Қозғалыс еркіндігі – бұл адамның негізгі құқығы



Біз барлық кедергілерді жойып, Баршаға арналған Мобильділікті қамтамасыз ету үшін осындамыз.
Бұл әркім де өз қарым-қабілетін көрсету үшін. Жүргізуді анағұрлым жақсартатын анағұрлым ақылды автокөліктер жасайық. Мүмкіндігі шектеулі жандардың әлем бойынша қозғалуын жеңілдетейік.
Осы ғаламшарды балаларымызға таза күйінде қалдырайық. Тоқсан жыл бұрын Toyota компаниясының бүгінгі күйін болжау мүмкін емес болатын. Егер біз бастамасақ, бұл мүмкін болмас еді.
Start Your Impossible кампаниясының рухының бейнесі де осы.

/

КАЙРАТ КАНАФИН

Биатлоншы.Қайрат Қанафин 1997 жылы өндіріс жарақатын алғаннан кейін 1 топтағы мүгедек болып қалған, 3 жылдан кейін ол спортқа келеді, ал 2007 жылы шаңғы жарысынан ҚР-ның абсолютті чемпионы атанады. Сонымен қатар, Қайрат 2014 жылы Сочиде өткен Паралимпиадалық Ойындарда Қазақстанның намысын қорғап, Ресейде, Финляндияда, Германияда және өткен 5 Әлем кубогына қатысқан.
/

ДЕНИС КУЗИН

Конькиші.Денис Кузин – 1000 метрлік қашықтықтағы 2013 жылдың әлем чемпионы, 2011 жылы өткен 1500 метрлік қашықтықтағы Қысқы Азия ойындарының чемпионы, классикалық көпсайыстан ҚР-ның екі дүркін чемпионы, конькимен жарысу спорты бойынша Қазақстанның он дүркін чемпионы, сонымен қатар 2010 жылы Ванкуверде, 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиадалық Ойындардың қатысушысы.
/
/
/
ШАҢҒЫШЫ Анна Шевченко 2017 жылы Алматыда өткен Универсиада кезінде бес медальға:командалық жарыста алтын мен күміс және жеке сайыстарда үш қолаға қол жеткізді. Сонымен қатар, Анна ҚР чемпионаттары мен FIS кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы және Беларусьте өткен чемпионаттың қола жүлдегері.
/
ШАҢҒЫШЫ Александр Герлиц 2012 жылы алған жарақатының нәтижесінде 3 топ мүгедегі болған, бірақ 2015 жылы ол шаңғы жарысы бойынша ҚР-ның абсолюттік чемпионы атанды және осы атағын әлі де сақтап келеді. Оған қоса, ол Финляндияда өткен Әлем кубогының қатысушысы ретінде 9 -орынды, Германияда өткен Әлем кубогының қатысушысы ретінде 7-орынды иеленген.
/
/
/
/
ФРИСТАЙЛШЫ Жанбота Алдабергенова 2014 Сочиде өткен Олимпиада ойындарында 6-шы орынды иеленді. Сонымен қатар, 2011 жылы ҚР Кубогының жеңімпазы атанды және Еуропа кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жеңімпазы, 2015-2016 жылдары өткен Еуропа Кубоктары маусымдарының абсолютті чемпионы және 2015 жылғы Әлем кубогының күміс жүлдегері атанды.
/
ШАҢҒЫШЫ Жаңыл Балтабаева – туғаннан 2-топтағы мүгедек. Алайда, бұл оның шаңғы жарыстарынан ҚР-ның бірнеше дүркін чемпионы атануына, 2014 жылғы Сочиде өткен Паралимпиадалық ойындарда Қазақстанның намысын қорғауына және Канада, Финляндия, Германия, Жапония және Кореяда өткен 8 әлем кубогына қатысуына кедергі бола алмады.
/
Қарауды ұмытпаңыз

pads

Барлығына арналған мобильділік

pads

Мобильділікке арналған шешім

pads

Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындар

Көбірек біліңіз

Cookie файлдарының Toyota веб-сайтында пайдаланылуы

Cookie файлдар сайтымызды пайдалануды барынша ыңғайлы ету, үшінші тарап қызметтері мен құралдарын жеткізу, сайтымыздың жұмыс жолын түсіну мен жетілдіру және жарнама үшін пайдаланылады. Осы cookie файлдардың барлығын сақтауға кеңес беріміз, бірақ келіспесеңіз оларды төмендегі cookie файлдар параметрлері опциясында оңай өзгерте аласыз. Толық ақпаратты cookie саясаты тармағынан алуға болады.