Lexus бес жаңа

Қазақстан бойынша сервистік орталық ашты

Lexus компаниясы Қазақстан мен Қырғызстанның Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Орал және Бішкек сынды қалаларында дилерлік Toyota орталықтары негізінде авторизацияланған сервистік орталықтарды ашу арқылы жоғары сапалы сервистік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етті.

Бұған дейін Lexus-тің иелеріне әлемдк стандарттарға сай қызмет көрсетумен тек Астана мен Алматыдағы ресми дилерлер ғана айналысып келген. Ал енді өзге қалалардағы Lexus автокөліктерінің иелері өздеріне жақын орналасқан Тойота орталығына барып, жоғары деңгейдегі ресми сервисті пайдалана алады.

Сервиске келген Lexus автокөліктерінің иелері дилерлік орталықтың аумағына кіре салысымен-ақ ерекше қамқорлықты сезінеді, мұнда олар үшін бөлек тұрақ орындары мен уақытты жайлы өткізуге болатын бөлек лаунж-аймақ бөлінген. Сонымен қатар, сервис бойынша дербес кеңесшінің кеңес беріп, туындаған мәселелердің барлығын шешу арқылы сапалы қызмет көрсете алатынын айта кеткен жөн.

Автокөлікпен компанияның өкілдігінде оқыған және сертификатталған жоғары білікті автомеханиктер айналысатын болады. Олар арнайы құрылғылар мен тек түпнұсқалық компоненттер мен аксессуарларды ғана пайдаланады. Сервистен кейін клиент атқарылған жұмыс және орнатылған қосалқы бөлшектер туралы нақтырақ ақпарат ала алады.

Бұл ретте Lexus автокөліктерінің иелерінде кепілдікті және кепілдіктен кейінгі қызмет алу мүмкіндігі болады, бұл рух тыныштығын сақтап, автокөлік үшін уайымдамауға мүмкіндік береді.

Lexus бренді Қазақстанда ресми түрде 2010 жылдан бері сатылуда және содан бері Lexus автокөліктерін 6 500-ден аса адам иеленді.

Сатылым көрсеткіштері Lexus маркасының жоғары сенімділікке ие екендігін және Қазақстанда сұранысы артып келе жатқандығын аңғартады, сол себепті компания әрі қарай да бүкіл ел бойынша сервистік орталықтар ашуға ниетті.

Lexus сервистік орталықтары желісін аймақтарда іске қосу компанияның өз клиенттеріне жақынырақ болуына, оларға қызмет көрсетудің аса жоғары деңгейін ұсынып, Lexus-ті жүргізуден одан да үлкен ләззат алу мүмкіндігін сыйлауына мүмкіндік береді.