Жаңа Toyota Highlander 2017

Жаңа Toyota Highlander 2017

Жаңа Toyota Highlander-дің Қазақстанға оралуы

Жаңа Toyota Highlander-дің айқын да айбатты сырт кейпін оптиканың, радиатор торының, сонымен қатар алдыңғы және артқы бамперлерінің жаңа орындалуы айқындай түседі. Үлгінің екі түрлі қозғалтқыштағы нұсқалары қолжетімді. Алдыңғы жетекті нұсқадағы 188 аттың күшін беретін 2.7 литрлік сенімді қозғалтқыш тұрақты басқаруға мүмкіндік береді, ал 8 сатылы АББҚ-мен жұптаса жұмыс істейтін 249 арғымақтың күшіне ие 3.5 литрлік аса қуатты, экономды, жоғары технологиялы бензинді қозғалтқыш керемет қарқынды сипаттамаларды қамтамасыз етіп, қозғалысттағы жоғары сенімділікті сыйлайды. Шынайы сапа мен әр бөлшекке мән беру интерьерге премиумдық сезім сыйлайды, ал жабдықтаудың жаңа деңгейі кез келген жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Заманауи қауіпсіздік жүйелерінің кең таңдауы .............

Бүгін, 18.01.2017, Toyota судай жаңа, стильді әрі қарқынды толық өлшемді Toyota Highlander кроссоверінің Қазақстанға қайта оралғанын және ресми дилерлерде тапсырыс қабылдаудың басталғанын жариялады.

Экстерьердің айбынды дизайны

Жаңартылған толық көлемді кроссовердің айбарлы да әсем дизайны бірден көз тартады. Жоғарғы бөлігі жарықдиодты жүріс жарықтарымен біріктірілген шамдар блогымен қосылған радиатордың трапеция іспетті жаңа торы кроссовердің қарқынды мінезін айқындай түседі. Артқы есігінің пішіні мен артқы бампердің жақтауындағы түрленген төменгі қалып жаңа Highlander-дің келбетіне күштілік пен сымбаттылық қосады. Автокөліктің қыры алдыңғы бамперден артқы шамдарға дейінгі үздіксіз сызықтармен бейнеленген. Көркем жарықдиодты шамдар мен бедерлі артқы қанаттар 19 дюймдік дөңгелектермен бірге толық көлемді кроссовердің қарқынды образын аяқтайды. Жаңа Toyota Highlander экстерьердің үш түрлі: күміс түстес металлик, қоңыр және қою қызыл мтеаллик түстеріндегі орындауына ие болды.

Екі түрлі қозғалтқышпен қолжетімді

Алдыңғы жетекті нұсқаларында автокөлік 6 сатылы АББҚ-мен жұптаса жұмыс істейтін 2.7 литрлік жұмыс көлемі мен 252 Нм айналу сәтіне және 188 ат күшіне ие қозғалтқышпен жабдықталған, ол кез келген жағдайда тиімділігін жоғалтпай, тұрақты жүргізуді қамтамасыз етеді.

Толық жетекті нұсқадағы жаңа Toyota Highlander қазақстандық нарықтағы Toyota үлгілерінің ішінде алғашқы болып жаңа буындағы 3,5 литрлік V6 қозғалтқышымен және 8 сатылы автоматты қораппен жабдықталған. Қуатты, үнемді және технологиялық жағынан озық қозғалтқыш судай жаңа 8 сатылы АББҚ-мен жұптаса отырып, Toyota Highlander-ді тамаша динамикалық сипаттамалар мен қозғалыстағы сенімділкпен қамтамасыз етеді. Жаңа буындағы шағын әрі жеңіл 8 сатылы АББҚ беріліс сандарының кеңейтілген ауқымына, жаңа жұмыс алгоритміне және анағұрлым байсалды әрі жылдам ауысу қасиетіне ие. Құрылысында жаңа инженерлік шешімдердің қолданылуы арқасында, жаңа буындағы қозғалтқыш қуаттылық, үнемділік және экологиялық ........ мінсіз үйлесіміне ие.

Анағұрлым маңызды инновациялар тізімінде D-4S аралас бүрку жүйесі, ETCS-i дроссельді жапқышты басқарудың интеллектуалды жүйесі, VVT-iW газ таратудың фазаларын өзгертудің жаңа жүйесі бар. Жаңа әзірленімдерді пайдаланудың арқасында, ең жоғарғы айналым сәті 19 Нм-ге артты, ал қуаттылық шегі біршама төмен айналымдар аумағына жылжыды. Аралас циклдегі отын шығыны 100 шақырымға 9,5 литрді құрайды. Жаңа алты цилиндрлі қозғалтқыш Еуро-5 стандартының барлық талаптарына сай келеді.

Премиумдық интерьер және жабдықтаудың жаңа деңгейі

Highlander интерьерінің әр бөлігі кроссовер рөлінде отыру тек ләззат сыйлауы тиіс деген негізгі қағидаға негізделген. Интерьер жоғары сапалы әрлеу материалдарын қолдану арқылы жасалған, ал интерьер түстерінің нұсқалары қоңыр түсті былғарымен толықтырылған. Премиумдық әрлеудің алдыңғы және артқы орындықтарды желдету және орындықтарды бірнеше бағытқа электрлі түрде реттеу сынды маңызды элементтері сақталған, ал салон Ambient Lightning айнала жарықтандыру жүйесімен жабдықталған. Жабдықталу деңгейі мен жолаушыларға арналған кеңістік қоры және орындықтардың екінші және үшінші қатарындағы мүмкін комбинациялардың санымен жаңа a Highlander-ді расында ең үздік .... бірі деп атауға болады.

Toyota Highlander-дің инновациялық технологиялары сенімділік сыйлап, кез келген жағдайды бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Себебі мұнда мультимедиа технологияларына, жүргізу ассистенттері мен қозғалыстың жайлылығына ерекше мән берілген. Жаңа кроссовер орнатылған Go Plus навигациясы бар Toyota Touch 2 мультимедиалық жүйесімен және артқа қозғалғанда маневр жасауды жеңілдететін қарқынды белгілеу сызықтары бар артқы көрініске арналған камераның суреттерін көрсететін түрлі түсті көп функционалды 8 дюймдік сенсорлы дисплеймен жабдықталған.

Toyota Highlander үш аймақтық климат-бақылау жүйесінің, қосымша салон жылытқыш пен қысқы опциялар пакетінің арқасында қазақстандық климат жағдайларына бейімделген және толықтай сай келеді. Пакетте артқы көрініске арналған айналарды жылытқыш, алдыңғы және артқы орындықтарды, рөлді жылытқыш пен әйнек тазартқыштың тыныштық белдемі және басқа опциялар бар.

Қауіпсіздіктің заманауи жүйелері

Toyota Highlander-дегі белсенді қауіпсіздік жүйелерінің кең таңдауы бұғаттауға қарсы жүйені, ABS тежеуіштер жүйесін, EBD тежеуіш күшін тарату жүйесін, ВА шұғыл тежелу жүйесін, TRC батып қалуға қарсы жүйесін және өрге көтерілуге көмек беретін НАС және еңіспен жүру барысында жәрдем беретін DAC жүйесін құрайды.

Белсенді қауіпсіздік құралдарының үйлесімде жұмыс істеуін рөлдік басқаруды электрлі күшейткіш EPS пен бағыттық тұрақтылық жүйесін біріктіретін VSC біріктірілген басқару жүйесі қамтамасыз етеді. Жүргізудің ең жоғарғы қауіпсіздігі сондай-ақ, BSM көрінбейтін аймақтарды бақылау жүйесі мен тұрақтан артқы жүріспен шығу барысында көмек беретін RCTA жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Оған қосымша Highlander алдыңғы қатардағы орындықтардағы белсенді бас сүйегіштермен және 2 бүйірлік, 2 алдыңғы бүйірлік, 2 орындықтардың үш қатарына да арналған қауіпсіздік перделері және жүргізуші мен алдыңғы жолаушыға арналған 2 тізелік жастықшадан тұратын 8 қауіпсіздік жастығымен жабдықталған.

... Бетке өту .. ... Жүгіну ... ...дилерге ... 2017 жылғы күміс түстес хайлендер, бүйірінен қарағандағы көрінісі ...

Өзге жаңалықтар

Cу жаңа Highlander Cу жаңа Highlander Tөртінші буынды су жаңа Toyota Highlander Қазақстанда 2020 жылғы маусым айының бірінші жартысында ұсынылатын болады. Су жаңа RAV4 Қазақстанда Су жаңа RAV4 Қазақстанда Қатал да сымбатты бұл көлік RAV4 тарихындағы жаңа кезеңді ашады. Әйгілі кроссовер түбегейлі өзгерді – әлем оны мұндай кейіпте әлі көрген жоқ. Клиентке жақынырақ болу: Ақсайдағы Toyota өкілеттігінің жаңа форматы Клиентке жақынырақ болу: Ақсайдағы Toyota өкілеттігінің жаңа форматы «Клиент бірінші орында» деген қағидаға еріп, «Тойота Мотор Қазақстан» Ақсай қаласында өкілеттіктің жаңа форматын іске қосты. Мұндай форматтың мақсаты – Toyota брендінің дүниежүзілік стандартына сәйкес қызмет көрсету мен автокөлік сатуын кіші қалалардағы клиенттерге жақындату. Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus компаниясы Қазақстан мен Қырғызстанның Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Орал және Бішкек сынды қалаларында дилерлік негізінде авторланған сервистік орталықтарды ашу арқылы жоғары сапалы сервистік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етті.
1/06/2018 Судай жаңа Toyota C-HR қазақстандық нарыққа шығады 1/06/2018 Судай жаңа Toyota C-HR қазақстандық нарыққа шығады Қазақстандық нарықтың жаңалығы – Toyota C-HR тапсырыс беру үшін қолжетімді. 01/03/2018 Сегізінші буындағы Toyota Camry 01/03/2018 Сегізінші буындағы Toyota Camry "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы Қазақстан нарығында ең көп күтілген үлгілердің бірі – сегізінші буындағы Toyota Camry бизнес-седанының (Camry 70) ресми түрде жарыққа шығатынын хабарлайды. Toyota Ұлттық Олимпиада Комитетіне 8 автокөлік берді Toyota Ұлттық Олимпиада Комитетіне 8 автокөлік берді Toyota қазақстандық құраманы Олимпиада ойындарында және басқа да халықаралық деңгейдегі сайыстарда қолдауға ниетті. 27/11/2017  Жаңа Toyota Land Cruiser Prado 2017-нің драйв сынағы 27/11/2017 Жаңа Toyota Land Cruiser Prado 2017-нің драйв сынағы Қазақстандық танымал тұлғалар Алма-Арасан шатқалындағы off-road тас жолында жаңа Toyota Land Cruiser Prado 2017 автокөлігінің сынақтан өткізді.
Cookie файлдарының Toyota веб-сайтында пайдаланылуы

Cookie файлдар сайтымызды пайдалануды барынша ыңғайлы ету, үшінші тарап қызметтері мен құралдарын жеткізу, сайтымыздың жұмыс жолын түсіну мен жетілдіру және жарнама үшін пайдаланылады. Осы cookie файлдардың барлығын сақтауға кеңес беріміз, бірақ келіспесеңіз оларды төмендегі cookie файлдар параметрлері опциясында оңай өзгерте аласыз. Толық ақпаратты cookie саясаты тармағынан алуға болады.