Алматыда «Бұл күте тұрады!» атты әлеуметтік эксперимент өтті.

Алматы қ. әкімдігі мен «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы, Қазақстан мен Қырғызстандағы Toyota және Lexus брендтерінің ресми дистрибьюторы, «Бұл күте тұрады!» атты автокөлікті жүргізу үстінде ұялы телефонды пайдалану қаупіне арналған шара өткізді. Алматы қ. ӘПБ жергілікті рейдтік іс-шараларды өткізу қорытындысы бойынша автокөлік иелерінің үш күн ішінде жол қозғалысы ережелерін бұзуының ТОП-5 анықтады. Осылайша, ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған кезеңде маневр жасау ережелерінің 401 бұзушылығы тіркелген, оның ішінде 222 оқиға автокөлікті басқару кезінде ұялы телефондарды пайдалануға қатысты. Қалалық автодромда қоғамдық пікір көшбасшыларының арасында тест-драйв өтті, олар автокөлікті басқара отырып, жол кедергілер өту кезінде телефонды пайдаланып көрді.

/

Ернұр Абжахан, Алматы қалалық ұтқырлық Басқармасы бастығының орынбасары: «Біз бірнеше күн ішінде анықтаған құқық бұзушылық көрсеткіштері көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдалану проблемасының аса маңызды және тиісті бағаланбауын көрсетеді. Менің ойымша, бұл қаншалықты өзекті және қауіпті екенін көрсету өте маңызды. Мемлекет басшысының нұсқауы бойынша, Алматы алғашқылардың бірі болып Vision Zero Almaty – қала жолдарындағы нөлдік өлім-жітім жоспарын әзірледі. Біз 1997 жылы Швецияда пайда болған Vision Zero халықаралық жол қауіпсіздігі Тұжырымдамасына қосылдық және 2019 жылдан бастап, оны іске асыруға кірістік.

Жоспарды жүзеге асыру үшін біз әлемдік тәжірибені пайдалануға және серіктес ретінде халықаралық компанияларды тартуға ниеттіміз. Біз «Тойота» сияқты жаһандық компания осы бастаманы қолдағанына, оны маңызды деп санағанына және оны іске асыруға қосылатынына қуаныштымыз».

«Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС президенті Кит Симмонс: «Біздің компания Жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мәселесіне әрдайым белсенді қатысуда. Қазіргі уақытта біздің серіктестерімізбен, дилерлермен бірлесе отырып, біз бастауыш сынып оқушыларын жол қозғалысы ережелеріне оқыту бойынша Toyota Kids' Road Safety («Жолдардағы балалардың қауіпсіздігі») үлкен әлеуметтік жобасын қолға алып, кішкентай жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне баса назар аудардық.

Бұл жобаның ерекшелігі – біз әзірлеген «Супержаяу жүргіншілердің оқиғалары» атты арнайы үстел ойыны болды, балалар ережелерді ойын арқылы оп-оңай меңгеріп алды. Бүгін біз жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған өзге жобаның қатысушылары болдық. Және біз «Бұл күте тұрады!» әлеуметтік экспериментті іске асырудың серіктестері болуға қуаныштымыз.

Автомобиль компаниясы бола отырып, біз барлық автокөлік иелерін өз және басқалардың өміріне жауапкершілік туралы есте сақтауға және рөлдегі ұялы құрылғыларды пайдаланбауға шақырамыз. Әрқашан есте сақтаңыз – “Бұл күте тұрады!”».

/

«Тойота Мотор Қазақстан» ЖШС «Тойота Мотор Еуропа» еншілес компаниясы болып табылады. Компания 2008 жылғы 20 мамырда Алматы қ. құрылды және өз қызметін 2009 жылғы 1 қаңтарда бастады. Компания президентi – Кит Симмонс мырза. Қазіргі уақытта қызметкерлердің жалпы саны 75 адамды құрайды.

Алматы Vision Zero Almaty жолдарындағы нөлдік өлім тұжырымдамасы 2019 жылдың наурызында ұсынылды және алты бөлімнен тұрады:
1. көше және жол ортасының дизайны;
2. жаяу жүргіншілерді қорғау;
3. көлік жүйесін зияткерлік басқару;
4. халықаралық тәжірибені енгізу;
5. қоғамдық көлік;
6. ұйымдастыру шаралары.

/
/

Сондай-ақ, қараңыз

Тоyота: үшінші жылғы кәсіби шеберлік конкурсы Тоyота: үшінші жылғы кәсіби шеберлік конкурсы Toyota мен Lexus дилерлік орталықтар қызметкерлерінің кәсіби шеберлік конкурс мәресі 19 қыркүйекте өтті. Қазақстан мен Қырғызстан мамандар шеберлігін өсіруге ынталандырып, компания осы конкурсты үш жыл қатар өткізуде. Жүлделі орындарға жарыс «Тойота Мотор Қазақстан-ның» оқу орталығында басталды. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Тойота Қызылордада бірінші сервис орталығын ашты. Клиент бірінші орында" қағидатын басшылыққа ала отырып, "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы Қызылорда қаласында өкілдіктің жаңа форматын іске қосты, ол клиенттерге шағын қалаларда шынайы қызмет көрсетуді жақындатуға бағытталған. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Жаңа Toyota Corolla-ға Қазақстанда алдын ала тапсырыс беруге болады. Өз класындағы үстемдік: қарқынды стиль, ең жоғарғы бедел және қозғалыс жайлылығының жаңа деңгейі. 2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды 2018 жылы Toyota және Lexus автокөліктерінің рекордтық мөлшері сатылды Өткен жыл ел аумағында сатылымы күткеннен де жоғары нәтиже көрсеткен Toyota және Lexus маркаларының Қазақстандағы шүбәсіз танымалдығын кезекті рет растады. Көрсеткіштерге сай, брендтер Қырғызстан нарығын да дәл сондай қарқынмен жаулап келеді.
Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты Toyota балалар үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша кампанияны іске қосты "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы кішкентай жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне мән беріп, төменгі сынып оқушыларына жол қозғалысының қауіпсіздігін оқыту бойынша Toyota-ның Kids' Road Safety ("Балалардың жолдағы қауіпсіздігі") әлеуметтік жобасын бастады. Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus компаниясы Қазақстан мен Қырғызстанның Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Орал және Бішкек сынды қалаларында дилерлік негізінде авторланған сервистік орталықтарды ашу арқылы жоғары сапалы сервистік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етті. Салондық сүзгілер Салондық сүзгілер Әр сапарда таза әрі балғын ауамен тыныстаңыз. Тoyota-ның салондық сүзгілері зиянды қоспаларды ұстап қалады да, салонға тек таза, балғын және дем алуға зиянсыз ауаны ғана өткізеді.