1. Fleet
  2. Cost of use
Байланысу

TOYOTA АВТОКӨЛІГІН ИЕЛЕНУДІҢ ЖИЫНТЫҚ ҚҰНЫ

Автокөлік құны дилер орталығындағы бағамен шектелмейтінін білген бе едіңіз? Көлікті сатып алуға, пайдалануға байланысты сатып алу мен сатуға дейінгі шығындардың жиынтық құнын анықтауға мүмкіндік беретін әдіс бар.

Автокөлікті иеленудің жиынтық құнын білу керек. Неге?

Бұл әдіс автокөлікті сатып алуға байланысты нақты шығынды көрсетіп, көлікті пайдаланудағы барлық аспектіні — пайдалану кезіндегі барлық шығынды есепке алады.

Toyota сізге және бизнесіңізге үздік нұсқа. Неге?

Пайдалану мерзімі бойындағы автокөліктің бастапқы құнының төмендеуі — иеленудің жиынтық құнын есептеудегі басым факторлардың бірі. Алайда есте сақтайық — Toyota компаниясы өз өнімінде әрқашан сапаға, тозудан төзімділікке және сенімділігіне басты назар аударады, бұл марка автокөлігінің қалдық құны жоғары болуына айтарлықтай үлес қосады.

Бұған дилер желісінің кең географиясын, қызмет көрсетудің ең жоғары деңгейін және өндіруші кепілдік беретін түпнұсқа құрамдас бөліктерінің бай тізімін қосайық.

Мән-жайын толығырақ өзіңіз тұратын қаладағы ресми дилерден сұратыңыз.