Toyota Ұлттық Олимпиада Комитетіне 8 автокөлік берді

Toyota мен ҰОК-нің әріптестігі

Toyota мен ҰОК-нің әріптестігі

"Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы ұлттық құраманы қолдау және олимпиадалық спортты Қазақстанда дамыту мақсатында, Ұлттық Олимпиада Комитетіне сегіз Toyota автокөлігін берді.

Ұлттық Олимпиада Комитетінің құзырына үш Hiase, екі Land Cruiser 200 және үш Camry беріледі. Автокөліктер Астанадағы Комитет пен ҰОК-нің Алматыдағы бөлімшесінің күнделікті ұйымдастырушылық қызметінде қолданылатын болады.

Өткен жылдың қазан айында Toyota мен ҰОК әріптестік жөніндегі келісімге қол қойды. Оның аясында Toyota қазақстандық құраманы 2024 жылға дейін Олимпиада ойындарында және басқа да халықаралық деңгейдегі сайыстарда қолдауға ниетті. Компаниялар қазақстандықтардың спорттық рухын көтеріп, олимпиадалық құндылықтарды насихаттау мақсатында бірге жұмыс істеуде.

"Біз Халықаралық Олимпиада Комитетінің ТОП-әріптесі Toyota компаниясымен Кореяда өтетін Олимпиада ойындарының қарсаңында белсенді әріптестікті бастадық. Осындай жаһандық әріптестердің олимпиадалық қозғалысқа үлкен мән беріп, спорттың дамуына елеулі үлес қосып жатқаны қуантады. Елдің Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің атынан "Тойота Мотор Қазақстанға" Қазақстан құрамасына қолдау білдіргені үшін алғыс айтамыз және біздің әріптестігіміз отандық спортшылардың олимпиадалық рухын нығайтып, барынша көп қазақстандықтарды спортқа тартады және болашақ ортақ жобаларға негіз болады деп үміттенеміз.

Бірнеше күннен кейін біз өз атлеттерімізді қысқы Олимпиада ойындарында қолдайтын боламыз. Біздің спортшыларымыз спорттың 9 түрінен 57 жолдамаға ие болды және біз осы Олимпиадада еліміздің намысын қорғайтын әр спортшы құрметке лайық деп санаймыз", – деді Қазақстанның ҰОК-нің бас хатшысы Данияр Абулғазин.

Өткен жылдың қарашасында Toyota компанияның әркім мүмкін емес дүниеге қарсы шығып, өз қарымын жүзеге асыра алатын мықты қоғам құруға деген талпынысын көрсететін Start Your Impossible жаһандық бастамасын іске қосты. "Біз еркін қозғалғанда бәрі де мүмкін!" – кампанияның қозғалыс еркіндігіндегі мәні дәл осыдан көрінеді.

Бұл кампанияның басты қаһармандары, әрине, Қазақстанның олимпиадалық спортшылары болды. ҰОК-нің қолдауымен жүзеге асқан кампанияның аясында, Toyota елді жеңіске жеткізу үшін барын салып жүрген спортшылардың жетістікке жету оқиғаларымен бөліседі.

"Олар – елдің мақтанышы және Қазақстан халқының рухының көрінісі. Сондықтан Қазақстанның мемлекеттік туын көкке көтеру үшін халықаралық жарыстарда ел намысын қорғап жүрген олимпиадалық спортшыларды қолдау мүмкіндігіне ие болу – біз үшін үлкен құрмет. Біз Ұлттық Олимпиада Комитетіне өз автокөліктерімізді қуана ұсынамыз және оларды Пхенчханда өтетін қысқы ойындардың қарсаңында беретінімізге ерекше қуаныштымыз – бұл біздің Қазақстандағы олимпиадалық қозғалысты дамытуға қосқан үлесіміз және қолдауымыз", – деп атап өтті "Тойота Мотор Қазақстанның" президенті Кит Мэтью Симмонс мырза.

Ол сонымен қатар, Toyota-ның қазақстандықтардың ең сүйікті бренді екендігін және компания үшін бұл сүйіспеншіліктің екі жақты екендігін жеткізудің маңызды екендігін айтты.

Компания басшысының айтуынша, Toyota өз тарихында статус-квоға қарсы шығып, мүмкін еместі мүмкін еткен. Сондықтан Toyota мен олимпиада спортшыларының ортақ құндылығы бар. Ол – үздіксіз жетілу, командада жұмыс істеу және өр мақсат қойып, соған жетуге талпыну.

Тағы қараңыз

Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus компаниясы Қазақстан мен Қырғызстанның Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Орал және Бішкек сынды қалаларында дилерлік негізінде авторланған сервистік орталықтарды ашу арқылы жоғары сапалы сервистік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етті. Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota ресми дилерлерінің сайттарында клиенттерге үйден шықпай-ақ қалаулы автомобильді сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылды. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Клиент бірінші орында" қағидатын басшылыққа ала отырып, "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы Қызылорда қаласында өкілдіктің жаңа форматын іске қосты, ол клиенттерге шағын қалаларда шынайы қызмет көрсетуді жақындатуға бағытталған. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Өз класындағы үстемдік: қарқынды стиль, ең жоғарғы бедел және қозғалыс жайлылығының жаңа деңгейі.
2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды 2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды Өткен жыл ел аумағында сатылымы күткеннен де жоғары нәтиже көрсеткен Toyota және Lexus маркаларының Қазақстандағы шүбәсіз танымалдығын кезекті рет растады. Көрсеткіштерге сай, брендтер Қырғызстан нарығын да дәл сондай қарқынмен жаулап келеді. Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы кішкентай жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне мән беріп, төменгі сынып оқушыларына жол қозғалысының қауіпсіздігін оқыту бойынша Toyota-ның Kids' Road Safety ("Балалардың жолдағы қауіпсіздігі") әлеуметтік жобасын бастады. Алматыда «Бұл күте тұрады!» атты әлеуметтік эксперимент өтті. Алматыда «Бұл күте тұрады!» атты әлеуметтік эксперимент өтті. Алматы қ. әкімдігі мен «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы, Қазақстан мен Қырғызстандағы Toyota және Lexus брендтерінің ресми дистрибьюторы, «Бұл күте тұрады!» атты автокөлікті жүргізу үстінде ұялы телефонды пайдалану қаупіне арналған шара өткізді. «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Halyk Arena аумағында ағаш отырғызу «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Halyk Arena аумағында ағаш отырғызу Компанияның экологиялық акциялары қоршаған ортаны сақтауға және қалалық климатты сауықтыруға бағытталған.