«Toyota жасыл айы» науқаны аясында Атакент аумағында ағаш отырғызу

Компанияның экологиялық акциялары қоршаған ортаны сақтауға және қаланың климатын сауықтыруға бағытталған. Жыл сайынғы науқан аясында «Тойота Мотор Қазақстан» қызметкерлері алматылық Toyota және Lexus дилерлік орталықтарының қызметкерлерімен бірге Атакент аумағына ағаш отырғызды.
Toyota компаниясы қоршаған ортаны әлемдік деңгейде қорғау саласындағы саясатты әлемдегі алғашқылардың бірі болып қабылдады және жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласында іс-шаралар өткізіп тұрады. Осындай іс-шаралардың бірі — жыл сайынғы «Toyota жасыл айы» акциясы.

«Toyota жасыл айы» 1972 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы жариялаған Дүниежүзілік қоршаған орта күнін мерекелеу идеясына Toyota Motor Corporation корпорациясының ынтымақтастық білдіруінің жаһандық акциясы болды. 1973 жылдан бастап компания әлемдік жұртшылықтың экологиялық іс-шаралардың маңыздылығы туралы хабардар болу деңгейін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған нақты іс-қимылдарды жүзеге асырып келеді.

/

Биыл компания қызметкерлері алматылық Toyota және Lexus дилерлік орталықтарының қызметкерлерімен бірге Атакент аумағына 30 үйеңкі отырғызды. 2018 жылы 80 үйеңкі Шығыс айналма жол бойындағы кесіндіні безендірді. Өткен жылы қызметкерлер Алматыдағы Halyk Arena спорт кешенінің аумағына 75 қайың отырғызды.

Алматыда өткен «Toyota 2020 жасыл айы» акциясына 30 адам қатысты, олар тапсырмаға мұқият әрі үлкен жауапкершілікпен қарады. Қазақстан мен Қырғыз Республикасындағы дилерлік орталықтар өз «Toyota жасыл айын» сенбіліктермен және ағаш отырғызумен өткізді. Туған қалаға және табиғатқа деген сүйіспеншілік, қоршаған ортаға қамқорлық және үлкен ортақ іске өз үлесін қосуға деген ұмтылыс әріптестерді осы экологиялық науқанға қатысуға ынталандырады.

/

Ағаштар — планетамыздың өкпесі. Ағаштар 150 жасқа дейін, сирек жағдайда 300 жасқа дейін өмір сүреді. Ал ағаштардың орташа өмір сүру ұзақтығы — 60–150 жыл. Әрбір осындай ағаш — шырша, қайың, үйеңкі — ауаны тазартуға көмектесіп, қала тұрғындарының денсаулығына оң әсерін тигізеді. Оларды отырғызу арқылы Toyota компаниясының қызметкерлері болашақта алматылықтар мен қала қонақтарының әдемі ағаштарға сүйсіне қарап, таза ауамен тыныстағанын қалайды.

«Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы мен алматылық Toyota және Lexus дилерлері әлеуметтік жауапкершілігі мен қоршаған ортаны жақсартуға деген ұмтылысын тағы бір рет көрсете білді. Toyota компаниясы табиғатты аялау және оны келешек ұрпақтар үшін сақтау өз міндеттемесі деп есептейді. Климатты сауықтыруға өз үлесіңізді қосқыңыз келе ме? Осы жыл сайынғы акцияға қосылыңыз.

/

Сондай-ақ, қараңыз

Toyota Retrofit Toyota Retrofit 2020 жылы Toyota компаниясының ресми дилерлері Corolla және RAV4 модельдерінің мультимедиалық жүйелерінің бағдарламалық жасақтамасын ең жаңа нұсқасына жаңарту науқанын бастады. Қазақстанның астанасында үшінші Toyota дилерлік орталығы ашылады Қазақстанның астанасында үшінші Toyota дилерлік орталығы ашылады Нұр-Сұлтан – қарқынды дамып келе жатқан заманауи мегаполис. Қаламен бірге халықтың жаңа автомобильдерге, сапалы сервиске және түпнұсқа қосалқы бөлшектерге қажеттілігі өсіп келеді. Тойота Мотор Қазақстан «Армандағы көлік» шығармашылық байқауын өткізеді. Тойота Мотор Қазақстан «Армандағы көлік» шығармашылық байқауын өткізеді. 2020 жылғы 26 қазаннан бастап 2020 жылғы 30 қарашаға дейін қоса алғандағы кезеңде Тойота Мотор Қазақстан «Армандаған көлік» шығармашылық байқауын өткізеді, онда Қазақстан және Қырғыз Республикасының балалары өздерінің болашақ көлігін қалай көретіндіктерімен бөлісіп, армандаған көліктерінің суретін салады. Тойота барлық хабарламаларында өзінің жаңа дизайнын таныстыруда Тойота барлық хабарламаларында өзінің жаңа дизайнын таныстыруда Тойота өзінің жаңартылған логотипі мен мәтіні бар жаңа дизайнын Еуропада нарығына ұсынады.
Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota ресми дилерлерінің сайттарында клиенттерге үйден шықпай-ақ қалаулы автомобильді сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылды. Су жаңа RAV4 Қазақстанда Су жаңа RAV4 Қазақстанда Қатал да сымбатты бұл көлік RAV4 тарихындағы жаңа кезеңді ашады. Әйгілі кроссовер түбегейлі өзгерді – әлем оны мұндай кейіпте әлі көрген жоқ. Toyota-ның қазақстандық дилері Ichiban беделді сыйлығына ие болды Toyota-ның қазақстандық дилері Ichiban беделді сыйлығына ие болды Жыл сайынғы Ichiban сыйлығын Тойота Мотор Еуропа ұйымдастырды. Сыйлық бір жыл бойы клиенттер үшін ұсынылатын қызметтердің сапасына және олардың қанағаттануына баса назар аударған ең үздік бренд дилеріне тапсырылады. Toyota Теңіз кенішінде бірінші сервистік орталығын ашты Toyota Теңіз кенішінде бірінші сервистік орталығын ашты "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы өзінің клиенттеріне жақын болу үшін және Toyota автокөліктерінің барлық иелеріне халықаралық бренд стандарттары бойынша жоғары сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беру мақсатында 11 маусымда Атырау облысында жаңа "Тойота Сервис Теңіз" сервистік орталығын ашты.
Cookie файлдарының Toyota веб-сайтында пайдаланылуы

Cookie файлдар сайтымызды пайдалануды барынша ыңғайлы ету, үшінші тарап қызметтері мен құралдарын жеткізу, сайтымыздың жұмыс жолын түсіну мен жетілдіру және жарнама үшін пайдаланылады. Осы cookie файлдардың барлығын сақтауға кеңес беріміз, бірақ келіспесеңіз оларды төмендегі cookie файлдар параметрлері опциясында оңай өзгерте аласыз. Толық ақпаратты cookie саясаты тармағынан алуға болады.