1. Offers
  2. Contract
Байланысу

Toyota Сізге жаңа қызмет түрін қуана ұсынады

СЕРВИСТІК КЕЛІСІМШАРТ

TOYOTA СІЗГЕ ЖАҢА ҚЫЗМЕТ ТҮРІН ҚУАНА ҰСЫНАДЫ

Сервистік келісімшарт – бұл сізге қызметтер пакетін тиімді бағада алуға мүмкіндік беретін, Тойота автокөліктерінің иелеріне арналған арнайы ұсыныс. Сервистік келісімшарт дайындаушы зауыттың ұсынысына сай,автокөлікке бірнеше кезекті регламенттік техникалық қызмет көрсетуден тұрады.

Сервистік келісімшартты алу барысында клиент қандай артықшылықтарға ие болады:

Келісімшарт бойынша белгіленген техникалық қызметтің құны – Сервистік келісімшартта Сіз бен дилер арасында бекітілген кезекті регламенттік техникалық қызметтің құны Сервистік келісімшарт өз күшінде болған уақытта еш өзгертілмейді, сондықтан Сізге бағаның өсу мүмкіндігі туралы уайымдаудың қажеті жоқ.

Техникалық қызмет бағасына қосымша жеңілдік – бірнеше кезекті техникалық қызметке жеңілдік алып, автокөлікке қызмет көрсетуден ақша үнемдеңіз, Сервистік келісімшартты алғандағы техникалық қызметтің бағасы жеке қызмет көрсетудің әдеттегі құнынан төмен, яғни клиент автокөлікке көрсетілетін қызметтен қаражат үнемдей алады.

Автокөліктің қалдық құнының жоғарылауы – егер болашақта Сіз автокөлікті сатуды ұйғарсаңыз, Сервистік келісімшарт Сіздің мәмілеңіз үшін қосымша артықшылық береді.

Ресми Тойота сервистік орталығы жасаған жұмыстың сапасы – Сіз сапалы қызмет, білікті мамандар мен түпнұсқалық қосалқы бөлшектер, сонымен қатар автокөліктің ашық жағдайы мен оның жоғарғы қалдық құнын аласыз.

Сервистік келісімшарттың шарттары қандай:

1. Сервистік келісімшарттағы техникалық қызмет саны шектеусіз, Сіз қанша қызмет алу қажеттігін өзіңіз таңдай аласыз; 2. Әр техникалық тексерістің толықтырылуы: дайындаушы зауыттың ұсынысына сай жоспарлы техникалық қызмет көрсету жұмыстары; 3. Сервистік келісімшарттың әрекет ету мерзімі техникалық қызмет көрсету санына байланысты шектеледі. Мысалы, егер Сіз төрт техникалық қызметті алсаңыз, онда келісімшарттың мерзімі қайсысының бірінші іске асқанына байланысты, 4 жыл немесе 40 000 км жүрген жолды құрайды.

Сервистік келісімшартты қашан алуға болады – жаңа автокөлік сатып алу барысында. Егер Сіз автокөлікті Тойота Финанс несиелік бағдарламасы бойынша алсаңыз, қарыз шартына Сервистік келісімшартты да қоса аласыз, сонда Сервистік келісімшарт сомасы ай сайынғы төлем сомасына кіреді.

Сіз Toyota автокөлігіне иелік ететін болсаңыз да, Сервистік келісімшартты ала аласыз. Алайда тек Тойотаның өзіңіз Сервистік келісімшартты алған ресми дилерінен ғана қызмет ала алатыныңызды есте сақтауды өтінеміз.

Сервистік келісімшарт автокөліктің VIN-кодына тіркеулі және автокөлікті сатқан кезде Сервистік келісімшарт көліктің жаңа иесіне өтеді. Сізге ең жақын орналасқан ресми Тойота дилерін іздеу үшін

Егер Сервистік келісімшарт туралы көбірек білгіңіз не Сервистік келісімшарт бағасын есептегіңіз келсе, өтінім қалдырыңыз.

Жүрілген автокөліктерге келісімшарт алу жөнінде дилермен жеке сөйлесу қажет.