Toyota Теңіз кенішінде бірінші сервистік орталығын ашты

"Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы өзінің клиенттеріне жақын болу үшін және Toyota автокөліктерінің барлық иелеріне халықаралық бренд стандарттары бойынша жоғары сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беру мақсатында 11 маусымда Атырау облысында жаңа "Тойота Сервис Теңіз" сервистік орталығын ашты.

Ашылу салтанаты қонақтарының қатарында Жылыой ауданы әкімдігінің және "Теңізшевройл" (ТШО) компаниясының өкілдері, сондай-ақ ТШО жобаларында қызмет көрсететін мердігерлік ұйымдардың қызметкерлері болды.

"Тойота Сервис Теңіз" сервистік орталығы 2S режимінде жұмыс істейтін болады, яғни орталықта автокөліктерге кәсіби сервистік қызмет және жөндеу көрсетіледі, сондай-ақ бірегей қосалқы бөлшектер мен аксессуарларды сатылады. Сервистік станция 5 көтергішке ие, ал станция ауданы 500 шаршы метрден асады. Клиенттер қызмет көрсетуді күткен кезде салқын сусындар, шай немесе кофе ұсынатын клиенттік аймақта жайлы орналасуы мүмкін.

/

Жеке автопарктері бар жергілікті ұйымдар барлық артықшылықтарды және жаңа қызметтердің ыңғайлылығын сезінеді –бұл әсіресе Теңіз кен орнында жұмыс істейтін мұнай өндіруші және сервистік компаниялар қатысты. Сонымен қатар, Құлсары қаласы сияқты жақын елді мекендерде тұратын Toyota автокөліктерінің жеке иелері де орталықтың тұрақты клиенттері болады.

Басты қолайлылық – орталықтың жақын орналасуында. Бүгінгі күнге дейін Toyota-ның ең жақын ресми сервис орталығы Атырау қаласындағы дилерлік орталық болды, ол Теңізден үш жүз шақырым жерде орналасқан. Қызмет көрсетуге бару үшін он сағатқа жуық уақыт қажет болды.

Осылайша, бір автокөлікке қызмет көрсетуге бір жұмыс күні кететін болды. Ал қазір әлемдік стандарттар мен бренд талаптары бойынша жұмыс істейтін "Тойота Сервис Теңіз" жаңа сервис орталығы қолжетімді қашықтықта орналасқан.

/

Сервистік орталықтың жұмысы "клиент бірінші орында" қағидаты бойынша ұйымдастырылады және кен орнындағы жұмыс жағдайына бейімделетін болады. Яғни,"Тойота Сервис Теңіз" күніне 11 сағат, жылына 365 күн қызмет көрсетеді, демалыс және мереке күндері болмайды. Одан әрі қажеттілігіне қарай жұмыс тәртібіне екі ауысым енгізілуі мүмкін.

"Тойота Мотор Қазақстан" Президенті Кит Мэтью Симмонс клиенттерге жақын болу үшін шағын қалаларда Toyota сервистік орталықтары желісін ашудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті.

"Біз клиенттерімізбен кері байланысты үнемі қолдаймыз және олардың тілектерін қарастырамыз. Бүгінгі басты міндеттердің бірі – олар қай жерде болмасын бренд стандарттары бойынша қызмет көрсету сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету. Қазақстанның батыс аймағында Toyota дилерлік орталықтары бар, Теңіз кен орны – сервиске жоғары сұранысы бар маңызды орындардың бірі ", – деді Симмонс мырза.

/

"Тойота Сервис Теңіз" сервис орталығының басшысы Айдос Ерімбетов клиенттерге ерекше қуанышпен көмек көрсететін орталықтың консультанттары мен механиктері жұмысының маңыздылығын атап өтті.

"Қазіргі уақытта "Тойота Сервис Теңіз" орталығы осы кен орнындағы техникалық жарақтандыруы осындай жоғары деңгейдегі бірінші және жалғыз сервистік орталық болып табылатынын атап өткім келеді.

Симмонс мырза атап өткендей, біздің басты міндетіміз клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары деңгейін ұсыну болып табылады және ол үшін біздің орталықта Toyota ережелері мен талаптары бойынша оқудан және дайындықтан өткен білікті сервистік кеңесшілер мен механиктер бар", – деді Ерімбетов мырза.

Сондай-ақ, қараңыз

Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus компаниясы Қазақстан мен Қырғызстанның Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Орал және Бішкек сынды қалаларында дилерлік негізінде авторланған сервистік орталықтарды ашу арқылы жоғары сапалы сервистік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етті.