Toyota-ның ресми сервисінің құндылықтары

 

Toyota компаниясының жұмыс ітсеудегі негізгі қағидасы – бірінші орында клиент. Ол компания қызметінің барлық түріне қатысты, сондықтан Toyota автокөліктерді аса жоғары сапа стандарттарына сай өндіреді және олардың иелерінің қауіпсіздігі мен жайлылығын ойлайды. "Toyota-ның Ресми сервисі" – компанияның сіз бен сіздің автокөлігіңіздің қамын ойлайтындығының символы.

Біз "Toyota-ның ресми сервисін" Toyota компаниясының Сіз бен Сіздің автокөлігіңіздің қамын ойлайтынын көрсететін бірегей бренд ретінде мақтанышпен таныстырамыз

АШЫҚТЫҚ

Ақпараттың дұрыстығы

Toyota клиенттерге қызмет көрсету уақыты туралы нақты әрі дұрыс ақпаратты береді. Егер қосымша жұмыстар қажет болған немесе жұмысты белгіленген уақытта аяқтау мүмкін болмаған жағдайда, біз бұл жайында клиентке алдын ала хабарлаймыз.
Біз клиенттердің сенімі мен құрметіне екі тәсілмен: дұрыс ақпарат беріп, сапалы қызметпен қамтамасыз ету арқылы ие болуға талпынамыз. Сонымен қатар, біз клиенттердің қажеттіліктерін дұрыс анықтап, компанияның көзқарасы тұрғысынан ұтымды шешімдерді ұсыну үшін оларды мұқият тыңдаймыз.

ҚҰНДЫЛЫҚ

Қажеттіліктерге сай болу

Біз Toyota автокөліктерінің қызмет ету мерзіміне қарамастан, әр клиентке лайықты техникалық қызмет ұсынамыз.

Ұзақ мерзімді құндылық
Клиенттердің инвестициясы нық қорғалған, себебі Toyota автокөлігіне мамандар көресететін қызмет оның жоғарғы қалдық құнын сақтайды.

ЫҢҒАЙЛЫЛЫҚ

Жайлылық

"Клиент бірінші орында" деген қағидаға сүйене отырып, біз кез келген жағдайда клиенттер үшін жайлы жағдай жасаймыз. Біздің түсінігіміздегі жайлылық – бұл өнімдер мен қызметтердің қолжетімділігі, кәсіби және жылы шырайлы қызметкерлер мен Toyota-ның ресми станциясындағы жайлылық.
Біз компанияның стандарттарына сай тиімді техникалық қызмет көрсетеміз. Басты мақсат – автокөлікті Сізге жылдам әрі қауіпсіз қайтару.

САПА

Кепілдендірілген нәтиже

Toyota автокөліктерін оны жасаушылардан артық ешкім білмейді және Toyota автокөліктеріне ешкім Toyota-ның ресми қызмет көрсету орнында жұмыс істейтін және автокөліктерге дұрыс қызмет көрсетуді меңгерген механиктерден сапалы қызмет көрсете алмайды.
Toyota-ның түпнұсқалық қосалқы бөлшектері
Біз Toyota-ның тек нақты автокөлікке арналып жасалатын және сапасы компанияның жоғары стандарттарына сәйкес келетін түпнұсқалық қосалқы бөлшектерін ғана орнатамыз.

Тағы қараңыз

Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus компаниясы Қазақстан мен Қырғызстанның Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Орал және Бішкек сынды қалаларында дилерлік негізінде авторланған сервистік орталықтарды ашу арқылы жоғары сапалы сервистік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етті. Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota ресми дилерлерінің сайттарында клиенттерге үйден шықпай-ақ қалаулы автомобильді сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылды. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Клиент бірінші орында" қағидатын басшылыққа ала отырып, "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы Қызылорда қаласында өкілдіктің жаңа форматын іске қосты, ол клиенттерге шағын қалаларда шынайы қызмет көрсетуді жақындатуға бағытталған. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Өз класындағы үстемдік: қарқынды стиль, ең жоғарғы бедел және қозғалыс жайлылығының жаңа деңгейі.
2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды 2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды Өткен жыл ел аумағында сатылымы күткеннен де жоғары нәтиже көрсеткен Toyota және Lexus маркаларының Қазақстандағы шүбәсіз танымалдығын кезекті рет растады. Көрсеткіштерге сай, брендтер Қырғызстан нарығын да дәл сондай қарқынмен жаулап келеді. Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы кішкентай жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне мән беріп, төменгі сынып оқушыларына жол қозғалысының қауіпсіздігін оқыту бойынша Toyota-ның Kids' Road Safety ("Балалардың жолдағы қауіпсіздігі") әлеуметтік жобасын бастады. Алматыда «Бұл күте тұрады!» атты әлеуметтік эксперимент өтті. Алматыда «Бұл күте тұрады!» атты әлеуметтік эксперимент өтті. Алматы қ. әкімдігі мен «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы, Қазақстан мен Қырғызстандағы Toyota және Lexus брендтерінің ресми дистрибьюторы, «Бұл күте тұрады!» атты автокөлікті жүргізу үстінде ұялы телефонды пайдалану қаупіне арналған шара өткізді. «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Halyk Arena аумағында ағаш отырғызу «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Halyk Arena аумағында ағаш отырғызу Компанияның экологиялық акциялары қоршаған ортаны сақтауға және қалалық климатты сауықтыруға бағытталған.