Тойота Мотор Қазақстан «Армандағы көлік» шығармашылық байқауын өткізеді.

2020 жылғы 26 қазаннан бастап 2020 жылғы 20 желтоқсанға дейін қоса алғандағы кезеңде Тойота Мотор Қазақстан «Армандаған көлік» шығармашылық байқауын өткізеді, онда Қазақстан және Қырғыз Республикасының балалары өздерінің болашақ көлігін қалай көретіндіктерімен бөлісіп, армандаған көліктерінің суретін салады. Барлық ұлы жаңалықтар бұйығы идеядан туады. Toyota компаниясы іс-шара ұлы өнертапқыштардың, ойшыл және арманшыл жандардың жаңа буынының шығармашылық әлеуетін дамытуға көмектеседі деп үміттенеді.

Байқау екі кезеңнен тұрады: ұлттық және әлемдік. Ұлттық байқау да екі кезеңді қамтиды:
1. 2020 жылғы 26 қазаннан бастап 2020 жылғы 20 желтоқсанға дейін қоса алғандағы аралықта жұмыстарды қабылдау.
2. 2021 жылғы қаңтар айының соңында жұмыстарды бағалау және нәтижелерін жариялау
*Нәтижелер www.toyota.kz және www.toyotadreamcar.kz ресми сайтында жарияланады.

Ұлттық байқаудың жеңімпаздары өз елдерінің өкілдері ретінде Жапонияда өтетін әлемдік байқау кезеңіне қатысады.

2004 жылдан бастап компанияның қоғамды дамытуға бағытталған бастамалары аясында Toyota «Армандаған көлік» шығармашылық байқауы өткізіліп келеді. Тек 2019 жылдың өзінде 86 ел мен аймақтан 950 000-ға жуық өтінім келіп түсті.

[Ұлттық конкурс туралы ақпарат]

Өтінімдерді беру мерзімдері

2020 жылғы 26 қазаннан бастап 2020 жылғы 20 желтоқсанға дейін қоса алғанда

Қазақстан мен Қырғыз Республикасында тұратын 15 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балалар

Қатысушыларға қойылатын талаптар Қазақстан мен Қырғызстанда тұратын 15 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балалар

Жұмыстар мына жас санаттары бойынша қабылданады:

(1) 1-санат: 8 жасқа дейін (7 жас және одан кіші)

(2) 2-санат: 8 жастан 11 жасқа дейін

(3) 3-санат: 12 жастан 15 жасқа дейін қоса алғанда

Суреттерге қойылатын талаптар

Ұсынылатын пішімі — А3

* Қалыңдығы 5 мм-ден асатын шығармашылық жұмыстар жарамсыз деп табылады

Сурет салуға арналған материалдар: кез келген

* Кез келген материалдарды — түрлі-түсті қарындаштарды, фломастерлерді, борларды, бояуларды қолдануға болады

* Нәтижесінде алынатын жұмыс тегіс, ұқыпты болып қалса және ерекше ұстауды қажет етпесе, коллаж немесе аппликация жасауға рұқсат етіледі

Келесi жұмыстар қабылданбайды:

* Компьютердің немесе басқа да электронды құрылғылардың көмегімен жасалған жұмыстар

* Бірнеше қатысушы бірлесіп орындаған жұмыстар

* Байқау қатысушысы болып табылмайтын басқа адам жасаған жұмыстар

* «Армандағы көлік» алдыңғы байқауға қатысқан суреттер, белгілі туындылар немесе сауда маркасы белгісімен таңбаланған жұмыстар

* Байқаудың бұрынғы қатысушыларының жұмыстарын көшірмелеуге тыйым салынады

 

Өтінім нысаны

Өтінім нысаны Міндетті түрде www.toyotadreamcar.kz сайтындағы өтінім нысанын жүктеп алып, барлық тармақтарын толтыру және суретпен бірге жақын маңдағы дилерлік орталыққа жіберу қажет

Жұмыстардың үлгілерімен танысуға болатын Toyota ресми веб-сайты: https://www.toyota-dreamcarart.com

Сондай-ақ, қараңыз

Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota ресми дилерлерінің сайттарында клиенттерге үйден шықпай-ақ қалаулы автомобильді сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылды. Су жаңа RAV4 Қазақстанда Су жаңа RAV4 Қазақстанда Қатал да сымбатты бұл көлік RAV4 тарихындағы жаңа кезеңді ашады. Әйгілі кроссовер түбегейлі өзгерді – әлем оны мұндай кейіпте әлі көрген жоқ. Toyota-ның қазақстандық дилері Ichiban беделді сыйлығына ие болды Toyota-ның қазақстандық дилері Ichiban беделді сыйлығына ие болды Жыл сайынғы Ichiban сыйлығын Тойота Мотор Еуропа ұйымдастырды. Сыйлық бір жыл бойы клиенттер үшін ұсынылатын қызметтердің сапасына және олардың қанағаттануына баса назар аударған ең үздік бренд дилеріне тапсырылады. Toyota Теңіз кенішінде бірінші сервистік орталығын ашты Toyota Теңіз кенішінде бірінші сервистік орталығын ашты "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы өзінің клиенттеріне жақын болу үшін және Toyota автокөліктерінің барлық иелеріне халықаралық бренд стандарттары бойынша жоғары сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беру мақсатында 11 маусымда Атырау облысында жаңа "Тойота Сервис Теңіз" сервистік орталығын ашты.
Cookie файлдарының Toyota веб-сайтында пайдаланылуы

Cookie файлдар сайтымызды пайдалануды барынша ыңғайлы ету, үшінші тарап қызметтері мен құралдарын жеткізу, сайтымыздың жұмыс жолын түсіну мен жетілдіру және жарнама үшін пайдаланылады. Осы cookie файлдардың барлығын сақтауға кеңес беріміз, бірақ келіспесеңіз оларды төмендегі cookie файлдар параметрлері опциясында оңай өзгерте аласыз. Толық ақпаратты cookie саясаты тармағынан алуға болады.