1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. New Prado
Байланысу

ЖАҢА TOYOTA LAND CRUISER PRADO 2017

1951 ЖЫЛДАН БЕРГІ САПА, ТӨЗІМДІЛІК ЖӘНЕ СЕНІМДІЛІК

65 жылдық тарихы бар Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі өз сегментіндегі бірегей автокөлік болып келеді: бұл үлгінің жоғары сапасы, төзімділігі мен сенімділігі жол талғамайтын тамаша сипаттамаларымен және артып келе жатқан сән-салтанаты, жайлылығы және беделімен мінсіз үйлеседі.

Жол талғамайтын тамаша қасиетінің арқасында, Land Cruiser Қазақстан мен 10-нан аса еуропалық елдерде сегменттің үздігі атанып, орнықты беделге лайық болды. Үлгі 190-нан астам нарыққа ұсынылған – бұл Toyota-ның қазіргі модельдік қатарындағы ең үздік көрсеткіш. ... Жаңа Land Cruiser Prado жаңа, заманауи және тиянақты сырт келбет пен анағұрлым ойластырылған әрі сапалы салонға ие болды. Сонымен қатар, ол қала жағдайында да, жолсыз жерде де қарқындырақ әрі жайлырақ бола түсті. .. Функциялары бойынша топтастырылған эргономикалық ауыстырғыштар блогы бар жаңа аспаптар панелінде Toyota Touch 2 жүйесі орналасқан.

Оның 8 дюймдік дисплейі, Go Plus мультимедиалық жүйесі, Optitron аспаптар жүйесі мен рөл дөңгелегінде орналасқан ауыстырғыштар арқылы басқарылатын диагоналі 4,2 дюймді құрайтын мультиақпараттық дисплейі бар. Салондағы жайлылықты арттыру үшін салонға алдыңғы орындықтарды желдету, артқы орындықтарды жылыту, автоматты климат-бақылау жүйелері, жел әйнегінің электрлі жылытқышы, әйнек жуғыштың бүріккіші және артқа қарай қозғалу барысында ыңғайлану жүйесіне ие артқы көрініске арналған айналар орнатылып, смарт-кілті жаңартылған.

Анағұрлым қарқынды, заманауи және ойластырылған стиль.

Барлық буындағы Toyota Land Cruiser Prado айқын сипаты жол талғамайтын көліктің кез келген жағдайда өзін сенімді сезінетін тартымды сырт келбеті мен толыққанды толық жетекті үлгіден күтілетін сенімділік пен күштілік әсері. ... Land Cruiser Prado-ны жасау барысында тексерілген және сенімді формура пайдаланылған: анағұрлым маневрлі және қарқынды автокөлік әсерін қалдыратын SUV бұл үлгі үшін үлкен маңызға ие үш негізгі артықшылыққа ие: жалпы қолайлылық – мысалы шамдар мен салқындату жүйесінің тесіктері ең жоғарғы қауіпсіздік пен еңсерілетін бродтың тереңдігі қамтамасыз етілетіндей болып орналасқан.

Жалпы мүмкіндіктер – трансмиссия мен барлық функционалды тораптардың керемет қорғанысы; жалпы мүмкіндіктер – күрделі жолсыз жерлерді еңсеру үшін қажет бұрылыстың кіші радиусы мен ауқымды жол саңылау.

Жаңа Land Cruiser Prado-ның жалпы ұзындығы 60 мм-ге артып, 4840 мм-ге жеткен. Автокөлік керемет маневрлік қасиетке ие: бұрылысстың ең аз радиусы 5.8 метрді құрайды.

Жоғары сапалы салон

Жаңа Land Cruiser Prado-ның ерекше сипаты жаңа аспаптар панелі мен орталық консольді қосатын жаңартылған аспаптар тақтасы болды. Жақсартылған функционалды мүмкіндіктер мұнда премиум санатындағы жол талғамайтын таңдаулы әрлеумен үйлеседі. ... Трансмиссияны басқаруға, жүргізу режимдеріне және жайлылықты қамтамасыз ету жүйелеріне арналған ауыстырғыштар блогы функционалды аймақтарға бөлінген және ең экстремалды жағдайларда да қолдану үшін оңтайландырылған. Орталық консольдің жоарғы бөлігі төмен қарай ығысқан, бұл үлкен сүйірлікке қол жеткізу арқылы ойлы-қырлы жерлермен алға қарай қозғалғандағы шолуды арттыруға мүмкіндік берді.

Консольде жаңа үлкейтілген 8 дюймдік толыққанды мультимедиалық экран, ауаны желдету жүйесіне ие тегіс панель мен трансмиссияға жататын аспаптар панелі орналасқан. Ыңғайлылық үшін пішіні өзгертілген берілісті ауыстыратын иінтіректің жаңа әрленген былғарысының астында жүргізу режимдерін ауыстырғыш пен жайлылықпен қамтамасыз ету жүйесінң блогы орналасқан. Олар жеке панельдерге бөлінген, бұл оларды қолдануды әлдеқайда ыңғайлырақ етеді. Сонымен қатар, мұнда алдыңғы орындықтарды жылыту және желдетуді басқару органдары орналасқан.

Бензинді күштік құрылымдар

Қазақстан нарығында Toyota Land Cruiser Prado қозғалтқыштың екі түрлі нұсқасымен ұсынылады: өзін жақсы қырынан танытқан жұмыс көлемі 2694 см³ құрайтын қозғалтқыш 5200 айн/мин-та 163 а.к/120 кВт қуатын арттырып, 3900 айн/мин-та ең жоғарғы 246 Нм айналу сәтін береді. Бес сатылы механикалық беріліс қорабымен үйлесімде 2.7 литрлік күштік агрегат автомобильдің сағатына 165 км-ге дейін екпін алуына мүмкіндік береді.

Бұл жағдайда орташа отын шығыны 100 км-ге 11.6 литрді құрайды. Алты сатылы АБҚ-мен ең жоғарғы жылдамдық сағатына 160 шақырымға, ал орташа отын шығыны 100 км-ге 11.7 литрді құрайды. ... 4.0 Dual VVT-i бензинді қозғалтқышы алты сатылы автоматты беріліс қорабымен бірге қолданылып, 5600 айн/мин-та 249 а.к/183 кВт қуатын арттырып, 4400 айн/мин-та 381 Нм айналу сәтін береді.

Қауіпсіздік функциясының кеңейтілген ассортименті

Жаңа автокөлік барлық жиынтықта 7 қауіпсіздік жастығымен жабдықталады. Жаңа Toyota Land Cruiser Prado жабдықталатын қауіпсіздік жүйелерінің тізіміне арт жақтағы көлденең қозғалысты ескертетін Rear Cross Traffic Alert (RCTA) жүйесі бар Blind Spot Monitor (BSM) көрінбейтін аймақтарды бақылау жүйесі, шинадағы қысым туралы ескертетін жаңартылған (TPWS) жүйе, жылдамдықтың 5 режиміне ие жолсыз жермен жүргенде көмек беретін Crawl Control жүйесі, жүргізу режимін (5 режим) таңдау жүйесі, аспаны кинетикалық тұрақтандыру (KDSS) жүйесі, орталық осьаралық дифференциалды бұғаттау, сонымен қатар артқы дөңгелек аралық дифференциалды бұғаттау (LSD) және артқы дифференциалды электронды бұғаттау, бейімделгіш-түрленбелі артқы аспа (AVS) және шұғыл қызметтерді шақыру жүйесі (ERA-GLONASS) мен басқа да көптеген жүйелер бар.

Квест: "Алматыдан жаңа Land Cruiser Prado-ны тап та, ұтысқа ие бол"

Алғаш рет, Land Cruiser Prado-ның 12 қыркүйекте Франкфурттағы автосалонда өткен әлемдік таныстырылымымен бір уақытта Тойота Мотор Қазақстан судай жаңа жол талғамайтын көлікті біздің елдегі ресми сатылымы басталғанға дейін көріп қалу мүмкіндігінің барын хабарлайды.

Осы шараның құрметіне жаңа Land Cruiser Prado-ны Алматыдан алғашқылардың бірі болып көргісі келгендердің барлығы қатыса алатын квестті іске қосады. Квесттегі сайыстың бас жүлдесі – жаңа жол талғамайтын көліктің жаһандық драйв сынағы өтетін Намибияға сапар және iPhone.

Одан бөлек, квесттің ақтық кезеңінің тағы алты қатысушысының соған ұқсас смартфондар алуға, ал екі жүлдегердің әлемнің кез келген жеріне саяхатты ұтып алуға мүмкіндігі бар. Квесттің барлық шарттарымен ... сайтында танысуға болады.

Осы баспасөз релизінде көрсетілген автокөліктердің сипаттамалары мен жабдықталуы үлгілер мен жиынтық түрлеріне байланысты өзгеше болуы мүмкін.