Қазақстанның астанасында үшінші Toyota дилерлік орталығы ашылады

Астананың жүрегінен – әркімнің жүрегіне...
Нұр-Сұлтан – қарқынды дамып келе жатқан заманауи мегаполис. Қаламен бірге халықтың жаңа автомобильдерге, сапалы сервиске және түпнұсқа қосалқы бөлшектерге қажеттілігі өсіп келеді. Дәл осы себепті осында Есіл атты үшінші Toyota ресми дилерлік орталығын ашу туралы шешім қабылданды.

Есіл атты жаңа Тойота орталығы Toyota компаниясының жоғары әлемдік стандарттарына сәйкес салынған және Алматыда (Жетісу Тойота орталығы, Лексус орталығы), Атырауда (Атырау Тойота Орталығы), ал енді Нұр-Сұлтанда да дилерлік орталықтары бар Toyota Tsusho Kazakhstan Auto тобының құрамына кіреді.
Компания үш S тұжырымдамасындағы мол тәжірибесімен 21 жыл бойы табысты қызмет атқаруда.
- жеке автосалон (Showroom);
- заманауи сервистік станцияның (Service Shop) болуы
- қосалқы бөлшектер қоймасының (Spare Parts Shop) болуы.

/

Есіл Тойота орталығы туралы сандармен берілген ақпарат:
- 3728 м2 – жаңа автоорталықтың жалпы ауданы
- 978 м2 – клиенттер жайлы және қауіпсіз жағдайларда Toyota желісінен кез келген автомобильді таңдай алатын шоу-рум үшін бөлінген аудан.
- 760 м2 – клиенттерге Toyota компаниясының әлемдік стандарттарына сәйкес жылдам әрі білікті сервис ұсынылатын 10 посты бар сервис аймағына бөлінген аудан.

Жаңа автоорталықтың әр шаршы метрі жапондық қонақжайлылық философиясы және «ерекше» қызмет көрсету мақсатындағы «рухани көңіл-күй» тәжірибесі болып табылатын Омотэнаши философиясымен қаныққан.

/

Тойота Мотор Қазақстан президенті, Кит Симмонс:
«Біз клиенттеріміздің ыңғайлылығы туралы үнемі ойлаймыз, Toyota автомобильдеріне деген жылдам өсіп келе жатқан сұранысқа жедел жауап бере отырып, оларға жақын болуға тырысамыз.
Астана тұрғындары мен қонақтары жаңа дилерлік орталықты: қолайлы орналасуын, жаңашыл архитектуралық шешімдерін, ең озық жабдықтарын және кәсіби қызметкерлердің қамқорлығын лайықты бағалайтынына сенімдімін. Мұнда клиенттерге Toyota қызметтерінің барлық спектрі ұсынылады».

Есіл орталығының қызметтері:
- Автомобиль сатып алу. Соның ішінде Toyota Финанс ұсынатын бағдарламалардың кең спектрінің арқасында кредитке сатып алу/лизинг;
- Кез келген жағдайда максималды жайлылықпен сенімді қаржылық қорғауды қамтамасыз ететін, Toyota автомобильдерінің иелері үшін арнайы әзірленген Toyota Сақтандыру бағдарламалары бойынша автомобильді тиімді сақтандыру;
- Барлық мерзімді ТҚК;
- Шанақты жөндеу;
- Маусымдық сервис;
- Компьютерлік диагностика;
- Күрделі жөндеулерді қоса алғанда, жүріс бөлігін жөндеу;
- Тораптар мен агрегаттарды жөндеу;
- Түпнұсқа қосалқы бөлшектерді сату;
- Түпнұсқа керек-жарақтарды сату және тағы басқасы.
Шанақ цехы Toyota компаниясының жаңа стандарттарына сәйкес жабдықтармен жабдықталған, сондай-ақ автомобильдерді тікелей қабылдау бар.

/

Toyota Tsusho Kazakhstan Auto бас директоры Н.М. Леонтьев мырза:
«Симмонс мырза атап өткендей, біз үшін клиенттерге жақын болу маңызды. Біз автомобиль сатып алуды және кешенді қызметті алуды мүмкіндігінше ыңғайлы етуге тырысамыз. Бізде клиент қаржылық және сақтандыру қызметтерінің барлық түрлерін ала алады. Біз астана тұрғындарына жоғары деңгейде қызмет көрсетіп, оларды қонақжайлылығымызбен таң қалдырамыз.

Есіл Toyota дилерлік орталығының директоры А.И. Рыбаков мырза:
«Бізде Қазақстан нарығына ресми түрде жеткізілетін Toyota автомобильдерінің барлық модельдік қатары ұсынылады. Бұл Toyota Corolla, Camry седандары, RAV4, Highlander кроссоверлері мен Land Cruiser Prado, Land Cruiser 200 жол талғамайтын көліктері, Hilux пикабы және Hiace микроавтобусы.
Салонда сатып алынатын барлық жаңа автомобильдерге 3 жыл немесе 100 мың км жүрілген жол (қайсысы бұрын орын алатынына байланысты) кепілдігі беріледі. Біз сатылатын автомобильдерді барлық шығын материалдарымен және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етеміз. Toyota маркасының барлық автомобильдері Toyota ДНҚ-сын – сенімділікті, сапаны және беріктікті бейнелейді. Олар, сондай-ақ жоғары қалдық құнымен танымал. Шын мәнінде, Toyota автомобилін сатып алу – бұл болашаққа салынған инвестиция. Біз сіздерге Есіл Тойота жаңа дилерлік орталығының есігін ашуға қуаныштымыз, онда сіз армандаған автомобильді сатып алып қана қоймай, Тойота отбасының мүшесіне айнала аласыз».

/

Сондай-ақ, қараңыз

Toyota Retrofit Toyota Retrofit 2020 жылы Toyota компаниясының ресми дилерлері Corolla және RAV4 модельдерінің мультимедиалық жүйелерінің бағдарламалық жасақтамасын ең жаңа нұсқасына жаңарту науқанын бастады. «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Атакент аумағында ағаш отырғызу «Toyota жасыл айы» науқаны аясында Атакент аумағында ағаш отырғызу Компанияның экологиялық акциялары қоршаған ортаны сақтауға және қаланың климатын сауықтыруға бағытталған. Тойота Мотор Қазақстан «Армандағы көлік» шығармашылық байқауын өткізеді. Тойота Мотор Қазақстан «Армандағы көлік» шығармашылық байқауын өткізеді. 2020 жылғы 26 қазаннан бастап 2020 жылғы 30 қарашаға дейін қоса алғандағы кезеңде Тойота Мотор Қазақстан «Армандаған көлік» шығармашылық байқауын өткізеді, онда Қазақстан және Қырғыз Республикасының балалары өздерінің болашақ көлігін қалай көретіндіктерімен бөлісіп, армандаған көліктерінің суретін салады. Тойота барлық хабарламаларында өзінің жаңа дизайнын таныстыруда Тойота барлық хабарламаларында өзінің жаңа дизайнын таныстыруда Тойота өзінің жаңартылған логотипі мен мәтіні бар жаңа дизайнын Еуропада нарығына ұсынады.
Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota ресми дилерлерінің сайттарында клиенттерге үйден шықпай-ақ қалаулы автомобильді сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылды. Су жаңа RAV4 Қазақстанда Су жаңа RAV4 Қазақстанда Қатал да сымбатты бұл көлік RAV4 тарихындағы жаңа кезеңді ашады. Әйгілі кроссовер түбегейлі өзгерді – әлем оны мұндай кейіпте әлі көрген жоқ. Toyota-ның қазақстандық дилері Ichiban беделді сыйлығына ие болды Toyota-ның қазақстандық дилері Ichiban беделді сыйлығына ие болды Жыл сайынғы Ichiban сыйлығын Тойота Мотор Еуропа ұйымдастырды. Сыйлық бір жыл бойы клиенттер үшін ұсынылатын қызметтердің сапасына және олардың қанағаттануына баса назар аударған ең үздік бренд дилеріне тапсырылады. Toyota Теңіз кенішінде бірінші сервистік орталығын ашты Toyota Теңіз кенішінде бірінші сервистік орталығын ашты "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы өзінің клиенттеріне жақын болу үшін және Toyota автокөліктерінің барлық иелеріне халықаралық бренд стандарттары бойынша жоғары сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беру мақсатында 11 маусымда Атырау облысында жаңа "Тойота Сервис Теңіз" сервистік орталығын ашты.
Cookie файлдарының Toyota веб-сайтында пайдаланылуы

Cookie файлдар сайтымызды пайдалануды барынша ыңғайлы ету, үшінші тарап қызметтері мен құралдарын жеткізу, сайтымыздың жұмыс жолын түсіну мен жетілдіру және жарнама үшін пайдаланылады. Осы cookie файлдардың барлығын сақтауға кеңес беріміз, бірақ келіспесеңіз оларды төмендегі cookie файлдар параметрлері опциясында оңай өзгерте аласыз. Толық ақпаратты cookie саясаты тармағынан алуға болады.