Төтенше Жағдай режимі енгізілуіне байланысты Toyota дилерлік орталықтарының жұмыс режимі
Құрметті Клиенттер,
Toyota брендін таңдап, сенім артқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз.
Toyota ресми дилерлік орталықтарының жұмыс режиміне қатысты кейбір өзгерістер туралы хабарлаймыз.
Елдегі төтенше жағдай жариялануына және 2020 жылғы 26 наурызда күшіне енген түзетулерге байланысты кейбір автосалондардың, сондай-ақ сервистік орталықтардың жұмыс кестесі өзгертілді.
Сондай-ақ, ҚР Президенті төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын шектеу мақсатында меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін 30 наурыздан 30 сәуірге дейін тоқтата тұру туралы шешіміне сәйкес, сондай-ақ осы шешім шеңберінде қабылданған әкімдіктердің жергілікті актілеріне сәйкес Toyota дилерлік және сервистік орталықтарының қызметі мына қалаларда уақытша тоқтатылды: Алматы, Атырау, Орал, Ақсай, Қызылорда, Қарағанды, Өскемен, Ақтау, Шымкент, Ақтөбе, Павлодар.
Орталықтардың қызметін тоқтата тұру мерзімі әкімдіктердің үкімдеріне сәйкес белгіленген. Осы кезеңде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дилерлік және сервистік орталықтар автомобильдерді және қосалқы бөлшектерді сатуды, автомобильдерді жөндеу мен қызмет көрсетуді қоса алғанда, сервистік жұмысты тоқтатады. Дегенмен, дилерлер Онлайн чат немесе телефон арқылы кеңес беруді жалғастырады.
Жоғарыда көрсетілген қалалардағы орталықтардың қызметі тиісті қалалардың әкімдіктерінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарынан ресми рұқсат алған сәттен бастап әдеттегі режимге қайта оралады. Басқа қалалардағы дилерлік орталықтардың жұмыс тәртібі мен қызметі туралы толық ақпарат алу үшін аймағыңыздағы Toyota ресми дилерлерінің біріне хабарласуларыңызды сұраймыз.
Дилерге хабарласу
Сіздерге қолайлы болу үшін байланыс орталығы да жұмыс істейді. Онлайн чат арқылы немесе біздің сайтта алдын ала онлайн өтінім негізінде телефон арқылы өнімдеріміз бен қызметтер бойынша толық кеңес беруге дайын.
Онлайн өтінім беру
Бізге түсіністікпен қарайсыздар деп үміттенеміз және жақын арада дилерлік орталықтарымызда қайта қауышатынымызға сенеміз.