"Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы клиенттерге арналған жаңа Toyota Tested бағдарламасының іске қосылғанын хабарлайды. Енді қазақстандық сатып алушылар ресми дилерлік орталықтан жүрілген Toyota автокөлігін сатып алу мүмкіндігне ие болады. Бұл клиентке не береді? Ол бірден жүрілген автокөлікті алудың кемшіліктерінен арылтады. Себебі қызметтің басты артықшылығы оның көп уақыт жұмсамай сенімді әрі ашық түрде көлік сатып алу екендігінде.
Toyota Tested бағдарламасының негізгі қағидасы – клиент алдындағы жауапкершілік. Сол себепті дилерлік орталықтарда осы бағдарламаның аясында сатылатын Toyota автокөліктері техникалық жағынан сенімді әрі қазіргі жағдайы ашық. Олар тексеріс пен дайындықтың барлық кезеңдерінен өтеді: автокөліктердің қабылданған сәтте диагностикалаудан өтетінінен бөлек, қажет болған жағдайда сұйықтықтары, сүзгілері мен басқа да компоненттері ауыстырылады. Сонымен қатар, шанағы, салоны және қақпақ астындағы кеңістігі тазартылып, автокөліктің жағдайына байланысты тегістеу және бояу жұмыстары жүргізіледі. Техникалық мамандар жүрілген көліктің қауіпсіздікке жауапты жүйелерін қоса алғанда, барлық агрегаттары мен жүйелерінің дұрыстығын толықтай тексереді. ... Осылайша, дилер автокөліктің қазіргі жағдайы туралы берілген ақпараттың ашықтығына кепілдік береді.
Клиент ұйқысыз түндерден, артық машақаттан және автокөлікті толықтай тексеруден құтылады. Ол сенімділік пен тыныштыққа ие болады. Автокөліктің кем-кетігін анықтап, сұйықтықтарын, сүзгілері мен басқа да компоненттерін ауыстыру үшін ТЖО-на барып, уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Мұның барлығын дилер жасайды. Бар болғаны кез келген Тойота орталығыныан автокөлікті таңдаңыз да, рөлге отырып, өз жұмыстарыңызды аяқтауға аттаныңыз. Сіздің уақытыңыз бен жүйке жасушаларыңыз үнемделді.
Toyota Tested бағдарламасы бойынша сатылатын жүрілген көліктер – сенімді автокөлік алуды жопарлап жүргендер үшін керемет мүмкіндік. Бұл сатып алуда үнемдеп, сенім арта алатын жеке көлікті иелену мүмкіндігі. Жүрілген атвокөліктің бағасын нарықтық құны мен автокөліктің жағдайы есебінен дилер қояды. Сонымен қатар, мұның пайдасы Toyota автокөлігін несиеге тиімді шарттармен алып, "Тойота Финанс" компаниясы ұсынған сақтандыруды пайдалану мүкіндігінде. Алғашқы жағдайда – бұл төмен пайыздық мөлшерлемемен несие алу арқылы төлем мерзімін ұзартып, автокөлікті дәл қазір алудағы клиент үшін үздік шешім, ал екінші жағдайда – көлікті, нақтырақ айтсақ қаржыны .... сақтау.
Қорытынды шығарайық. Бағдарламаның негізгі артықшылықтары – бұл жүрілген автокөліктердің сенімділігі және заң тұрғысынан тазалығы және уақыт пен жүйкені үнемдеуі. Сонымен қатар, Toyota автокөліктерінің қалдық құны әдеттегідей жоғары болады және Toyota Tested сол бағаны жылдар бойы сақтап, қайта сатуда ақша жоғалтпауға мүмкіндік береді. .. Айтпақшы, жүрілген автокөлікті сатып алу барысында өзге маркалы үлгілерді де таңдауға болады, оларға байланысты толық ақпаратты дилерден білуге болады.
Сәйкесінше, егер клиент ұсталған автокөліктің иесі (кез келген бренд) болса, оның көлігін дилерге өткізуге мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда көлікті дилер бағалайды және келісілген сома Toyota-ның жаңа үлгісін алуға жұмсалуы мүмкін. Не болмаса клиент автокөлігін жәй ғана сата алады. Бағдарлама туралы толығырақ ақпаратты Toyota-ның ресми дилерлерінен білуге болады.