттеріне ерекше мән бере отырып жасадық, бұл Camry-ді жүргізуден ләззат алудың деңгейін айтарлықтай арттырды". – дейді Toyota Motor Corporation-ның бас конструкторы Масато Кацумата (Masato Katsumata).

TNGA модульдік құрылымы

Барлық жағынан күшті автокөліктер жасауға талпынған Toyota инженерлері жобалаудың жаңа түрі – жаһандық модульдік TNGA (Toyota New Global Architecture) құрылымын әзірледі. Құрылымның идеясы – жүргізу барысында ерекше ләззат сыйлайтын жарқын, бірегей автокөліктер жасау. Бұл ретте ол автокөлік жүргізуге құмар жандарға бағытталған динамикалық сипаттамаларға, тартымды дизайнға, жасаудың керемет сапасына, сенімділік пен қауіпсіздікке де тең дәрежеде мән береді. Сегізінші буындағы Camry TNGA дизайн мен жобалау философиясы толыққанды дәрежеде көрсетілген алғашқы көлік атанды.

Жаңа GA-K платформасы шанақты кең әрі төменірек етуге, оның қаттылығын 30%-ға арттыруға және оның аэродинамикалық қасиеттерін арттыруға көмектесті. Автокөліктің биіктігі 25 мм-ге кеміді, ал қақпақтың ең жоғарғы нүктесі 40мм-ге төмендеді. Оған қоса, Camry 70-тің басқару органдарында, аспаптар панелінде, күштік агрегатында, жүріс бөлігінде, жүйелерінде бір де бір бөлшек жоқтың қасы.

Таңданарлық келбет пен мінсіз үйлесімділік

Жаңа бизнес-седанның сырт келбеті Toyota Under Priority (акцент астыңғы жағында) және Keen Look (өткір көзқарас) концепцияларының жарқын эволюциясын Catamaran Under Priority фирмалық стилінде көрсетеді. Әсем, кең және терең орнатылған жоғарғы тор Toyota эмблемасына назар аудартады. Алысқа түсетін жарықтың жарықдиодты шамдарымен және жақсы танылатын күндізгі жүріс шамдарымен (DRL) жабдықталған негізгі жарықтың қысаң шамдары екі түсті сыртқы линзаларға ие.

Үлкен, трапеция іспетті төменгі тор бампердің барлық ұзындығына жуық аумақты алып тұр. Торды алып тұрған оның бүйірлік бөліктері катамаранның қосарланған корпусын еске салады және табан ізінің кеңдігін айқындайды. Бампердің бүйірлік бөліктерінің төменгі ернеуі назар аударта отырып, табалдырықтан спорттық алдыңғы спойлерге дейін жалғасады.

Өрнекті көлденең тақтайшалардан құралған төменгі тор, күшті белдем сызығы, шығыңқы дөңгелек аркалары мен көлік төбесінің түсіңкі сызықтары бірегей, қарқынды және стильді келбет жасайды. Нәтижесінде, айқын ерекшеленген сызықтардың, сындарлы жазықтықтар мен баяу иілген беттердің үйлесімі жаңа Camry 70-ке "бизнес" класындағы седанға тән керемет нәзік, бірақ сезімтал атлетизм береді.

Camry 70 16 және 17 дюймдік дөңгелек дискілерімен, сонымен қатар 18 дюймдік өңделген жеңіл балқытылған дөңгелек дискілерімен қолжетімді. Шанақ бояуының ұсынылатын түстері жаңа үшеуін қоса алғанда, алтау: Midnight Emerald Blue (көк), Platinum White Pearl Metallic (жылтыр әсері бар ақ металлик), Graphite Metallic (қарақошқыл металлик).

Класындағы ең үздік әрлеу мен жаңа технологиялар

Жаңа Camry 70-тің салонынан сіз бұрынғы буындар арқылы таныс бір де бір бөлшекті таппайсыз. Әрлеуде жаңа текстуралар мен премиумдық сападағы материалдар қолданылған. Сатып алушыларға екі түстегі нұсқа ұсынылады: Beige – қарасұр түсті жабын мен ақшыл сары түсті екі түрлі реңктегі аспаптар панелінің жоғарғы бөлігі және Black – бұрын қолданылғаннан ашықтау әрі анағұрлым көрнекті, бұл интерьердің хромдалған күңгірт қосымшаларын айқындайды.

Сонымен қатар шолу бұрышына байланысты түсін өзгертетін және осылайша "жолбарыс жанары" деген тасқа ұқсайтын тереңдік пен жарқырау сезімін тудыратын Tiger Eye өрнегі бар әрлеу қолжетімді болады.

Жаңа алдыңғы спорттық орындықтар жоғары ыңғайлылық пен қамтамасыз етеді – орындықтың арқасы иық аймағында кеңірек болған ал оның қонымды пішіні көрнекті бүйірлік тіреуішке ие болды. Жетілдірілген артқы орындықтар екі нұсқада қолжетімді: 60:40 үйлесімінде бүктелу мүмкіндігіне ие немесе арқасы көлбеулену бұрышы бойынша электрлі реттеу мүмкіндігіне ие 40:20:40 үйлесімінде бүктелетін орындық. Арқасы көлбеулену бұрышы бойынша электрлі реттеу мүмкіндігіне ие орындық ортаңғы шынтақ тірегіштің алдыңғы бөлігіне орнатылған сенсорлық панельмен қолжетімді. Ал беріліс қорабының селекторының алдында мобильді телефондарды сымсыз зарядтайтын арнайы орын бар.

Рөл дөңгелегі көп функционалды ақпараттық дисплей мен жүргізушіге көмек көрсететін жүйелерді басқаруға арналған ауыстырғыштармен жабдықталған. Әзірлеушілер жүргізушілер спорттық көлікті жүргізіп отырғандай әсер алу үшін, оның көлденең қимасы мен ұстау аймағындағы қаттылығына мән берді. Опциялар қатарында рөлді жылытқыш та бар, ол 30°С температураға 3 минутта жетеді. .. Жаңа Camry 70-тің класындағы ең үздік "адам-көлік" интерфейсі жеңіл оқылатын үш түрлі ақпараттық дисплеймен ұсынылады: суреті аса анық 10 дюймдік түрлі түсті проекциялық дисплей; аспаптар қалқаншасына орнатылған (базалық жиынтықта 4,2 дюйм) көп функционалды 7 дюймдік ақпараттық дисплей; Toyota Touch 2 мультимедиалық жүйесінің бір бөлігі болып табылатын, орталық консольдегі сегіз дюймдік дисплей.

Жаңа жеті дюймдік дисплейдің графикасында суреттің тереңдігін жасау үшін көрініс әсері қолданылған. Ал ақпаратты қабылдауды жеңілдету үшін көрініс аясын бірнеше экранға бөлу, оның көлемін өзгерту мен қосымша беттерді қолдану мүмкіндігі бар. Toyota Touch 2 Go жүйесі 22 тіл мен Wi-Fi технологиясын ұстайды, бұл пайдаланушының өз смартфонын онлайн-функцияларға қосылу үшін рұқсат нүктесіне айналдыруына мүмкіндік береді. Толыққанды картографиялық ақпарат беретін навигациялық жүйе қалалардың үш өлшемді үлгілерін, көрнекі жерлерін көрсетіп, жолдағы жағдайдың көрсетілуін қамтамасыз етеді, апаттық қызметті шақыру мүмкіндігі, мәтіндік хабарламаларды дыбыстау және интернет-порталға кіру мүмкіндігі .................

Стандартты түрде жаңа Toyota Camry 70 6 динамикалы аудиожүйемен жабдықталады, оны 9 динамикасы мен жаңа 265 милиметрлік JBL премиумдық акустикалық жүйесімен алмастыруға болады. Бұл жүйе сығымдалған MP3 файлдары не ағындық аудио файлдары сияқты аудиофайлдарда жоғалып кеткен жиіліктерді қалпына келтіретін Clari-Fi технологиясымен жабдықталған. Бұл технология дыбыстың сапасы мен стереоәсердің тереңдігін шынайы уақыт режимінде қалпына келтіреді.

Ауаны салқындатудың үш аймақтық жүйесі nanoeTM технологиясын қосады. Су молекулаларымен қоршалған теріс зарядталған иондар түріндегі 5-тен 20 нм-ге дейінгі нанобөлшектер желдеткіш қосылғанда салонға кіреді. Олардың құрамындағы дымқылдық мөлшері әдеттегі иондармен салыстырғанда 1000 есе артық. Бұл олардың тері мен шашты нәзік жұмсартып, автокөлік салонында сергітетін жағдай қалыптастыруына мүмкіндік береді. Жаңа Toyota бизнес-седанның жабдықталуы қысқы пакетті де қоса алады.

Тыныш әрі класындағы ең кең салон

Toyota Camry жұмсақ әрі тыныш автокөлік беделіне ие. Жаңа үлгі осы дәстүрді қолдайды – онда шу, діріл және қаттылық деңгейін төмендетуге арналған көптеген шешімдер қолданылған. Нәтижесінде автокөлік өз класындағы ең тыныш әрі кең салонымен мақтана алады. Қақпақтың дыбыс изоляциясы қозғалтқыштан шығатын шу деңгейін төмендетуге жәрдемдеседі. Жолдың шуылы дөңгелек аркаларының протекторларымен және резеңке элементтер арқылы бұғатталады. Шанақтың аэродинамикалық пішіні мен көліктің төбесіндегі жаңа шуды басқыш желдің дыбысын төмендетуге әсер етеді, бұл жерде тіпті есік жақтауының тар құрылымы мен желдік терезенің жаңа дымқыл тойтарғыш молдингі де рөл ойнайды.

Жаңа Camry 70-тің салоны дәстүрлі түрде кеңдігімен ерекшеленеді. Үлгінің сегізінші буынында конструкторлар оны ерекшелеуді қажетсінбеді. Дөңгелек базасын 50 мм-ге арттырудың арқасында, алдыңғы және артқы жолаушылардың отыру орындары артқа қарай 49 мм-ге жылжытылды. Бұл жүргізушінің отырыс қалпын оңтайландырып, алдыңғы жолаушы үшін кеңдікті артқы жолаушылардың жайлылығына кедергі келтірместен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде жаңа Camry 70-тегі алдыңғы және артқы .... арасындағы қашықтық

Қауіпсіздіктің жаңа стандарттары

Жаңа Camry 70-тің жақсартылған динамикалық сипаттамалары мен жүрісінің бірқалыптылығының негізгі элементі TNGA платформасының негізінде жасалған шанақтың жаңа қаңқасы болып табылады. Жеңілдетілген, бірақ қатты ол алдыңғы үлгінің қаңқасымен салыстырғанда бұралу сәтіндегі қаттылықтың 30%-ға ұлғаюымен ерекшеленеді. Шанақтың күштік қаңқасының жабық құрылымында аса төзімді болатты жеңілдетілген күштік құрылымдармен және жаңа жасақтаушы шешімдермен үйлесімде кеңінен қолдану ең төменгі ауырлық ортасына кепілдік береді, бұл тамаша басқарылуды, тұрақтылықты қамтамасыз етіп, жүргізуден одан да көп ләззат алуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте шанақтың аса берік құрылымы тек ұшталған басқарумен қамтамасыз етуге жұмыс істеп қана қоймай, енжар қауіпсіздіктің негіздерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар үлгінің жабдықталуы 9 қауіпсіздік жастығы мен апаттық құрылғысы бар үш нүктелі қауіпсіздік белдіктерін қосады.

Өте тамаша басқарылу

Жаңа Camry 70 МакФерсон тіреуіндегі алдыңғы аспа мен екі көлденең иінтірегі бар артқы аспаға ие болды. Мұндай үйлесімді жасау барысында инженерлер керемет тұрақтылық пен сенімді жүргізу үшін анағұрлым жоғары жылдамдықта бұрылыстардан өту мүмкіндігімен қамтамасыз етіп қана қоймай, жүрістің бірқалыптылығына кепілдік беруге де талпынды. Алдыңғы және артқы аспаларға амортизация күші (тұрақтылық пен қарқынды басқарылуы үшін) мен жүрістің бірқалыптылығы арасындағы жоғарғы балансқа жету үшін бапталған қанықтыру клапандары бар жаңа амортизаторлар пайдаланылған.

Жаңа 3,5 литрлік V6 және Direct Shift-8T

Сегізінші буындағы Camry үшін отынды тікелей бүркудің жетілдірілген D-46 жүйесімен және газ таратуды тікелей өзгертудің электрондық жүйесімен (VVT-iW, Variable Valve Timing-intelligent Wide) жабдықталған жаңа 3,5 литрлік бензинді V6 қозғалтқышы үздік болады. Бұл екі жоғарғы үлестіруші білікке ие 24 клапанды күштік агрегат (DOHC) 5000 айн/мин-та ең жоғарғы 249 а.к және 4600-4700 айн/мин-та ең жоғарғы 356 Нм айналу сәтін арттырады. ..

Оған жұп ретінде жуырда жасалған Direct Shift-8T автоматты беріліс қорабы ұсынылады. Оны құрастыру барысында орыннан қозғалу сипаттамаларын жақсарту, шу деңгейін төмендету, екпін алу қарқынын, эксплуатациялық көрсеткіштерді және отынды үнемдеуді арттыру сынды мақсаттар қойылды. Үйлесімді жұмыстың нәтижесі сандарда келесідей көрінеді: ең жоғарғы жылдамдық – 220 км/сағ, 100 км/сағ-қа дейін екпін алу – 7,7 сек-та, орташа отын шығыны – 8,7 л/100км, СО2 шығарылуы – 197 г/км. Сонымен қатар, қозғалтқыштар топтамасында көлемі 2,5 литрлік 4 цилиндрлі (181 а.к., 231 Нм) және 2,0 литрлік 150 ........................ қозғалтқыш бар.

Тағы қараңыз

Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus компаниясы Қазақстан мен Қырғызстанның Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Орал және Бішкек сынды қалаларында дилерлік негізінде авторланған сервистік орталықтарды ашу арқылы жоғары сапалы сервистік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етті. Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota ресми дилерлерінің сайттарында клиенттерге үйден шықпай-ақ қалаулы автомобильді сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылды. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Клиент бірінші орында" қағидатын басшылыққа ала отырып, "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы Қызылорда қаласында өкілдіктің жаңа форматын іске қосты, ол клиенттерге шағын қалаларда шынайы қызмет көрсетуді жақындатуға бағытталған. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Өз класындағы үстемдік: қарқынды стиль, ең жоғарғы бедел және қозғалыс жайлылығының жаңа деңгейі.
2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды 2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды Өткен жыл ел аумағында сатылымы күткеннен де жоғары нәтиже көрсеткен Toyota және Lexus маркаларының Қазақстандағы шүбәсіз танымалдығын кезекті рет растады. Көрсеткіштерге сай, брендтер Қырғызстан нарығын да дәл сондай қарқынмен жаулап келеді. Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы кішкентай жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне мән беріп, төменгі сынып оқушыларына жол қозғалысының қауіпсіздігін оқыту бойынша Toyota-ның Kids' Road Safety ("Балалардың жолдағы қауіпсіздігі") әлеуметтік жобасын бастады. Тойота барлық хабарламаларында өзінің жаңа дизайнын таныстыруда Тойота барлық хабарламаларында өзінің жаңа дизайнын таныстыруда Тойота өзінің жаңартылған логотипі мен мәтіні бар жаңа дизайнын Еуропада нарығына ұсынады. Алматыда «Бұл күте тұрады!» атты әлеуметтік эксперимент өтті. Алматыда «Бұл күте тұрады!» атты әлеуметтік эксперимент өтті. Алматы қ. әкімдігі мен «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы, Қазақстан мен Қырғызстандағы Toyota және Lexus брендтерінің ресми дистрибьюторы, «Бұл күте тұрады!» атты автокөлікті жүргізу үстінде ұялы телефонды пайдалану қаупіне арналған шара өткізді.