Дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім

1.Дербес деректер субъектісі: Интернет желісінде toyota.kz сайтына жүгінген және өзінің дербес деректерін Операторға берген тұлға (әрі қарай «Пайдаланушы»).

2. Дербес деректер операторы: 050000, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Қонаев к-сі, 77, 12-қабат мекенжайы бойынша орналасқан «Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС-і (әрі қарай «Тойота Мотор Қазақстан» немесе «Оператор»).

3. Үшінші тұлғалар – субъект, көлік иесі және (немесе) Оператор болып табылмайтын, бірақ онымен жағдайлар не дербес деректерді жинау, өңдеу және қорғау бойынша құқықтық қатынас жасау үшін байланысқан, сонымен қатар өзге мемлекеттердің де аумағында орналасқан тұлғалар:
• "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС-і,
• Тойота Мотор Еуроп HB/CA (Бельгия),
• Тойота Мотор Корпорейшн (Жапония),
• Операторға қолданыстағы сайтты қолдау бойынша қызмет көрсететін жеткізушілер, деректерді талдау және нарықты зерттеу бойынша жеткізушілер.
Кез келген жеке ақпарат Оператор тарапынан Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын есепке ала отырып өңделеді.

4. Дербес деректерді жинау, өңдеу мақсаты: Пайдаланушының шараға қатысушы ретіндегі қатынасын қоса алғанда, оның іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру; Пайдаланушыға жарнамалық сипаттағы ақпаратты қоса алғанда және онымен шектелмей, арнайы ұсыныстар, өткізілетін шаралар, науқандар, Toyota өнімдеріне қатысты таныстырылымдар сынды оны қызықтыруы мүмкін ақпараттарды беру; Тойота Мотор Қазақстан, уәкілетті дилерлер ұсынатын өнімдер мен көрсететін қызметтер сапасын арттыруға бағытталған нарықты зерттеу жұмыстары мен сауалнамалар жүргізу; Қазақстан Республикасының заңнамасын және өзге де қолданылатын заңнаманың талаптарын орындау.

5. Дербес деректер тізбесі: тегі, аты, жынысы, жасы, байланыс телефондарының нөмірлері, электронды пошта (e-mail) мекенжайы, қызмет саласы, лауазымы (қызмет түрі), автокөлікке иелік ету жөніндегі мәлімет (автокөліктің маркасы және үлгісі), автокөлікті ауыстырудың жоспарлы кезеңі, Toyota, Lexus өнімін сатып алудың жоспарлы кезеңі, Пайдаланушы қолданыстағы Келісімде көрсетілген мақсатта берген өзге де деректер.

6. Дербес деректермен әрекет ету тізбесі: дербес деректерді өңдеу – жинау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, тарату (оның ішінде трансшекаралық тапсыруды қоса алғанда, табыстау), дербес деректерді иесіздендіру, бұғаттау және жою. Оператор дербес деректерді автоматтандырылған және автоматтандырылмаған түрде өңдеуді жүзеге асырады.

7. Келісімнің әрекет ету мерзімі, сонымен қатар сақтауды қоса алғанда, дербес деректерді өңдеу мерзімі: егер Пайдаланушы тарапынан Келісімнің 8-тармағына сәйкес белгіленген мерзімнен ерте кері қайтарылмаса, осы Келісімде баяндалған дербес деректерді жинау және өңдеу мақсатына жеткен сәтке дейін.

8. Келісімді кері қайтару: Келісімнің дербес деректер субъектісінің не оның заңды өкілі тарапынан Тойота Мотор Қазақстан мекенжайына жазбаша өтініш жазу арқылы кері қайтарылуы.

9. Басқа: осы Келісіммен реттелгеннің барлығы Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасымен реттеледі.

Cookie файлдарының Toyota веб-сайтында пайдаланылуы

Cookie файлдар сайтымызды пайдалануды барынша ыңғайлы ету, үшінші тарап қызметтері мен құралдарын жеткізу, сайтымыздың жұмыс жолын түсіну мен жетілдіру және жарнама үшін пайдаланылады. Осы cookie файлдардың барлығын сақтауға кеңес беріміз, бірақ келіспесеңіз оларды төмендегі cookie файлдар параметрлері опциясында оңай өзгерте аласыз. Толық ақпаратты cookie саясаты тармағынан алуға болады.