1. Buy a Toyota
  2. Rent a Toyota
Байланысу

RENT A TOYOTA - АВТОКӨЛІКТЕРДІ КҮНДІК ЖАЛДАУ

Бүгін Toyota компаниясының ресми дилерлері Қазақстанның түрлі өңірлерін қамтитын, автокөліктерді күндер бойынша жалға алу мүмкіндігі Rent a Toyota бар жаңа бағдарламасын ұсынады.

Rent a Toyota бағдарламасының негізгі артықшылықтары

Ыңғайлы:


  • Егер сізге бизнес үшін немесе қала бойынша сапарлар үшін седан қажет болса, онда бұл бағдарлама сіз үшін арнайы жасалған.


  • Егер сіз жол сапарының үлкен жанкүйері болсаңыз немесе өздігінен табиғатқа демалуға баруды шешсеңіз немесе қала бойынша саяхаттау үшін сізге кроссовер не жол талғамайтын көлік қажет болса, осы бағдарламаға сеніңіз.


  • Егер сіздің көлігіңіз жоспарлы қызмет көрсетуден немесе жөндеуден өтіп жатса, бұл жаңа қызметті пайдалану және ауыстырылатын көлікті жалға алу үшін тағы бір себеп.

Ыңғайлы әрі тез.

Автокөліктерді кез келген мерзімге — бір күннен бастап бірнеше күнге дейін жалдап алуға болады. Акцияға қатысатын брендтің ресми дилерінің сайтында онлайн-өтінімді тез қалдыру мүмкіндігі де қарастырылған.

Сенімді.

Бағдарлама аясында қолжетімді әр автокөлік сақтандырылған, демек, клиент те күтпеген жағдайда өзін сенімді сезінетін болады.

Сатып алмас бұрын жүргізіп көріңіз

Автокөлік – ең қомақты қаржы салымдарының бірі, сондықтан да клиенттер мұндай сатып алуға өте мұқият қарайды. Rent a Toyota қызметі сатып алу алдында ұзақ тест-драйв жасағысы келетін ойлампаз әрі кінәмшіл сатып алушы үшін өте қолайлы. Көп күндік жалға алудың арқасында – 1 және бірнеше тәулік – жаңа автокөлікті сатып алу алдында дұрыс таңдау жасау оңай болады. Автопаркте ұсынылған модельдің бірін мініп тексеру автокөліктің күнделікті өмір талаптарына қаншалықты сай келетінін және барлық қажеттілікті қалай қанағаттандыратынын түсінуге мүмкіндік береді.

Қажетті құжаттар:

• Жеке куәлік
• Жүргізуші куәлігі

Шарт тек бір рет қана жасалады – бұл ең көбі 30 минут уақытыңызды алады. Кейін оның мерзімін кез келген ыңғайлы уақытта ұзартуға болады.