Cу жаңа Highlander

• Төртінші буынды су жаңа Toyota Highlander Қазақстанда 2020 жылғы маусым айының бірінші жартысында ұсынылатын болады.
• Автокөліктің жаңа буынында инженерлер мінсіз жеті орынды толық өлшемді кроссоверді жасай алды.
• Жаһандық TNGA архитектурасына көшу көлік жүргізу ыңғайлылы мен басқарылымдықтан бастап қауіпсіздік пен шуды оқшаулауға дейін барлық негізгі сипаттамаларды жақсартуға мүмкіндік берді.
• Жаңа Highlander-дің сыртауқымдары ұлғайып, қаталдық пен әсемдікті тиімді үйлестіретін жаңа көрініс тапты.
• Toyota RAV4-тен кейін жаңа Highlander артқы осьте екі электрмагнитті муфтасы бар Dynamic Torque Vectoring AWD инновациялық толық жетек жүйесімен, сонымен қатар Multi Terrain Select қозғалу режимдерін таңдау жүйесімен жабдықталады.
• Автокөлік жабдықтары жарықдиодты алдыңғы және артқы оптика, электржетекті панорамалық төбе, Apple CarPlay және Android Auto қолдайтын мультимедиялық жүйе, 11 динамикті JBL аудиожүйесі, проекциялық дисплей, «Қысқы жайлылық» толық пакеті және т.б. қоса алғанда көптеген заманауи және технологиялық опциялармен толықтырылды.
• Тәуелсіз сынақтардың нәтижелері бойынша қауіпсіз автокөліктердің бірі ретінде танылған Toyota Highlander-дің белсенді қауіпсіздігіне жаңа буында Toyota Safety Sense жауап береді.
• Қазақстанда сегмент үшін бірегей атмосфералық V6 қозғалтқышы және тиімді сегіз сатылы автоматтық трансмиссиясы бар толық өлшемді кроссовер қолжетімді болады.

Төртінші буынды су жаңа Toyota Highlander Қазақстанда 2020 жылғы маусым айының бірінші жартысында пайда болады.

/

Толық өлшемді кроссовердің жаңа буыны жаһандық TNGA архитектурасының артықшылықтарын керемет дизайнмен, жайлылықтың жоғарғы деңгейімен, сыйымды жеті орынды салонмен, жүргізуші мен барлық жолаушыларға арналған ымырасыз қауіпсіздік деңгейімен және аңызға айналған Toyota сенімділігімен үйлестіреді. Мұның барлығы бай жабдықтармен, жүргізушілерге көмек көрсету жүйелерімен және инновациялық толық жетекпен қатар жаңа Highlander-ді күнделікті қолдануға да, ұзақ сапарларға да қолайлы болатын кең және жайлы отбасылық кроссовер ретінде таңдауға көмектеседі.

Жаңа жаһандық TNGA архитектурасына көшу басқарылымдық пен маневрлілікті жақсартып, жүріс жайлылығын арттырып, автокөлікті жолаушыларға одан әрі ыңғайлы етіп, кроссовердің барлық сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік берді.

TNGA архитектурасының арқасында жаңа Toyota Highlander-дің сыртауқымдары ұлғайып, қатал әрі талғампаз жаңа дизайнға ие болды. Радиатор торының екі деңгейлі трапециясы, қалың аркалар және алға шығып тұратын капоттың орталық бөлігі жаңа Highlander-ге әсерлі сыртқы көрініс береді Негізгі жарықтың жарықдиодты фараларының талғампаз формасы танымал стиль, ал қара түске боялған тіректер арқасында ауада сөзбе-сөз «қалқитын» артқа жылжытылған төбе сызығы пішінге динамикалық көрініс береді. Кроссовердің әсерлі көрінісі 20 дюймдік үлкен дөңгелектермен, шанақтың ауқымды бүйірлерімен және алдыңғы бампердің пішіні іспеттес дизайнерлік тақырыпты жалғастыратын артқы сәндік жапсырмамен толықтырылады.

Автокөліктегі дөңгелек базасын 60 мм арттыру, сонымен бірге шанақ биіктігін 40 мм азайту және рульдің электр күшейткішін руль төрткілдешіне ауыстыру жолаушыларға арналған орынды ұлғайтуға, ауырлық центрін азайтуға, автокөліктің жүріс сипаттамаларын жақсартуға және ыңғайлылық пен басқарылымдық арасындағы мінсіз тепе-теңдікке қол жеткізуге мүмкіндік берді. Аспаның жаңа баптаулары автокөлік жолаушыларын жол жабынының кемшіліктерінен оңтайлы түрде оқшаулайды, ал едәуір жақсартылған аэродинамика мен жоғары класты шуды оқшаулау жолдағы сапарды мүмкіндігінше ыңғайлы етеді.

/

Toyota RAV4-тен кейін толық өлшемді Toyota Highlander кроссоверінің жаңа буыны сегмент үшін бірегей Dynamic Torque Vectoring AWD толық жетек жүйесімен жабдықталады. Инновациялық жүйе маневрлілік пен басқарылымдықтың айтарлықтай жақсаруын қамтамасыз ете отырып және артқы дөңгелекаралық дифференциалдың блокталуын имитациялап, артқы осьтегі дөңгелектер арасындағы айналу сәтін тиімді бөлуге мүмкіндік береді. AIM белсенді басқару жүйесімен бірге жұмыс жасай отырып, төрт жетек қолайсыз ауа райы жағдайларында қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, ал Multi Terrain Select жүргізу режимдерін таңдау жүйесі жолсыз жерде жаңа Highlander-дің мүмкіндіктерін одан әрі кеңейтеді.

/

Төртінші буынды Toyota Highlander — ең қауіпсіз автокөліктердің бірі, бұл бірден үш тәуелсіз ұйымның – Солтүстік Американың NHTSA және IIHF, сондай-ақ Австралияның ANCAP сынақтарының нәтижелері бойынша ең жоғары бағамен расталды. Толық өлшемді кроссовер Toyota Safety System белсенді қауіпсіздік жиынтығымен жабдықталған, ол алдыңғы соққы қаупі туралы жетілдірілген ескерту жүйесінің, жоғары жайлылық деңгейін сақтай отырып жүрісті тіпті толық тоқтағанша баяулатуға және жүрісті жалғастыруға мүмкіндік беретін DRCC динамикалық радарлық круиз-контроль жүйесінің көмегімен соқтығысу қаупін уақытылы анықтауға мүмкіндік береді.

Жаңа Toyota Highlander жабдықтары жарықдиодты алдыңғы және артқы оптика мен тұман шамдары, Қазақстан нарығындағы Toyota желісі үшін бірегей электржетекті панорамалық төбе, аспаптар тақтасының 7″ түрлі-түсті көп функциялы дисплейі, Apple CarPlay мен Android Auto қолдайтын мультимедиялық жүйе, алдыңғы әйнекке арналған проекциялық дисплей, 11 динамиктің көмегімен дыбысталудың концерттік сапасын қамтамасыз ететін JBL аудио жүйесі, «Қысқы жайлылық» толық пакеті және т. б. сияқты заманауи және технологиялық опциялардың кең тізімімен толықтырылды.

/

Кроссовер Қазақстан нарығында сегмент үшін бірегей газ тарату фазаларын өзгертудің алдыңғы қатарлы жүйесі бар көлемі 3,5 л V6 атмосфералық қозғалтқышымен және берілістердің жұмсақ және жылдам ауыстырылуын қамтамасыз ететін бейімді жұмыс логикасы бар тиімділігі жоғары сегіз сатылы автоматтық трансмиссиямен бірге қолжетімді болады. Таңдау үшін екі жинақтама қолжетімді болады: «Престиж» және «Люкс».

Жаңа Highlander-ге тапсырыс алына бастады. Бағасы сатылым басталатын уақытқа таман белгілі болады. Қосымша кеңес алу үшін Toyota компаниясының ресми дилерлеріне хабарласуға немесе www.toyota.kz ресми сайтында сұраныс қалдыруға болады.

/