Toyota мен Lexus дилерлік орталықтар қызметкерлерінің кәсіби шеберлік конкурс мәресі 19 қыркүйекте өтті. Қазақстан мен Қырғызстан мамандар шеберлігін өсіруге ынталандырып, компания осы конкурсты үш жыл қатар өткізуде. Жүлделі орындарға жарыс «Тойота Мотор Қазақстан-ның» оқу орталығында басталды.

Мұндай жарыстарды өткізу жақсы дәстүрге айналды. Жоғары санаттағы кәсіби чемпиондық лауазымға, әр кім өз маман санатында «Ең жақсы» атағына істің нағыз шеберлері бүгін күресуге келді. Үш санаттағы номинациялар қарастырылды: автомеханиктер, кеңесші сатушылар және сату жөніндегі кеңесшілер.

«Тойота Мотор Қазақстан-ның» президенті Кит Симмонс мырза сөре тапаншасынан атып, құттықтау сөзбен конкурстың ашылуын жариялады. Қатысушыларға 18 конкурстық тапсырма орындау керек болды. Автомеханиктер клиенттерге қызмет ету үстінде (автомобильді жөндеу кез) өз кәсібилік шеберлігін көрсетті. Кеңесшілер автомобильді сервистік қызметке алудың шынайы сценарийлерін жетілдіруін ойластырды. Сату жөніндегі кеңесшілер коммуникациялық шеберлік жағынан жарысып, клиенттерге жаңа модельдерді таныстырып өтті.

Тапсырмалар өте тығыз уақыт аясында өтті, ал сот алқасы Toyota, Lexus брендтердің жоғарғы стандарттары сақталуын мұқият қадағалап отырды. Дилер орталықтарының уәкілдері өз дарынын, алғырлығын, айрықша ұстамдылығын көрсетке алған қатысушыларына қолдау жасау үшін жан-жақты аймақтардан келді.

Тоғыз ең үздік конкурсант жеңіс тұғырына шықты. Жүлдегерлер бағалы жүлделермен, ал жеңімпаз дилерлік орталықтары – үш санатты ауыспалы кубокпен марапатталды. Конкурс жеңімпаздары 2020 ж. Токио-ға Toyota Motor Corporation-ның ұлттық конкурс чемпиондары Ассамблеясына қатысады. Олардың есімдері бүкіл дүние жүзінің чемпиондар Құрмет тақтасын көріктендіреді.

Конкурс мәресінің қорытындылары. Автомеханиктер:
1-ші орын – Геннадий Капустин «Тойота Центр Жетысу»
2-ші орын – Герман Гросс «Лексус Алматы»
3-ші орын – Абылай Калкенов «Тойота Центр Астана»
Конкурс мәресінің қорытындылары. Сервистік кеңесшілер:
1-ші орын – Евгений Держевицкий «Лексус Алматы»
2-ші орын – Алексей Сутулов «Тойота Центр Бишкек»
3-ші орын – Суюндик Мадиев «Тойота Центр Астана»
Конкурс мәресінің қорытындылары. Сату жөніндегі кеңесшілер:
1-ші орын – Мария Постырнак «Тойота Центр Павлодар»
2-ші орын – Мирлан Абдрахманов «Тойота Центр Уральск»
3-ші орын – Рустам Аубакиров «Тойота Центр Бишкек»
«Конкурс аяқталды, бірақ шеберлік шыңдарына жол жалғаса береді, клиенттерге деген қамқорлық, олардың сапамен қанағаттанушылығы – «Тойота Мотор Қазақстанның» басты мақсаты. Біз және де дилерлік орталықтардағы мамандар жұмысының барлық қырлары үзіліссіз жақсаруын ынталандырамыз. Осылайша икемдері жетіледі және өз кәсібіне деген мақтанышы өседі», – деді Симмонс мырза.