Toyota Camry S-Edition жаңа арнайы нұсқасында: жақын арада Қазақстанда

Бірегей спорт дизайны бар Toyota Camry S-Edition-нің арнайы нұсқасы Toyota ресми дилерлерінен алдын ала тапсырыс алуға қол жетімді.

Спорттық бейнесі

S-Edition көрінісі стандартты нұсқадан экстерьердегі спорт элементтерімен ерекшеленеді:
• ‘Bi-Tone’ екі түсті шанағы;
• қызыл қондырмалары бар бамперлерге стильді жапсырмалар;
• қара спорттық элементтер;
• 18 дюймдік екі түсті доңғалақ дискілері;
• ‘S-Edition’ арнайы нұсқасының логотипі.

Toyota Camry S-Edition шанағы толық қара немесе ақ және екі түсті орындаудың екі нұсқасында қол жетімді. Екі түсті нұсқада негізгі түс «ақ меруерт» болып табылады, ал автомобильдің тіректері мен шатыры «қара металлик» түске боялған. Қосымша қара түске есіктегі бүйірлік молдингтер, артқы көріністің бүйірлік айналарының корпустары, радиатордың төменгі торы және жүксалғыштың қақпағындағы аэродинамикалық спойлер боялған.

Қызыл акценттері бар алдыңғы және артқы бамперге арнайы жапсырмалар спорт түрін береді, ал артқы фонарьларды қара жиектеумен бірге толық жарықдиодты алдыңғы және артқы оптика динамикалық бейнені аяқтайды. Тағы бір ерекшелігі - 18-дюймдік екі түсті құймалы дөңгелекті дискілердің арнайы дизайны және қақпағында ‘S-Edition’ логотипі бар.

Темпераментке назар аудара отырған интерьер

Автомобиль салонындағы арнайы қондырмалар мен орындықтардағы қызыл реңкті тігіс S-Edition-нің спорттық сипатын көрсетеді. Сондай-ақ, мұндай тігіс алдыңғы шынтақ асты орнын, орталық және есік панельдерін жиектейді. Осы элементтердің арқасында автокөліктің қарқынды сипаты мен темпераменті екі есе сезіледі.

S-Edition – жарқын көшбасшылардың таңдауы

S-Edition-нің жаңа нұсқасы даусыз көшбасшыға бірегей батыл стиль қосады, ол иесіне өзінің даралығын атап, ағында ерекшеленуге мүмкіндік береді Модельдің арнайы нұсқасы, әсіресе іскерлік сапарларда көп жүретін, сонымен қатар белсенді спорт түрімен айналысатын, яғни, динамикалық өмір салтына сай келетін автокөліктерді таңдайтындардың талғамына сай келеді.
S-Edition нұсқасындағы модель қазақстандық нарықта танымал болған 2,5 литр қозғалтқышпен жабдықталған.
Camry S-Edition арнайы нұсқаның құны 13 570 000 теңгені құрайды. Тапсырыстарды қабылдау 11 ақпаннан Toyota ресми дилерлерінде басталады.