ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН СТАНДАРТ МИКРОНЕСИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ

Несиелік бағдарламалар

Жаңа Toyota автокөлігін сатып алуды кейінге қалдырмаңыз!
Қолайлы әрі қарапайым рәсімделетін "Стандарт" микронесиелік бағдарламасын пайдаланыңыз.

iconОҢАЙ
iconҚОЛАЙЛЫ
iconАШЫҚ

Микронесие шарттары

Микронесие ҚР аумағындағы Toyota көліктерінің ресми дилерлерінде сатылатын жаңа көліктерге қатысты болады

"Стандарт" несиелік бағдарламасы

Бастапқы жарна және сыйақы мөлшерлемелері:

Бастапқы жарна % годовых*

40% және одан жоғары 24

20%-дан 39.9%-ға дейін 26

ЖТСМ 27.5%. ЖТСМ-нің толық есебі несиені алу барысында жасалады.

• Микронесие мерзімі 12-60 ай
• Микронесие валютасы - тенге
• Микронесиенің ең жоғары сомасы 55 560 000 тенге
• Микронесиені төлеу тәсілдері: аннуитет немесе сараланған
• Сатып алынатын автокөлікке міндетті түрде кепіл шартын жасау

Микронесие алу үшін қажетті құжаттар

Заңды тұлғалар үшін құжаттар тізбесі:
Өтінімді қарау үшін ұсынылатын құжаттар:
1. Құқықтық мәртебесін айқындайтын құжаттар:
а. барлық өзгерістер мен толықтырулармен Жарғы
b. бірінші басшыны тағайындау туралы шешім
2. Келесі кісілердің жеке куәліктері:
a. Құрылтайшылардың
b. Директордың
3. Қызмет көрсететін банктерден ағымдағы шоттар бойынша орташа айлық айналымдар туралы анықтамалар
4. Қаржылық есептілік (салықтық және басқарушылық) (менеджер пошта арқылы сұрайды)
5. Дилерлік орталықта толтырылатын құжаттар:
a. сауалнама-өтініш
b. кредиттік тарих субъектісінің кредиттік есепті алушыға кредиттік есепті беруге және ол туралы ақпаратты кредиттік бюроларға беруге келісімі
c. "Еңбек ресурстарын дамыту орталығы" АҚ-дан зейнетақы аударымдары туралы ақпарат алуға келісімі/бас тартуы
d. Дербес деректер субъектісінің(субъектілерінің) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі
Өтінім мақұлданған жағдайда қосымша ұсынылатын құжаттар:
1. Заңды тұлғаның, оның ішінде қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізу кезінде шешімдер қабылдағанын растайтын құжаттар:
а. қаржы құралын тарту туралы
b. нақты адамға қажетті шарттар жасасуға өкілеттіктер беру туралы
c. өзге шешімдер (қажет болған жағдайда)

Маңызды: бұл тізім Сіздің өтінішіңізді қарау үшін құжаттардың ең аз тізімі болып табылады. Toyota Финанс қаржы-шаруашылық қызметіне толық талдау жүргізу үшін қажетті қосымша құжаттар мен анықтамаларды сұратуға құқылы.

Сақтандыру

Автокөлік несиелендіру мерзімінде "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" ШНҰ" ЖШС серіктес сақтандыру компаниясының КАСКО бағдарламасы бойынша сақтандырылуы тиіс.
КАСКО сақтандыру бағдарламасының сыйлықақысы микронесие сомасына қосылуы мүмкін.

Мерзімінен бұрын өтеу

Мерзімінен бұрын өтеу (толық не ішінара) – еш шектеусіз.