Клиентке қарай қадам: Ақсайдағы өкілдіктің жаңа форматы

Компания «клиент бірінші орында» ұстанымына сүйене отырып, Ақсай қаласында өкілдіктің жаңа форматын ашты. Міндеті — Toyota халықаралық стандарттарына сай қызмет көрсету және Қазақстанның шағын қалалары тұрғындарына сатып алуды қолжетімді ету.

Ақсай Тойота Сервисі алғашқы автономдық сервис орталығы әрі көршілес Оралда (Орал Тойота Орталығы) орналасқан дилер орталығының сату бөлімі болды.

Қашық өңірлердегі ең жоғары деңгейлі сервис

Енді Ақсайдың автосүйерлері жүздеген шақырымды еңсеріп, көрші қалаға бармайды — олар өз туған қаласында ресми қызмет алып, орталық мамандарының кәсібилігі мен үздік баға / сапа үйлесімін бағалай алады. Білікті шеберлер Toyota талаптарына сай стандартталған жабдықтарды қолдана отырып, барлық жұмысты орындайды.

Ақсай Тойота Сервисі 2S (Service және Spare Parts) концепті базасында жұмыс істейді. Бұл кешенді қызмет көрсету мен өндірушінің ресми кепілдігімен Toyota автокөліктеріне арналған түпнұсқа қосалқы бөлшектерді сатуды білдіреді. Алайда компания клиенттердің сұранысын есепке ала отырып, шағын шоурумда жаңа өнімдерді паш ету мүмкіндігін жасады. Сервис орталығында ұнатқан автокөлігіңізге тапсырыс беріп, сол орында алуға болады.
Оның тәртібіне тоқталайық — клиент Ақсай БС-да тапсырыс береді, орталық қызметкерлері таңдалған модельді Оралдағы дилерге тапсырыс беріп, Ақсайға алдыртады. Еуропа елдерінде мұндай формат қарастырылмағанын да айта кетейік — сондықтан мұндай жағдай Қазақстанда ғана іске асырылып отыр. Оның арқасында клиенттер жаңа автокөліктерді кеңейтілген функционалы бар ірі дилер орталықтарында ғана емес, жергілікті ресми Toyota СО-дан да ала алады.

Toyota Kazakhstan сервистік географиясының кеңеюі

«Тойота Мотор Қазақстан» өкілдері мұндай бастама клиентерге жақын болуға деген ұмтылыстан туғанын айтады. Шағын елді мекендерде тұратын автокөлік иелері басқа қалаға баруға мәжбүр — олар Toyota жоғары деңгейлі сервисі мен кепілдігін алуда шектеліп отыр. Компания бұл жағдайды жүйелі түрде өзгертіп жатыр. Сервис орталықтары Қызылордада, Теңізде, Ақсайда ашылды. Алдағы уақытта жаңа орталық Жаңаөзенде де ашылады.

/
Toyota-ның әр клиентіне ыңғайлылық

Мысалы, егер клиент Ақсай қаласында тұрып, автокөлік сатып алғысы келсе, ол «Тойота Сервис Аксай-дың» қызметін пайдалана алады, ал «Тойота Сервис Аксай» өз кезегінде ең жақын ресми дилердің біреуіне автокөлікке тапсырыс беріп (дәл осы жағдайда «Тойота Центр Уральск»), және оны клиентке жеткізіп береді. Европа елдерінде жұмыстың мұндай форматы ойластырылмаған – бұл бірегей іс-тәжірибе арнайы Қазақстанда енгізілген. Осылайша клиенттер жаңа автокөлікке тек кеңейтілген функционалы бар дилерлік салондарда ғана емес, алайда жергілікті Toyota сервистік орталықтарында да тапсырыс беруге мүмкіншілік алады. Бұл шалғайдағы өңірлер тұрғындарына ыңғайлы.

«Қазақстан ішінде қызмет ауқымын әлі де кеңейте береміз. Toyota автокөліктерін сатып алып, қолдану жоғары деңгейлі жайлылық, рахат алу, қанағаттану сезімдерімен қатар жүрсе дейміз...», — деп атап өтті компания президенті Кит Мэтью Симмонс.

*Ақсай Тойота Сервисі мекенжайы: Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Өндірістік аймақ 74Н.

/

Қарай отырыңыз

Toyota Ұлттық Олимпиада Комитетіне 8 автокөлік берді Toyota Ұлттық Олимпиада Комитетіне 8 автокөлік берді Toyota қазақстандық құраманы Олимпиада ойындарында және басқа да халықаралық деңгейдегі сайыстарда қолдауға ниетті. 27/11/2017  Жаңа Toyota Land Cruiser Prado 2017-нің драйв сынағы 27/11/2017 Жаңа Toyota Land Cruiser Prado 2017-нің драйв сынағы Қазақстандық танымал тұлғалар Алма-Арасан шатқалындағы off-road тас жолында жаңа Toyota Land Cruiser Prado 2017 автокөлігінің сынақтан өткізді. Excalibur топ-нұсқасындағы Toyota Land Cruiser 200 Excalibur топ-нұсқасындағы Toyota Land Cruiser 200 01/11/2017 1 қарашадан бастап Toyota-ның ресми дилерлеріндеToyota Land Cruiser 200 жол талғамайтын көлігінің Excalibur деп аталатын арнайы үздік нұсқасының сатылымы басталады. Жаңа Toyota Land Cruiser Prado Жаңа Toyota Land Cruiser Prado Жаңа Land Cruiser Prado жаңа, заманауи және тиянақты сырт келбет пен анағұрлым ойластырылған әрі сапалы салонға ие болды.