Мерзімінен бұрын өтеу

Мерзімінен бұрын өтеу

Несиені төлеу тәсілдері

Несиені төлеу келесі тәсілдердің бірі арқылы жүзеге асырылады:

1-тәсіл. Ақшалай қаражат сомасын серіктес банктердің кассасы арқылы салу.

Несині төлеу кестесіне сай жоспарлы төлем жасайтын күні серіктес банктің бөлімшесіне жүгіну қажет, серіктес банктер .... сайтында көрсетілген

Қолда болуы тиіс құжаттар:

Жеке куәлік (Төлқұжат, ықтиярхат, жеке басын куәландыратын өзге құжат), серіктес банктегі "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС-нің шот нөмірі; Қарыз алушының шағын несиесінің келісімшарт нөмірі; Қарыз алушының ЖСН нөмірі.

жеке басын куәландыратын құжатты беру барысында кассирге "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС-нің несиесі бойынша төлем жасалатынын айту қажет.

Қаражат шотқа түскенше міндетті түрде чекті сақтаңыз ... Төлемге байланысты шығынның бәрін қарыз алушы өтейді.

2-тәсіл. Ақшалай қаражатты "КАССА 24" төлем терминалдар желісі арқылы салу.

Несиені төлеу кестесіне сай жоспарлы төлем жасайтын күні кез келген "КАССА 24" төлем терминалы арқылы төлем жасау қажет.

Өзіңізбен болуы тиіс:

Қарыз алушының шағын несиесінің келісімшарт нөмірі.

Чекті міндетті түрде қаражат шотқа түскенше сақтаңыз ... Төлемге байланысты барлық шығынды қарыз алушы өтейді.

3-тәсіл. Ақшасыз аудару немесе ақшалай қаражатты банк бөлімшелері арқылы аудару

"Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" ШНҰ" ЖШС-нің шотын ақшасыз аудару немесе ақшалай қаражатты банк бөлімшелері арқылы аудару барысында келесі жағдайларды есепке алу қажет:

Төлемді ақшасыз аударуды несиені төлеу кестесіне сай жоспарлы төлем жасайтын күннен 3 күн бұрын жүзеге асыру керек; Ақшасыз есеп айырысу кезінде несиені төлеу үшін "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС-нің шотына ақша аударатын банктердің комиссиясы сынды қосымша шығындар пайда болуы мүмкін. Төлем тағайындауға шағын несие келісімшартының нөмірін және қарыз алушының ЖСН-ін көрсету қажет. Төлемге байланысты барлық шығынды қарыз алушы өтейді.

Cookie файлдарының Toyota веб-сайтында пайдаланылуы

Cookie файлдар сайтымызды пайдалануды барынша ыңғайлы ету, үшінші тарап қызметтері мен құралдарын жеткізу, сайтымыздың жұмыс жолын түсіну мен жетілдіру және жарнама үшін пайдаланылады. Осы cookie файлдардың барлығын сақтауға кеңес беріміз, бірақ келіспесеңіз оларды төмендегі cookie файлдар параметрлері опциясында оңай өзгерте аласыз. Толық ақпаратты cookie саясаты тармағынан алуға болады.