Toyota Smart Rent бағдарламасы — корпоративтік клиенттерге арналған тиімді жалға алу бағдарламасы

Toyota Smart Rent — техникалық қызмет көрсетуді қосатын автокөлікті ұзақ мерзімге жалға алуға мүмкіндік беретін заңды тұлғаларға арналған жаңа бағдарлама.

Бағдарламаның артықшылықтары:

• Toyota автокөлігінің қалдық құны жоғары болғандықтан, жалға алу бағасы арзан;
• Корпоративтік автокөлік паркін екі жылда бір жаңартып отыру мүмкіндігі;
• Бастапқы жарнаның болмауы;
• Жалға алудың бүкіл мерзіміне ай сайынғы төлемдер бекітілген болғандықтан, девальвация әсерінен қорғау;
• Автокөлік сіздің компанияның балансында болмайтындықтан*, азырақ салық төлеуге мүмкін болады;

*Автокөліктер жалға алудың бүкіл мерзімі бойы жалға берушінің меншігі болып қалады

• Барлық автокөліктер ең үздік КАСКО бағдарламасы бойынша сақтандырылған;
• Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары Қазақстанның барлық өңірлерінде орналасқан ресми дилерлік орталықтарда ғана жүргізіледі.

Автокөлікті жалға алу мерзімі өткен кезде ол жалға берушіге қайтарылады

Ай сайынғы төлемге кіретіндер:

• ОГПО (міндетті сақтандыру);
• КАСКО (франшизасыз);
• Сенімді GPS-трекер;
• Жалға алудың бүкіл мерзіміне көлік салығы;
• Жалға алу кезеңінде автокөлікке техникалық қызмет көрсету;
• Аптасына жеті күн, тәулігіне 24 сағат көрсетілетін жолдағы көмек.

Toyota Smart Rent бағдарламасын таңдай отырып, сіз техникалық қызмет көрсетуді қосатын автокөлікті жалға алу мүмкіндігіне ие боласыз. Ол төмендегілерді қамтамасыз етеді:

• Кепілдендірілген қызмет көрсету сапасы;
• Қызмет көрсетудің жылдамдығы мен ыңғайлылығы.

Toyota Smart Rent бағдарламасының қосымша артықшылықтары :

• Жалға алудың төмен құны;
• Сіз автокөлік құнының іс жүзіндегі тозуға сәйкес келетін бөлігін ғана төлейсіз;
• Барлық рәсімдіктерді сіздің қалаңыздағы Toyota дилері шешуге көмектеседі;
• Сіздің таңдауыңыз үшін екі техникалық қызмет көрсету пакеті қолжетімді: Optimum немесе Prime*

Сіз таңдай алатын техникалық қызмет көрсетуді қосатын қызметтер пакеті:

Жұмыстар тізімі Optimum пакеті (стандартты ТҚК) Prime пакеті* (кеңейтілген ТҚК)
Май сүзгісін ауыстыру V V
Май ауыстыру V V
Отын сүзгісін ауыстыру V V
Тежеуіш сұйықтығын ауыстыру V V
Салқындатқыш сұйықтықты ауыстыру V V
Салон және ауа сүзгілерін ауыстыру V V
Оталдыру білтесін ауыстыру V V
Аккумуляторды ауыстыру V
Қозғалтқыш белдігін ауыстыру V
Тежегіш қалыптарын ауыстыру V
Тежегіш дискілерін ауыстыру V


*PRIME пакетіне кіретін ТҚК ықтимал тізімі шектелмеген, өйткені оған сіздің қалауыңыз бойынша қажетті ТҚК кез келген түрін қосуға болады

Есептеу үлгісі:

Автокөлік — Классик жинақтамасындағы Toyota Camry 2.0 л
Жалға алу мерзімі — 24 ай
Бір жылда жүруге рұқсат етілген жолы — 30 000 км
Ай сайынғы жалға алу төлемдері, теңге, ҚҚС-сыз:

Автокөлікті жалға алу айына 318,276 теңге*
Автокөлікті жалға алу + Optimum пакеті айына 340,026 теңге*
Автокөлікті жалға алу + Prime пакеті айына 361,776 теңге*


*Жалға алу төлемінің сомасы таңдалған автокөлікке, жинақтамаға, жалға алу мерзіміне және таңдалған жүрілген жол лимитіне байланысты өзгеруі мүмкін