1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Service centar
Байланысу

ТОЙОТА ҚЫЗЫЛОРДАДА БІРІНШІ СЕРВИС ОРТАЛЫҒЫН АШТЫ

Сондай-ақ, көршілес қалада орналасқан Toyota дилерлік орталығының, яғни Тойота Центр Шымкенттің, "жерсеріктік сату бөлімі" болып табылатын бірінші "автономды" сервис орталығы "Тойота Сервис Кызылорда" ашылуы 24 сәуірде өтті.

Енді жоғары сапалы қызмет көрсетуді бағалайтын қызылордалық автокөлік иелеріне бірнеше жүз шақырымда орналасқан дилерге барудың қажеті жоқ. Бұдан былай олар сервис орталығының қызметтерін пайдалана алады, Toyota ресми дилерлері ұсынатын қызметтің кәсібилігін және баға мен сапаның тиімді арақатынасын бағалай алады.

"Тойота Сервис Кызылорда" орталығының білікті шеберлері өндірушінің талаптарына сәйкес, арнайы жабдықтар мен өзекті техникалық ақпаратты пайдалана отырып, барлық қажетті жұмыстарды орындайды.

Ресми қызмет көрсету орталығында Toyota автокөліктеріне арналған қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды өндірушінің ресми кепілдігімен сатып алуға болады.

"Тойота Сервис Кызылорда" 2S – Service және Spare Parts концепті негізінде, яғни сервистік қызмет көрсету мен қосалқы бөлшектерді сатуды жүзеге асырып, жұмыс істейді. Алайда, клиенттердің қажеттілігін ескере отырып, компания мини-шоурумда жаңа тауар түрлерін көрсетуге және осы жерде автокөліктерге тапсырыс беріп, осы жерден алуға мүмкіндік берді.

Мысалы, егер клиент Қызылорда қаласында тұрып, автокөлік сатып алғысы келсе, онда ол "Тойота Сервис Кызылорда" орталығының қызметін пайдалана алады. Орталық, өз кезегінде, ең жақын ресми дилерлердің бірінен, мысалы, "Тойота Центр Шымкент" автокөлігіне тапсырыс беріп, оны клиентке жеткізеді.

Сондықтан сату жөніндегі менеджер сатып алушылардың барлық сұрақтарына жауап беруге дайын. Бұдан басқа, сервис орталығында ұсынылған модельдердің тест-драйвін өткізуге, Trade-in қызметтерін пайдалануға немесе жүрісі бар автокөлікті сатып алуға болады.

Жаңа автокөлікке тапсырыс беру немесе кеңейтілген функционалы бар дилерлік салондарда ғана емес, сонымен қатар шалғай аймақтардың тұрғындарының ыңғайлылығы үшін енгізілген сервистік орталықтар арқылы сатып алу мүмкіндігі – Еуропалық елдерде мұндай жұмыс форматы қарастырылмаған,бірақ бұл ерекше тәжірибе Қазақстанда арнайы енгізілген.

"Тойота Мотор Қазақстан" өкілдері бұл бастаманың өз клиенттеріне жақын болуға ұмтылғандықтан қолға алынғандығы туралы атап өтті. Toyota ресми дилері жоқ шағын қалаларда тұратын көптеген автокөлік иелері басқа қалаға баруға немесе "гараждар"деп аталатын қызмет көрсету орталықтарына баруға мәжбүр. Осылайша, олар Toyota дилерлері жұмыс пен қосалқы бөлшектерге ресми кепілдік туралы айтпағанның өзінде ұсынатын сервистің жоғары деңгейін алуда шектелген.

Бастама ауқымы кеңейтіледі: осы жылы Toyota сервистік орталықтары Теңіз, Ақсай және Жаңаөзен қалаларында ашылады.

"Тойота Мотор Қазақстан" Президенті Кит Мэтью Симмонс мырза Компанияның шалғай қалаларда өз клиенттеріне ыңғайлы болу үшін барлық қажетті жаңартуларды енгізетінін атап өтті. Сондықтан автокөлік иелеріне бренд стандарттары бойынша қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін шағын қалаларда Toyota сервистік орталықтарының желісін ашу туралы шешім қабылданды.

"Біз Toyota автокөліктерін сатып алу және пайдалану қызметтерінің жайлылығын жоғары деңгейде болуы үшін және жайлы көңіл-күй сыйлау үшін Қазақстанның түрлі қалаларындағы клиенттеріміздің мүмкіндіктерін одан әрі кеңейтетін боламыз", – деді Симмонс мырза.

"Тойота Сервис Кызылорда" тұрғындар үшін ыңғайлы ауданда – Астана даңғылы 105 (Мұстафа Шоқай көшесінің қиылысы) мекен-жайында орналасқан.