Toyota кампанияны іске қосты

балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша

"Тойота Мотор Қазақстан" кішкентай жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне мән беріп, төменгі сынып оқушыларына жол қозғалысының қауіпсіздігін оқыту бойынша Toyota-ның Kids' Road Safety ("Балалардың жолдағы қауіпсіздігі") әлеуметтік жобасын бастады.

Жоба аясында Toyota-ның дилерлік орталықтарының қызметкерлері көліікке толы көшелерде жөн тауып, дұрыс шешім қабылдауға көмектесу үшін Қазақстан мен Қырғызстанның 11 қаласында қызықты тренингтер өткізді.

Балалар үшін бұл есте қаларлық тәжірибе болды – оқу материалы жол қозғалысының ең маңызды және ең қажетті ережелері туралы интерактивті форматта, яғни көрнекі жағдайлар, викториналар, сайыстар, ребустар мен шағын сынақтар арқылы оқытады.

Оқу сессиясының ерекше тұсы "Тойота Мотор Қазақстан" әзірлеген Kids' Road Safety қызықты үстел ойыны болды. Ол оқу үрдісін ойынға айналдыру арқылы кішкентай жаяу жүргіншілердің жол қозғалысының ережелерін оңай игеруіне көмек береді. Механикасы өте қарапайым – текшені тастап, таңдалған кейіпкермен бірге таңдалған бағыт бойынша қозғалып, жағдайға байланысты түскен сұрақтарға жауап беру қажет және берілген жауаптарға байланысты қарсыластарын артта қалдыру керек. Оқушылар ойынды достарымен немесе үйде ата-аналарымен бірге ойнай алады.

Тренингтерге екі мыңнан аса бала қатысты.

Сонымен қатар, компания Toyota-ның кез келген дилерлік орталығынан тегін алуға болатын жарыққа шағылысатын балаларға арналған браслеттерді шығарды.

"Тойота Мотор Қазақстанның" президенті Кит Симмонс жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы оқыту жұмыстарын үнемі жүргізу қажеттігін айтты.

"Бұл бір реттік кампания емес, біз балалардың қауіпсіздігіне үлкен мән берілетін әлеуметтік корпоративтік жауапкершілік саясатымыздың аясында осындай жобаларға үнемі бастамашылық етеміз. Сонымен қатар, біз өз клиенттеріміз бен бей-жай қарамайтын азаматтардан осы бағыттағы қызықты идеялар мен ұсыныстарды қуана тыңдаймыз", – Симмонс мырза.

Тағы қараңыз

Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus компаниясы Қазақстан мен Қырғызстанның Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Орал және Бішкек сынды қалаларында дилерлік негізінде авторланған сервистік орталықтарды ашу арқылы жоғары сапалы сервистік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етті. Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota ресми дилерлерінің сайттарында клиенттерге үйден шықпай-ақ қалаулы автомобильді сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылды. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Клиент бірінші орында" қағидатын басшылыққа ала отырып, "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы Қызылорда қаласында өкілдіктің жаңа форматын іске қосты, ол клиенттерге шағын қалаларда шынайы қызмет көрсетуді жақындатуға бағытталған. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Өз класындағы үстемдік: қарқынды стиль, ең жоғарғы бедел және қозғалыс жайлылығының жаңа деңгейі.
2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды 2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды Өткен жыл ел аумағында сатылымы күткеннен де жоғары нәтиже көрсеткен Toyota және Lexus маркаларының Қазақстандағы шүбәсіз танымалдығын кезекті рет растады. Көрсеткіштерге сай, брендтер Қырғызстан нарығын да дәл сондай қарқынмен жаулап келеді. Алматыда «Бұл күте тұрады!» атты әлеуметтік эксперимент өтті. Алматыда «Бұл күте тұрады!» атты әлеуметтік эксперимент өтті. Алматы қ. әкімдігі мен «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы, Қазақстан мен Қырғызстандағы Toyota және Lexus брендтерінің ресми дистрибьюторы, «Бұл күте тұрады!» атты автокөлікті жүргізу үстінде ұялы телефонды пайдалану қаупіне арналған шара өткізді. «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Halyk Arena аумағында ағаш отырғызу «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Halyk Arena аумағында ағаш отырғызу Компанияның экологиялық акциялары қоршаған ортаны сақтауға және қалалық климатты сауықтыруға бағытталған. Су жаңа RAV4 Қазақстанда Су жаңа RAV4 Қазақстанда Қатал да сымбатты бұл көлік RAV4 тарихындағы жаңа кезеңді ашады. Әйгілі кроссовер түбегейлі өзгерді – әлем оны мұндай кейіпте әлі көрген жоқ.