1. Parts & Accessories
  2. Motor Oil
Байланысу

Қозғалтқыш майының деңгейі мен жағдайын тұрақты түрде тексеру — қозғалтқыштың қызмет ету мерзімін ұзартудың, оның жұмысын жақсартудың және техникалық қызмет көрсету шығындарын азайтудың ең жақсы тәсілі. Біз сізге май деңгейін тұрақты түрде тексеріп, тек Тойотаның ресми дилерлері мен уәкілетті серіктестеріне барып, сервистік қызмет көрсетуден өтуді ұсынамыз.

TOYOTA ТҮПНҰСҚА МАЙЛАРЫ — СІЗДІҢ МІНСІЗ ТАҢДАУЫҢЫЗ, ЕГЕР ДЕ

Сіз автокөлігіңіздің қозғалтқышының мінсіз жұмыс істейтініне сенімді болғыңыз келсе

Сіз шығындарыңызды бақылап отырғыңыз келсе және автокөлік қозғалтқышын кездейсоқ қымбат жөндеу жұмыстарынан сақтап қалғыңыз келсе

НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

  • Пайдалану шарттарына сәйкестік кепілдігі
  • Автокөлікке қызмет көрсету шығындарын азайту
  • Қозғалтқыштың қызмет ету мерзімін ұзарту

Біз синтетикалық майдан минералдық май түрлеріне дейін, жылдың кез келген уақытында және кез келген пайдалану жағдайларына арналған мотор және трансмиссия майларының мол таңдауын ұсынамыз. Сондықтан өз Toyota-ңызға мінсіз сәйкес келетін нәрсені таба аласыз.

Toyota түпнұсқа мотор майын қолданыңыз, сонда сіздің автокөлігіңіз ұзақ жылдар бойы сізді тамаша жүру өнімділігімен, жанармай үнемдеуімен және зиянды шығарындылардың төмен деңгейімен қуантады.