100% кепілдік
Toyota түпнұсқалық өнімін сатып алушылар тыныш болуы мүмкін, өйткені Toyota-ның барлық түпнұсқа қосалқы бөлшектері мен аксессуарларына Toyota сапа кепілдігінің күші қолданылады. Тағыда...
Toyota жолда қауіпсіздікті қамтамасыз етуді міндеті деп санайды. Сондықтан Toyota түпнұсқалық бөлшектерді үнемі жетілдіріп, жалған өнімге қарсы күресуде. Тек Toyota түпнұсқа бөлшектері Toyota отбасының әрбір автомобиліне толығымен сәйкес келеді және Toyota сатып алушылары одан күтетін жоғары сапаға ие.
Toyota түпнұсқалық өнімін сатып алушылар тыныш болуы мүмкін, өйткені Toyota-ның барлық түпнұсқа қосалқы бөлшектері мен аксессуарларына Toyota сапа кепілдігінің күші қолданылады. Тағыда...
Toyota-ның тауар белгісі тек түпнұсқа өнімге ғана орналастырылып, сіздің үміттеріңізге сәйкес ең жоғары сапа стандарттарын қамтамасыз етеді.
Конструктивтік орындауы бойынша Toyota түпнұсқа өнімі Toyota отбасының әрбір автомобиліне мінсіз сәйкес келеді және сатып алушылардың талаптарына сәйкес сапа мен өнімділіктің жоғары деңгейімен сипатталады.
Тек қатаң тестілеу процедурасынан өткен өнім ғана Сізге, біздің сатып алушыларымызға, жеткізіледі де, Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді және автокөлігіңізге ұзақ қызмет етеді.
Toyota жасанды өніммен күресуге көп көңіл бөледі. Тауар таңбасын заңсыз пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жасанды өнімдерді өндіру және өткізу қылмысты іс болып табылады.
Toyota брендін қорғауға байланысты барлық заңгерлік сұрақтар бойынша Қазақстандағы Toyota компаниясының серіктесі – "Болотов и Партнеры" ЖШС-не хабарласуларыңызды сұраймыз. Компания сайты - http://ru.bolotovip.com/
Toyota-ның түпнұсқалық өнімдері: ауа сүзгісі, тежегіш қалыптары, ілінісу, май сүзгісі, тұтандыру білтесі мен жетекті белдік туралы Қосалқы бөлшектер бетінен толығырақ біліңіз.