2018 жылы сатылды

Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері

Өткен жыл ел аумағында сатылымы күткеннен де жоғары нәтиже көрсеткен Toyota және Lexus маркаларының Қазақстандағы шүбәсіз танымалдығын кезекті рет растады. Көрсеткіштерге сай, брендтер Қырғызстан нарығын да дәл сондай қарқынмен жаулап келеді.

"Тойота Мотор Қазақстан" компаниясының деректері бойынша, 2018 жылы Қазақстан мен Қырғызстанда 14 032 автокөлік сатылып,Toyota және Lexus маркалары керемет нәтиже көрсеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда (10 678) 32 %-ға жоғары және соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткіш. Жалпы соңғы декадада екі елде ресми дилерлік желі арқылы 35 040 автокөлік сатылған. Бұл ретте сатылымның басым бөлігі 4 845 данасы (43 %) сатылған Camry-дің үлесінде. ............

Оған қоса, Toyota мен Lexus-тың ресми желісіндегі жоғары стандарттар бойынша сапалы қызмет көрсетудің пайдасына тұрақты тренд байқалды. 2018 жылы дилерлік орталықтарда 140 000-нан аса автокөліктерге қызмет көрсетіліп, қосалқы бөлшектердің сатылымы 21%-ға артқан.

Біріншіден, бұл сервистік қызметтің сапасына байланысты, себебі барлық қызметкерлер өз біліктерін үздіксіз жетілдіреді. Мысалы, 2018 жылы 400-ден аса қызметкер 2017 жылы ресми түрде ашылған "Тойота Мотор Қазақстан" оқу орталығында білімін жетілдірген. Екіншіден, қоймада 25 мыңнан аса қажетті қосалқы бөлшектер мен компоненттер бар болғандықтан, қызмет көрсету көп жағдайда жылдам іске асады..

2018 жылы Lexus бренді аймақтардағы өз клиенттеріне жақын бола түсті, себебі компания Тойота дилерлік орталықтарының негізінде брендтің жоғары стандарттарына сай сервистік қызметтерді алуға болатын бес жаңа уәкілетті дилерлік орталығын ашты. Сонымен қатар, орталықтар Lexus-тың ресми дилерлерінен сатып алуға болатын жаңа автокөліктерді беретін орын қызметін де атқарады.

"Тойота Мотор Қазақстан" өз клиенттеріне "Жүрілген автокөліктер" бағдарламасын ұсынды. Ол арқылы өткен жылы 1 850 автокөлік сатылған. Олардың 333-і "Тойота Финанс" компаниясы арқылы несиеге алынған. Жалпы "Тойота Финанс" 3 326 жаңа Toyota және Lexus автокөліктерін сатып алуға несие берген, тиімді шарттарының арқасында, статистика бойынша клиенттер көбіне банкілік автонесиелерді емес, дәл соны таңдайды екен. (ұсынылған қаржылық ұйымдардың арасында "Тойота Финанс" дилерлік желісінің үлесі 71,2 %-ды құрайды) Сонымен қатар, "Комфорт" деп аталатын клиенттерге арналған бірегей өнім бар, ол бойынша ай сайын тиімді төлем жасауға болады. .....................

Тиімді несиеден бөлек, Toyota мен Lexus-тың клиенттері үшін КАСКО автокөлік сақтандыруын қоса алғанда, "Тойота Иншуранс Менеджмент" сақтандыру өнімдерінің кең таңдауы қолжетімді. Өзін кез келген қатерден сақтағысы келетін аса сақ клиенттерге арналған бұл бағдарлама, ресми дилерлік орталықтарда жүргізілетін жөндеу жұмыстарына кепілдік бере отырып, автокөліктің күтпеген жағдайлардан толық қорғанысын қарастырады. Өткен жылы 2000 клиент өз көлігін сақтандырған, ал олардың ішінде 400-ден аса клиент сақтандыру төлемақысын алып, өз көлігін сапалы жөндеуден өткізді.

"Тойота Мотор Қазақстан" үздіксіз жетілу және сервисті жақсарту мақсатында клиенттердің қанағаттану деңгейін үнемі бағалайды. Өткен жылы сауалнама нәтижесінде, сұралған Toyota 14 286 иелерінің 91%-ы және 2 273 Lexus иелерінің 90 %-ы бұл марканы алуға достарына кеңес беретіндерін айтқан.

"Тойота Мотор Қазақстанның" президенті Кит Симмонс клиенттердің Toyota және Lexus көліктеріне деген ерекше қарым-қатынасына ие болу осыншама күш жұмсаудың арқасында мүмкін болғанын атап өтті.

"Мен біздің Қазақстандағы және Қырғызстандағы барлық клиенттерімізге біздің брендтерімізге деген сенімі мен қолдауы үшін алғыс айтқым келеді. Біз дилерлерімізбен бірге Toyota және Lexus автокөліктеріне иелік етудің тек жақсы эмоция сыйлауы үшін күш салатын боламыз. Сонымен қатар, осы сәтті пайдалана отырып, Қазақстан мен Қырғызстанның барлық тұрғындарын Жаңа жылдың басталуымен құттықтаймын және денсаулық, амандық, ашық аспан мен 2019 жылға қойылған мақсаттардың барлығына жетуін тілеймін", – деді ол.

Тағы қараңыз

Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus компаниясы Қазақстан мен Қырғызстанның Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Орал және Бішкек сынды қалаларында дилерлік негізінде авторланған сервистік орталықтарды ашу арқылы жоғары сапалы сервистік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етті. Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota ресми дилерлерінің сайттарында клиенттерге үйден шықпай-ақ қалаулы автомобильді сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылды. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Клиент бірінші орында" қағидатын басшылыққа ала отырып, "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы Қызылорда қаласында өкілдіктің жаңа форматын іске қосты, ол клиенттерге шағын қалаларда шынайы қызмет көрсетуді жақындатуға бағытталған. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Өз класындағы үстемдік: қарқынды стиль, ең жоғарғы бедел және қозғалыс жайлылығының жаңа деңгейі.
Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы кішкентай жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне мән беріп, төменгі сынып оқушыларына жол қозғалысының қауіпсіздігін оқыту бойынша Toyota-ның Kids' Road Safety ("Балалардың жолдағы қауіпсіздігі") әлеуметтік жобасын бастады. Алматыда «Бұл күте тұрады!» атты әлеуметтік эксперимент өтті. Алматыда «Бұл күте тұрады!» атты әлеуметтік эксперимент өтті. Алматы қ. әкімдігі мен «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы, Қазақстан мен Қырғызстандағы Toyota және Lexus брендтерінің ресми дистрибьюторы, «Бұл күте тұрады!» атты автокөлікті жүргізу үстінде ұялы телефонды пайдалану қаупіне арналған шара өткізді. «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Halyk Arena аумағында ағаш отырғызу «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Halyk Arena аумағында ағаш отырғызу Компанияның экологиялық акциялары қоршаған ортаны сақтауға және қалалық климатты сауықтыруға бағытталған. Су жаңа RAV4 Қазақстанда Су жаңа RAV4 Қазақстанда Қатал да сымбатты бұл көлік RAV4 тарихындағы жаңа кезеңді ашады. Әйгілі кроссовер түбегейлі өзгерді – әлем оны мұндай кейіпте әлі көрген жоқ.