Ұсынысты сұрату
Өз автокөлігіңізді бағалаңыз
Тойота орталығын табу
Кітапша сұрату
Өз Toyota-ңызды жасаңыз

Toyota-ның басқару қағидалары

 

Toyota Мотор Корпорэйшн

Toyota Мотор Корпорэйшн

1937 жылы құрылған күннен бастап, біз TOYOTA МОТОР КОРПОРЭЙШН және компанияның барлық еншілес мекемелері аса жоғары сапалы тауарлар мен қызметтерді өндіріп және ұсына отырып, қоғамның тұрақты дамуына өз үлесімізді қосуға тырыстық. Осы талабымыздың арқасында, біз компанияда бір буыннан екіншісіне берілетін өз философиямызды, құндылықтарымыз бен басқару әдістерімізді дайындадық.

Біз "Toyota-ның басқару қағидалары" туралы басқару философиясын (1992 жылы алғашқы нұсқасы , ал 1997 жылы қайта жазылған нұсқасы шықты) жинақтадық, Онда біздің қандай компания болғымыз келетіні жайлы түсінігіміз көрсетілген. "Біз өз қызметіміз бен қоғамның дамуына қосқан үлесіміз осы қағидаға сәйкес келеді деп сенеміз". Біздің құндылықтарымыз бен әдістеріміз "The Toyota Way" ("Toyota философиясы") (2001 жылы басып шығарылды) кітабында баяндалған. Себебі "Toyota-ның басқару қағидаларын" іс жүзінде жүзеге асыру үшін біздің құндылықтарымыз бен әдістерімізді біздің бүкіл әлемдегі мемелеріміздегі қызметкерлердің қолдауы қажет. Біз жаңа буынның "Toyota философиясын" қолданатынына сенеміз.

Соңғы он жылдықтарда біздің компания өз іс-қызметін бүкіл әлемге таратты, және де тұрақты дамуда корпорациялардың рөлі жайлы қоғамның болжалдары да өсті. Осыны назарға ала отырып, біз бар қызығушылық танытқан жақтармен бірлесе отырып, тұрақты дамуға қалай себептесе аламыз деген көзқарас жақтан Toyota-ның «Басты қағидаларын» түсінуге тырыстық.

Қаңтар, 2005 ж.
«Тоyоtа Мотор Корпорэйшн» Президентті

"Toyota" компаниясының басқару қағидалары

1. Әр елдің заңының әрпі мен рухын құрметтеу, әлемнің лайықты корпоративтік азаматы болу үшін істі ашық әрі адал жүргізу.

2. Барлық ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеу және өз қызметіміз арқылы қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуына әсер ету.

3. Қуатты экологиялық және қауіпсіз өнімдерді шығару және бүкіл әлемдегі өмір сапасын арттыруға бағыттау.

4. Озық технологияларды әзірлеу, дамыту және аса жоғары сапалы тауарлар мен қызмет түрлерін ұсыну.

5. Жеке және ұжымдық шығармашылыққа жағдай жасап, қатардағы қызметкерлер мен басшылық арасындағы өзара сенім мен сыйластыққа түрткі болатын корпоративтік мәдениетті дамыту.

6. Басқарудың жаңашыл әдістері арқылы әлемдік қоғамдастықпен үйлесімде өсуге ұмтылу.

7. Жаңа байланыстар үшін ашық бола отырып, ұзақ өсім мен өзара табыс мақсатында зерттеу мен әзірленімдер саласындағы іскерлік әріптестермен бірге қызмет ету.

Тағы қараңыз

15/02/2018 Toyota Tested 15/02/2018 Toyota Tested Тойота Мотор Қазақстан компаниясы клиенттерге арналған жаңа Toyota Tested бағдарламасының іске қосылғанын хабарлайды. Toyota AURIS, COROLLA және PRІUS автокөліктеріне арналған Арнайы Сервистік Кампания Toyota AURIS, COROLLA және PRІUS автокөліктеріне арналған Арнайы Сервистік Кампания Toyota компаниясы 2006 мен 2014 жылдар аралығында шығарылған кейбір Toyota AURIS (үлгінің коды NRE150, ZRE151), Toyota COROLLA (үлгінің коды NRE150, ZRE151, ZZE150), Toyota PRIUS (үлгінің коды ZVW30) автокөліктеріндегі отын алғышты ауыстыру мақсатында Арнайы Сервистік Кампанияны қолға алды Toyota PRIUS автокөлігіне арналған Арнайы Сервистік Кампания Toyota PRIUS автокөлігіне арналған Арнайы Сервистік Кампания Toyota компаниясы 2009 пен 2012 жылдар аралығында шығарылған кейбір Toyota PRIUS (үлгінің коды ZVW30) автокөліктеріндегі шымылдықты типтегі қауіпсіздік жастықтарының кронштейндерін ауыстыру мақсатында Арнайы Сервистік Кампанияны қолға алды. Toyota Avensis, Corolla және RAV4 үлгілеріне арналған Арнайы Сервистік Кампания Toyota Avensis, Corolla және RAV4 үлгілеріне арналған Арнайы Сервистік Кампания Toyota компаниясы 2003 пен 2008 жылдар аралығында шығарылған кейбір Toyota Avensis (үлгінің коды ZZT251), Toyota Corolla (үлгінің коды ZZE120, ZZE121) Toyota RAV4 (үлгінің коды ACA21) үлгілеріндегі алдыңғы жолаушы мен жүргізушіге арналған Қауіпсіздік Жастықтарын ауыстыру мақсатында Арнайы Сервистік Кампанияны қолға алды
Toyota Camry үлгісіне арналған арнайы сервистік кампания Toyota Camry үлгісіне арналған арнайы сервистік кампания Toyota компаниясы 2015 жылдың наурызынан 2016 жылдың сәуіріне дейін шығарылған кейбір Toyota Camry үлгілерінің қозғалтқышты Электронды Басқару Блогын тексеру және қажет болған жағдайда қайта бағдарламалау мақсатында Арнайы Сервистік Кампанияны қолға алды. Тағы қараңыз Тағы қараңыз