Жаңа Toyota Corolla

Қазақстанда алдын ала тапсырыс беру үшін қолжетімді

Өз класындағы үстемдік: қарқынды стиль, ең жоғарғы бедел және қозғалыс жайлылығының жаңа деңгейі.

Corolla үлгісінің тарихы 50 жылды құрайды. Үлгі "Гиннестің рекордтар кітабына" әлемдегі ең көп сатылатын көлік ретінде екі рет кірген. Алғашқысынан он екінші буынына дейін Corolla өзінің сапаның аса жоғары деңгейі, төзімділік, сенімділік және басқарудан ләззат алу сынды бірегей концепциясын сақтап келеді. Әлемдегі ең көп сатылатын автокөлік дәл осындай болуы тиіс. Он екінші буындағы Toyota Corolla седаны Toyota New Global Architecture (TNGA) деп аталатын жаңа платформада жасалған. Ол автокөлікті қозғалыстың тамаша қарқынымен және қауіпсіздіктің аса жоғары деңгейімен қамтамасыз етеді. Үлгінің жаңа құрылымы дизайнерлердің оған екпінді кескін сыйлауына мүмкіндік берді. Бүгін біз үлгінің 50 жылдық тарихындағы ең қарқынды Corolla-ны қарсы аламыз.

ҚҰРЫЛЫМЫ

Жаңа үлгі автокөлікті жүргізгеннен алатын әсерді жаңа деңгейге шығаратын жаһандық TNGA құрылымының GA-C жаңа платформасында жасалған. Бұл мүмкін бе? 10 мм-ге төмендетілген ауырлық ортасының, жаңа көп иінтіректі артқы аспасының (барлық нұсқалар үшін), сонымен қатар, 60 %-ға дейін ұлғайтылған шанақ қаттылығының арқасында мүмкін болады. Шолу мүмкіндігі алдыңғы жіңішке тіреулердің және алдыңғы панель мен қақпақтың аласа сызықтарының арқасында жақсарды. Рөлдегі анағұрлым төмен отырыс қалпы – бұл да жаңа платформаның артықшылықтарының бірі.

Макферсон тіреулері бар сыналған құрылымның алдыңғы аспасы бұрылыстардан өту барысында рөл арқылы жасалатын әрекеттерге берілетін жауаптың анағұрлым желілі болуын қамтамасыз етеді. Шағын құрастырымның көп иінтіректі аспасы жүргізудің жайлылығын сақтай отырып, басқарудың тұрақтылығын қамтамасыз ететін құрылымы бірегей серіппелерге ие болды. Алдыңғы және артқы аспа элементтеріндегі үйкеліс 40 %-ға төмендеді, бұл қозғалыстағы бірқалыптылық пен жайлылықты жаңа деңгейге көтерді. Сонымен қатар, инженерлер сапалы орындаудағы жайлылықтың жаңа деңгейін көрсететін жоғары жиіліктегі дірілдерді азайта алды.

ЭКСТЕРЬЕР

Анағұрлым абыройлы кейіп пен арынды кескін – йә, дизайнерлер осы екі түрлі ұғымды үйлестіре білді. Жаңа седан біздің алдымызға автокөлік құдды жолға жабысып қалғандай әсер беретін, кең әрі төмен отырыс қалпымен шығады, Жаңа алдыңғы бөлігінің дизайнының негізінде дәстүрлі түрде "Катамаран стиліндегі төменгі бөліктегі акцент" (Under Priority Catamaran) философиясының қағиадалары жатыр. Алдыға ғарай шығып тұратын көлемді радиатор торы спорттық агрессивті кейпінен хабар береді. Қатал сызылған диодты оптика аласа, жолға жабысқан кейпін айқындайды.

Артқы бөлігінің дизайны бизнес класстағы седандарға тән байсалды кейіпте көрінеді. Хромдалған тақтайша артқы шамдардың блоктарын қоса отырып, автокөліктің енін визуалды жағынан үлкейтеді. Жаңа седанның габариттік ұзындығы 10 мм-ге артты (4 630), ені 5 мм-ге артты (1 780), биіктігі 50 мм-ге аласарды (1 435). Соңғысы автокөліктің ауырлық ортасын төмендетіп, көліктің серпінді дизайнын жолаушыға қажетті кеңістікті жоғалтпай-ақ визуалды жағынан күшейтуге мүмкіндік берді. Шанақ үшін тоғыз түстік шешім қарастырылған, олардың бірі – сұр металлик, ол тек жаңа седан үшін әзірленген.

/
ҚОЗҒАЛТҚЫШ

Жаңа седан қазақстандық нарыққа қақпақ астындағы тексерістен өткен мотормен шығады. Әйгілі 1.6 литрлік бензинді төрт цилиндрлі атмосфералық қозғалтқыш. 1ZR-FE моторлар топтамасын клиенттер төзімділігі мен сенімділігі үшін бағалады және Corolla-ны да бүкіл әлем бойынша дәл осы қасиеті үшін жақсы көреді

Қозғалтқыш тиіміділік, үнемділік, улағыштық мөлшерлерін жақсартып жатқан газ үлестірудің фазаларын өзгерту жүйесімен (Dual VVT-i) жабдықталған. Мотордың ең жоғарғы қуаты иінді біліктің 6000 айналымында 122 а.к. және 5200 айн/мин-та 157 Нм айналу сәтін құрайды. Таңдауға екі трансмиссия: алты сатылы механика немесе Multidrive S үнемді вариаторы ұсынылады.

ИНТЕРЬЕР

Біздің алдымызда судай жаңа салон құрылымы. GA-C платформасын пайдалану жел әйнегінің төменгі ернеуін 40 мм-ге түсіруге және алдыңғы панельдің жалпы биіктігін төмендетуге мүмкіндік берді. Орындықтар 25 мм-ге төменірек орналасқан, бұл бастан жоғары кеңістіктің мызғымас қорын сақтауға жағдай жасады. Нәтижесінде біз неге қол жеткіземіз? Анағұрлым шынайы отырыс қалпы мен салонның кеңдігін, шолу мүмкіндігінің қол жетпейтін деңгейі мен жайлылықтың жоғарғы деңгейін.

Интерьерде жанасым мен визуалдылық жағынан жоғары сапалы материалдар мен әрлеу бөлшектері қолданылады. Олардың қатарында күңгірттелген хромдалған жабыны бар қосымшалар, қара жылтыр ендірмелер, нақыштап қайып тігілген табиғи және жасанды былғары бар. Орындықтардың жастықшалары мен арқаларындағы серіппелер өзгертілген және толтырғыштың қалыңдығы оңтайландырылған, бұл әлдеқайда ыңғайлы және табиғи отырыс қалпына кепілдік береді. Артқы жолаушылардың жайлылығын екінші қатардағы ауа дефлекторлары толықтырады.

Алдыңғы және артқы орындықтардың арқалары арасындағы қашықтық 44 мм-ге ұлғайтылған, бұл артқы жолаушылардың аяқтарына арналған осы сегменттегі үздік көрсеткіш. Орындықтар матамен немесе былғары және мата үйлесімінде қапталады. Жүксалғыштың көлемі 18 литрге кеңейіп, 470 литрге жеткен.

/
/
ЖАБДЫҚТАЛУЫ

Corolla-ның жаңа буыны клиенттерге тек опционалды шешімдер ғана емес, бай стандартты жабдықтауды да ұсынады. Мұнда ең маңызды бөліктерге тоқтала кеткен жөн. Базалық жиынтығының өзінде механикалық беріліс қорабына ие автокөлік келесідей жабдықталады: жарықдиодты күндізгі жүріс жарықтары, электрлі жетекті және жылытқышы бар айналар, автоматты түрде өшу функциясы бар басты жарықтандыру, алдыңғы орындықтарды жылытқыш, толық өлшемді қосалқы дөңгелек, шинадағы қысымды бақылау жүйесі, рөлді шығуы мен көлбеулену бұрышы бойынша реттеу, USB-слот пен Bluetooth арқылы қосу, Қауіпсіздік үшін ABS, бағыттық тұрақтылық жүйесі, өрге шығу барысында жәрдем беретін көмекші (НАС), 4 қауіпсіздік жастығы (үздік нұсқаларында 6 қауіпсіздік жастығы бар) жауап береді.

Опционалды жабдықталуы ауқымды тізімді құрайды, анағұрлым үздік жиынтықтарда қолжетімді позициялардың бірқатарын санамалап шығайық: 16 және 17 дюймдік дөңгелек дискілері (үлгіде алғаш рет), толықтай жарықдиодты алдыңғы/артқы оптика (алдыңғы тұманға қарсы шамдар), жылытқыш (алдыңғы/артқы орындықтарды, рөлді, әйнек сүрткіштердің тұрақ аймағын), кілтсіз ашу және қозғалтқышты Push-Start батырмасы арқылы іске қосу, аспаптар панелінің 7 дюймдік дисплейі, алдыңғы/артқы парктрониктер, екі аймақтық климат-бақылу, артқы көрініске арналған камера, 8 дюймдік тачскрині бар Toyota Touch 2 мультимедиалық жүйесі, сымсыз зарядтау құрылғысы ... Седан бес жиынтық түрінде қолжетімді, олардың әрқайсысы туралы толық ақпаратпен Toyota-ның ресми сайтында танысуға болады.

Жаңа, әлемдік бестселлер – Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Алғашқы автокөліктер осы жылдың наурызынан бастап қолжетімді болады. Сонымен қатар көктемнің алғашқы айында жаңа үлгіге Toyota-ның Қазақстандағы ресми дилерлерінің бірінде жеке драйв сынағын өткізіп, әлемдегі ең танымал автокөліктің өз сегментіндегі көшбасшылық қасиетін қалай сәтті қорғайтынына көз жеткізуге болады.

Автокөліктің бағасы 7 730 000 теңгеден (механикалық қораптағы нұсқасы үшін) үздік орындаудағы вариатор үшін сұралатын 9 952 000 теңгеге дейінгі аралықта түрленеді.

Тағы қараңыз

Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus компаниясы Қазақстан мен Қырғызстанның Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Орал және Бішкек сынды қалаларында дилерлік негізінде авторланған сервистік орталықтарды ашу арқылы жоғары сапалы сервистік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етті. Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota ресми дилерлерінің сайттарында клиенттерге үйден шықпай-ақ қалаулы автомобильді сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылды. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Клиент бірінші орында" қағидатын басшылыққа ала отырып, "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы Қызылорда қаласында өкілдіктің жаңа форматын іске қосты, ол клиенттерге шағын қалаларда шынайы қызмет көрсетуді жақындатуға бағытталған. 2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды 2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды Өткен жыл ел аумағында сатылымы күткеннен де жоғары нәтиже көрсеткен Toyota және Lexus маркаларының Қазақстандағы шүбәсіз танымалдығын кезекті рет растады. Көрсеткіштерге сай, брендтер Қырғызстан нарығын да дәл сондай қарқынмен жаулап келеді.
Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы кішкентай жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне мән беріп, төменгі сынып оқушыларына жол қозғалысының қауіпсіздігін оқыту бойынша Toyota-ның Kids' Road Safety ("Балалардың жолдағы қауіпсіздігі") әлеуметтік жобасын бастады. Алматыда «Бұл күте тұрады!» атты әлеуметтік эксперимент өтті. Алматыда «Бұл күте тұрады!» атты әлеуметтік эксперимент өтті. Алматы қ. әкімдігі мен «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы, Қазақстан мен Қырғызстандағы Toyota және Lexus брендтерінің ресми дистрибьюторы, «Бұл күте тұрады!» атты автокөлікті жүргізу үстінде ұялы телефонды пайдалану қаупіне арналған шара өткізді. «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Halyk Arena аумағында ағаш отырғызу «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Halyk Arena аумағында ағаш отырғызу Компанияның экологиялық акциялары қоршаған ортаны сақтауға және қалалық климатты сауықтыруға бағытталған. Су жаңа RAV4 Қазақстанда Су жаңа RAV4 Қазақстанда Қатал да сымбатты бұл көлік RAV4 тарихындағы жаңа кезеңді ашады. Әйгілі кроссовер түбегейлі өзгерді – әлем оны мұндай кейіпте әлі көрген жоқ.