Toyota-ның қазақстандық дилері Ichiban беделді сыйлығына ие болды

Жыл сайынғы Ichiban сыйлығын Тойота Мотор Еуропа ұйымдастырады және сыйлық бір жыл бойы клиенттер үшін ұсынылатын қызметтердің сапасына және олардың қанағаттануына баса назар аударған ең үздік бренд дилеріне тапсырылады. Жыл сайын Еуропа, Ресей, Қазақстан және Қырғыз Республикасынан шыққан 2500-ден астам дилерлер Ichiban тізімінде болу құрметі үшін жарысады.

Бірақ 45 жеңімпаз қатарына кіру оңай емес. Ол үшін "Клиент бірінші орында" принципін шынайы ұстанып, қызмет көрсетудің жоғары деңгейін үнемі қамтамасыз ету қажет. "Нөмір бір, бірінші" деген мағынаны білдіретін "Ichiban" сөзінің өзі осыған дәлел.

Биылғы жылы сыйлықты тапсыру Францияда Женева көлінің жағасында өтті. Эвиан курорты маусымның алғашқы күндерінде қызмет көрсетудің мықты сапасын көрсетіп, өз қаласында шын мәнінде үздік атанған Toyota дилерлерін қабылдады.

Қазақстан мен Қырғыз Республикасын сатудан кейінгі қызмет көрсету процесінде де, сату барысында да клиенттерге өте жоғары сапалы қызмет көрсетуден зор жетістіктерге жеткен Тойота Сити Астана өкілі таныстырды. Бұл астаналық жас дилер үшін бірінші жеңіс және ол — клиенттерге деген қамқорлықтың жарқын үлгісі.

Салтанатты рәсімде Тойота Мотор Еуропаның президенті және бас директоры — доктор Йохан ван Зил клиент дауысының маңыздылығын және әр клиентке жеке қарым-қатынасты жасаудың қажеттілігін атап өтті: "Клиент әрқашан басты бизнес-шешімдердің ортасында болады. Бүгін осы жерде жиналғандардың барлығы клиенттік қажеттіліктерді қанағаттандыру – біздің қызметіміздің басты аспектісі екенін дәлелдедіңдер...", - деп, осы мәселеге айрықша назар аударды.

/

Кештің құрметті қонағы – оңтүстік африкалық паралимпиадашы және Toyota техникалық маманы Тайрон Пиллэй Эвианаға баруға уақыт тапты. Ол 2020 жылы өтетін Олимпиадаға дайындық ретінде Токиода өтіп жатқан жаттығулары мен Оңтүстік Африкадағы жұмыстары арасындағы үзіліс кезінде келді. Тайрон қысқа, бірақ маңызды мәлімдеме жасады: "Сіз — клиенттерге қызмет көрсету саласындағы Еуропаның алтын жүлдегерлерісіздер. Сіздер ең үздіксіздер... " — - деді ол.

Айта кету керек, Ichiban беделді жүлдесі жыл сайын Әлемнің түрлі елдеріндегі Toyota дилерлік орталықтарында жұмыс істейтін қызметкерлерге өз шеберлігін, кәсібилігін шыңдауға және үздік нәтижелерге ұмтылуға ынталандырады. Сыйлық компания клиенттерінің мүддесіне толық көңіл бөлуге және бірге жаңа шыңдарға жетуге шақырады.

Тойота Мотор Қазақстанның Президенті Кит Мэтью Симмонс, өз кезегінде, келесі мәселелерге тоқталды: "Біз Қазақстан мен Қырғызстандағы клиенттеріміздің Toyota брендін сүйетінін және сенетінін бағалаймыз. Біз үшін клиент әрқашан бірінші орында. Біз Тойота Мотор Корпорэйшннің жаһандық дамуының ажырамас бөлігі болып табылатын осы қағиданы ұстануды тоқтатпаймыз. Біз әрдайым бірінші орында болуға тырысамыз, клиенттерге барынша қолайлы болу үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз.

Сондықтан да біздің іс-әрекетіміз әрқашан олардың қалауы мен қажеттіліктеріне негізделеді. Кайдзен философиясын басшылыққа ала отырып, біз клиенттерімізге дилерлік желі ішінде жүзеге асырылатын ең үздік сервиспен қатар ең жақсы өнімді ұсыну үшін үнемі жетілдіру үстіндеміз. Тойота Сити Астана дилері үлкен жұмыс атқарды және жақсы нәтиже көрсетті. Жеңімпазды құттықтаймын! Бірақ жарыс жалғасуда, ал адал бәсекелестік – күшті және еркін жүйенің ажырамас бөлігі. Ол жетілуге мүмкіндік береді, сондықтан біздің дилерлеріміз жетістікке жеткен жерінде тоқтап қалмайды. Олар дамуды және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды жалғастыруда…

Сондай-ақ, қараңыз

Toyota Retrofit Toyota Retrofit 2020 жылы Toyota компаниясының ресми дилерлері Corolla және RAV4 модельдерінің мультимедиалық жүйелерінің бағдарламалық жасақтамасын ең жаңа нұсқасына жаңарту науқанын бастады. Қазақстанның астанасында үшінші Toyota дилерлік орталығы ашылады Қазақстанның астанасында үшінші Toyota дилерлік орталығы ашылады Нұр-Сұлтан – қарқынды дамып келе жатқан заманауи мегаполис. Қаламен бірге халықтың жаңа автомобильдерге, сапалы сервиске және түпнұсқа қосалқы бөлшектерге қажеттілігі өсіп келеді. «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Атакент аумағында ағаш отырғызу «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Атакент аумағында ағаш отырғызу Компанияның экологиялық акциялары қоршаған ортаны сақтауға және қаланың климатын сауықтыруға бағытталған. Тойота Мотор Қазақстан «Армандағы көлік» шығармашылық байқауын өткізеді. Тойота Мотор Қазақстан «Армандағы көлік» шығармашылық байқауын өткізеді. 2020 жылғы 26 қазаннан бастап 2020 жылғы 30 қарашаға дейін қоса алғандағы кезеңде Тойота Мотор Қазақстан «Армандаған көлік» шығармашылық байқауын өткізеді, онда Қазақстан және Қырғыз Республикасының балалары өздерінің болашақ көлігін қалай көретіндіктерімен бөлісіп, армандаған көліктерінің суретін салады.
Тойота барлық хабарламаларында өзінің жаңа дизайнын таныстыруда Тойота барлық хабарламаларында өзінің жаңа дизайнын таныстыруда Тойота өзінің жаңартылған логотипі мен мәтіні бар жаңа дизайнын Еуропада нарығына ұсынады. Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota ресми дилерлерінің сайттарында клиенттерге үйден шықпай-ақ қалаулы автомобильді сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылды. Су жаңа RAV4 Қазақстанда Су жаңа RAV4 Қазақстанда Қатал да сымбатты бұл көлік RAV4 тарихындағы жаңа кезеңді ашады. Әйгілі кроссовер түбегейлі өзгерді – әлем оны мұндай кейіпте әлі көрген жоқ. Toyota Теңіз кенішінде бірінші сервистік орталығын ашты Toyota Теңіз кенішінде бірінші сервистік орталығын ашты "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы өзінің клиенттеріне жақын болу үшін және Toyota автокөліктерінің барлық иелеріне халықаралық бренд стандарттары бойынша жоғары сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беру мақсатында 11 маусымда Атырау облысында жаңа "Тойота Сервис Теңіз" сервистік орталығын ашты.
Cookie файлдарының Toyota веб-сайтында пайдаланылуы

Cookie файлдар сайтымызды пайдалануды барынша ыңғайлы ету, үшінші тарап қызметтері мен құралдарын жеткізу, сайтымыздың жұмыс жолын түсіну мен жетілдіру және жарнама үшін пайдаланылады. Осы cookie файлдардың барлығын сақтауға кеңес беріміз, бірақ келіспесеңіз оларды төмендегі cookie файлдар параметрлері опциясында оңай өзгерте аласыз. Толық ақпаратты cookie саясаты тармағынан алуға болады.