Әріптестік туралы меморандум

Әріптестік туралы меморандум

Тойота Мотор Қазақстан мен Қырғыз Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитеті әріптестік туралы меморандумға қол қойды, сонымен қатар, компнаия ҰОК-нің құзырына 3 автокөлік берді

Ендігәрі "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы мен Қырғыз Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитеті әріптестер болып табылады.

"Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы мен Қырғыз Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитеті 24 сәуір күні жаңа "Бішкек Тойота Орталығы" дилерлік орталығында әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Көктемнің осы тамаша күні екі тамаша оқиғамен тұспа-тұс келді. Бірншісі: "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы мен Қырғыз Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитеті етене қызмет ете бастады. Сәйкес келісімге қос ұйымның басшылары – Кит Мэтью Симмонс (Тойота) пен Шаршенбек Абдыкеримов (ҰОК) қол қойды. Бұрын осыған ұқсас келісімге ............... қол қойған болатын.

Әріптестер Қырғыз Республикасындағы олимпиадалық құндылықтарды насихаттау жұмыстарын бірге жүргізетін болады. Toyota сонымен қатар, қырғызстандық олимпиада құрамасына халықаралық деңгейдегі жарыстарда 2024 жылға дейін қолдау көрсететін болады.

Екінші оқиға: "Тойота Мотор Қазақстан" Қырғыз Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитетінің құзырына Land Cruiser 200, Camry және Hiase маркалы 3 автокөлік берді. Олар Комитеттің Бішкектегі күнделікті қызметі үшін қолданылатын болады.

"Біз Қырғыз Республикасының ҰОК-мен әріптес болуға қуаныштымыз. Біз үшін спорт – жәй ғана дене шынықтыру мен жарыстар ғана емес. Бұл – үздіксіз қозғалыс, алға қарай ұмтылу және қойған мақсаттарға жету. Сондықтан біз Қырғыз республикасының олимпиадалық спортшыларын қолдауға дайынбыз, және ең алдымен өз автокөліктерімізді Ұлттық Олимпиада Комитетіне ұсынамыз, бұл біздің Қырғызстандағы олимпиадалық қозғалысқа қосқан үлесіміз", – деді "Тойота Мотор Қазақстаның" президенті Кит Мэтью Симмонс мырза.

Олимпиадалық спорттың қағидалары Toyota-ға жақын. Бұл өзіңмен үздіксіз жұмыс жасау және өр мақсаттарға жетуге деген ұмтылыс. Компания басшысы айтқандай, бұл Toyota-ны .........................

"Олимпизм әр адамның өзін ортақ мақсат үшін еңбек ететін біртұтас команданың бір бөлшегі ретінде сезінуге мүмкіндік береді және халықаралық деңгейдегі корпорация Toyota-ның халықаралық қоғамдық ұйым ХОК-мен әріптестік орнатудағы бірегей тәжірибесі соның жарқын дәлелі. "Тойота Мотор Қазақстан" командасына осындай ауқымды жоба үшін, Start Your Impossible бастамасы және біздің олимпиадалық спортшыларымызға Пхенчханда өтетін қысқы Ойындарда қолдағаны үшін ерекше алғыс айтамыз.

Біз "Тойота Мотор Қазақстанмен" әріптестігіміздің аса жоғарғы деңгейде өтетініне және салауатты өмір салтын насихаттай отырып, олимпиадалық қозғалысты Қырғыз Республикасында дамыту мен танымал етуге елеулі үлес қосатынына сенеміз", – деді Қырғыз Республикасы ҰОК-нің президенті Шаршенбек Абдыкеримов.

Пхенчхандағы 2018 жылғы Олимпиадалық ойындар кезінде Toyota әлеммен өзінің қозғалыс еркінідігі, мүмкін емес нәрсеге қарсы шығу деген философиясымен әлеммен бөлісуге деген ұмтылысын тағы бір айқындау мақсатында Start Your Impossible жаһандық бастамасын іске қосты.

Қырғыз Республикасында да іске қосылған Start Your Impossible кампаниясына слалом бойынша үздік 40 спортшының қатарына енген қырғызстандық олимпиадашы Евгений Тимофеев қатысты.

Пхенчхандағы Олимпиада аяқталса да, Toyota мен ҰОК-нің әріптестігі қазіргі спорттық халықаралық жарыстармен ғана шектелмейді. Меморандум 2024 жылға дейін өз күшінде болады. Алдымызда ......................... Қырғызстанның кез келген тұрғыны куә бол алатын немесе қатыса алатын белсенділіктер жетерлі.

Осы орайда еске сала кетейік, "Тойота Мотор Қазақстан жаһандық жапониялық автоөндірушінің ресми өкілі бола отырып, 2009 жылдан бері Toyota және Lexus брендтерінің бауырлас Қазақстан мен Қырғызстан елдеріндегі қызметі үшін жауапты болып келеді. Қырғызстанда Toyota-ның алғашқы ресми дилерлік орталығы ("Бішкек Тойота Орталығы") 2013 жылы бішкек қаласында ашылды.

Тағы қараңыз

Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus компаниясы Қазақстан мен Қырғызстанның Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Орал және Бішкек сынды қалаларында дилерлік негізінде авторланған сервистік орталықтарды ашу арқылы жоғары сапалы сервистік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етті. Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota ресми дилерлерінің сайттарында клиенттерге үйден шықпай-ақ қалаулы автомобильді сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылды. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Клиент бірінші орында" қағидатын басшылыққа ала отырып, "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы Қызылорда қаласында өкілдіктің жаңа форматын іске қосты, ол клиенттерге шағын қалаларда шынайы қызмет көрсетуді жақындатуға бағытталған. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Өз класындағы үстемдік: қарқынды стиль, ең жоғарғы бедел және қозғалыс жайлылығының жаңа деңгейі.
2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды 2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды Өткен жыл ел аумағында сатылымы күткеннен де жоғары нәтиже көрсеткен Toyota және Lexus маркаларының Қазақстандағы шүбәсіз танымалдығын кезекті рет растады. Көрсеткіштерге сай, брендтер Қырғызстан нарығын да дәл сондай қарқынмен жаулап келеді. Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы кішкентай жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне мән беріп, төменгі сынып оқушыларына жол қозғалысының қауіпсіздігін оқыту бойынша Toyota-ның Kids' Road Safety ("Балалардың жолдағы қауіпсіздігі") әлеуметтік жобасын бастады. Тойота барлық хабарламаларында өзінің жаңа дизайнын таныстыруда Тойота барлық хабарламаларында өзінің жаңа дизайнын таныстыруда Тойота өзінің жаңартылған логотипі мен мәтіні бар жаңа дизайнын Еуропада нарығына ұсынады. Алматыда «Бұл күте тұрады!» атты әлеуметтік эксперимент өтті. Алматыда «Бұл күте тұрады!» атты әлеуметтік эксперимент өтті. Алматы қ. әкімдігі мен «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы, Қазақстан мен Қырғызстандағы Toyota және Lexus брендтерінің ресми дистрибьюторы, «Бұл күте тұрады!» атты автокөлікті жүргізу үстінде ұялы телефонды пайдалану қаупіне арналған шара өткізді.