Сақтандыру

Сақтандыру

Сақтандыру

Автокөлікті КАСКО бағдарламасы бойынша сақтандыру

Несиеге алынатын автокөлік несиелендіру мерзімінің уақыты толық аяқталғанша "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" МҚҰ" ЖШС-нің серіктесі болып табылатын сақтандыру компаниясының КАСКО бағдарламасы бойынша сақтандырылуы тиіс. КАСКО-ның сақтандыру сыйақысы несие сомасына қосылуы мүмкін.

Өмірді сақтандыру

Өмірді сақтандыру бағдарламасы денсаулықпен байланысты тосын жағдай туындаған кезде несиені қорғаныспен қамтамасыз етеді. Сіз қорғалған несие аласыз, ал Toyota Финанс қарыз алушының оқыс жағдай болғанда төлем жасау қабілетіне сенімді болады. Сақтандыру жағдайы туындағанда компания Сіз алған несиені төлеуді өз мойнына алады.

Автокөлікке несие рәсімдеу барысында өмірді сақтандырудың Toyota Финанс серіктес сақтандыру команиясымен біріге отырып ұсынған екі Өмірді сақтандыру бағдарламасының бірін таңдай аласыз

Бұл қалай жұмыс істейді?

Өмірді сақтандыру бағдарламасын рәсімдеу алдын ала шығындануды талап етпейді – сақтандыру сыйаұысы несие соммасына енгізілген. Бағдарлама шағын несие келісімшартының толық мерзіміне тең сақтандыру арқылы қорғауды ұсынады.

Life Өмірді сақтандыру бағдарламасы

Мынадай ерекшеліктерге ие: 1. Сақтандыру жағдайы ретінде өлім мен 1- және 2-топтағы мүгедектік танылатын қарыз алушының өмірі мен денсаулығын сақтандыру. Сақтандыру жағдайы туындағанда сақтандыру компаниясы төлейтін сақтандыру өтеуінің сомасы несие бойынша борышты өтеуге мүмкіндік береді. Life Өмірді сақтандыру бағдарламасының құны несиенің жылдық құнының 1%-ін құрайды.

Life 24 Өмірді сақтандыру бағдарламасы

Мынадай ерекшеліктерге ие: 1. Сақтандыру жағдайы ретінде өлім мен 1- және 2-топтағы мүгедектік танылатын қарыз алушының өмірі мен денсаулығын сақтандыру. Сақтандыру жағдайы туындағанда сақтандыру компаниясы төлейтін сақтандыру өтеуінің сомасы 2 400 000 теңгені құрайды, бұл несие бойынша борыштың жартылай не толықтай өтеуге мүмкіндік береді. Life 24 Өмірді сақтандыру бағдарламасының құны айына 2 000 теңгені құрайды