«Toyota жасыл айы» науқаны аясында Halyk Arena аумағында ағаш отырғызу

Компанияның экологиялық акциялары қоршаған ортаны сақтауға және қалалық климатты сауықтыруға бағытталған. Жыл сайынғы науқан аясында «Тойота Мотор Қазақстан» қызметкерлері алматылық Toyota және Lexus дилерлік орталықтарының қызметкерлерімен бірге Halyk Arena спорт кешенінде ағаш отырғызды.

«Toyota жасыл айы» 1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Дүниежүзілік қоршаған орта күнін мерекелеу идеясымен Toyota Motor Corporation ынтымақтастық білдіруінің жаһандық акциясы болды. 1973 жылдан бастап компания әлемдік жұртшылықтың экологиялық іс-шаралардың маңыздылығы туралы хабардар болуын арттырады және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты іс-қимылдарды жүзеге асырады.

/

2017 жылы компания қызметкерлері алматылық Toyota және Lexus дилерлік орталықтарының қызметкерлерімен бірлесе отырып, Медеу шатқалының экожүйесіне шипалы 50 тянь-шань шыршасын егіп, ауқымды сенбілік өткізді. Өткен жылы 80 үйеңкі Шығыс айналма жол бойындағы кесіндіні безендірді. Биыл — қызметкерлер Алматы Halyk Arena спорт кешенінің аумағында 75 қайың отырғызды.

«Toyota 2019 жасыл айы» акциясына 150-ден астам адам қатысты. Туған қалаға және табиғатқа деген махаббат, қоршаған ортаға қамқорлық жасау және үлкен ортақ іске өз үлесін қосуға ниет білдіру — дәл осы әріптестерді экологиялық науқанға қатысуына ынталандырады.

/

Ағаштар — біздің планетамыздың өкпесі. Қайың 150-ге дейін, сирек — 300 жасқа дейін өмір сүреді. Ал шыршаның орташа өмір сүру ұзақтығы — 100-150 жыл. Әрбір осындай ағаш — шырша, қайың, үйеңкі — ауаны тазартуға көмектесіп, қала тұрғындарының денсаулығына оң әсер береді. Оларды отырғыза отырып, Toyota компаниясының қызметкерлері болашақта алматылықтар мен қала қонақтары ағаштардың әдемілігіне рахаттанып, таза ауамен дем алғанын қалайды.

«Тойота Мотор Қазақстан» және Toyota және Lexus алматылық дилерлері кезекті рет әлеуметтік жауапкершілік пен қоршаған ортаны жақсарту үшін ұмтылысты көрсетті. Климатты сауықтыруға өз үлесін қосқыңыз келеді ме? Осы жыл сайынғы акцияға қосылыңыз.

/
/

Сондай-ақ, қараңыз

Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Клиент бірінші орында" қағидатын басшылыққа ала отырып, "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы Қызылорда қаласында өкілдіктің жаңа форматын іске қосты, ол клиенттерге шағын қалаларда шынайы қызмет көрсетуді жақындатуға бағытталған. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Өз класындағы үстемдік: қарқынды стиль, ең жоғарғы бедел және қозғалыс жайлылығының жаңа деңгейі. 2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды 2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды Өткен жыл ел аумағында сатылымы күткеннен де жоғары нәтиже көрсеткен Toyota және Lexus маркаларының Қазақстандағы шүбәсіз танымалдығын кезекті рет растады. Көрсеткіштерге сай, брендтер Қырғызстан нарығын да дәл сондай қарқынмен жаулап келеді. Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы кішкентай жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне мән беріп, төменгі сынып оқушыларына жол қозғалысының қауіпсіздігін оқыту бойынша Toyota-ның Kids' Road Safety ("Балалардың жолдағы қауіпсіздігі") әлеуметтік жобасын бастады.
Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus компаниясы Қазақстан мен Қырғызстанның Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Орал және Бішкек сынды қалаларында дилерлік негізінде авторланған сервистік орталықтарды ашу арқылы жоғары сапалы сервистік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етті.