Тойота барлық хабарламаларында өзінің жаңа дизайнын таныстыруда

• Тойота компаниясы жаңа логотип пен дизайн тілін ұсынады
• Жаңа көрнекілік дизайн тұтынушыларды цифрлық замандағы мобильділікке шақырады

Тойота өзінің жаңартылған логотипі мен мәтіні бар жаңа дизайнын Еуропада нарығына ұсынады. Бұл Тойота компаниясының автомобиль өндіруші кампаниядан мобильдік компанияға өтуінің жаңа заманының басталуын білдіреді. Әртүрлі тұтынушылар үшін әзірленген, мобильдік өнімдер мен қызметтердің кеңейтіліп келе жатқан ауқымының бренді болған жаңа дизайн тілі цифрлық тұрғыдан да, физикалық тұрғыдан да мінсіз.

Жаңа фирмалық стилі қарапайымдылыққа және төрт негізгі принципке: көрегенділікке, мобильдік дайындыққа, беделділік сезіміне және барлық бизнес бөлімшелер мен қосалқы брендтер арасындағы тамаша үйлесімділікке негізделген.

Брендтің фирмалық стилі
Тойота жаңа брендінің логотипі қарапайым 2-D дизайнында жасалған, ол жерде бүкіл Еуропаға әйгілі эмблемасы болған Тойота сауда белгісі жоқ. Дизайн қарапайымдылықты, ашықтықты және жаңашылдылықты көрсетеді және цифрлық кеңестікпен тамаша үйлескендігіне қарамастан, физикалық әлемде де тиімді. Жаңа логотип барлық хабарламаларда қолданылады, алайда қазіргі логотип те көліктерде пайдаланыла беретін болады. Қазіргі бөлшек сатушының ақпараттық көрсеткіштері қала береді, бірақ Toyota 2025 желілік стратегиясы аясында қайта қарастырылатын болады.

Жаңа фирмалық стильде онлайн және офлайн қоршаған ортаға арналған, тұтынушылармен ашық қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін Toyota Type бұрыннан мәлім мәтін қалған. Компания Еуропадағы онлайн бөлшек сауда дүкенін ашып, кеңейте бастағаны цифрлық әлемге дайындығының белгісі болып табылады.

«Біз жаңа фирмалық стильдің брендін «ертеңді» ойымызда ұстай отырып, құрдық. Toyota компаниясының электромобильдерді, мобильділік қызметтерін және онлайн бөлшек саудаларының қарқынды дамуынан қалмау үшін біз тұтынушыларымызбен бұрынғыдан да жақын қарым-қатынас құрамыз.»

Дидиер Гамбарт, Сату, маркетинг, тұтынушылармен жұмыс жөніндегі вице-президент, Toyota Motor Europe»

Сондай-ақ, қараңыз

Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota онлайн-сатылымдарды бастады Toyota ресми дилерлерінің сайттарында клиенттерге үйден шықпай-ақ қалаулы автомобильді сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылды. Су жаңа RAV4 Қазақстанда Су жаңа RAV4 Қазақстанда Қатал да сымбатты бұл көлік RAV4 тарихындағы жаңа кезеңді ашады. Әйгілі кроссовер түбегейлі өзгерді – әлем оны мұндай кейіпте әлі көрген жоқ. Toyota-ның қазақстандық дилері Ichiban беделді сыйлығына ие болды Toyota-ның қазақстандық дилері Ichiban беделді сыйлығына ие болды Жыл сайынғы Ichiban сыйлығын Тойота Мотор Еуропа ұйымдастырды. Сыйлық бір жыл бойы клиенттер үшін ұсынылатын қызметтердің сапасына және олардың қанағаттануына баса назар аударған ең үздік бренд дилеріне тапсырылады. Toyota Теңіз кенішінде бірінші сервистік орталығын ашты Toyota Теңіз кенішінде бірінші сервистік орталығын ашты "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы өзінің клиенттеріне жақын болу үшін және Toyota автокөліктерінің барлық иелеріне халықаралық бренд стандарттары бойынша жоғары сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беру мақсатында 11 маусымда Атырау облысында жаңа "Тойота Сервис Теңіз" сервистік орталығын ашты.
Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus компаниясы Қазақстан мен Қырғызстанның Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Орал және Бішкек сынды қалаларында дилерлік негізінде авторланған сервистік орталықтарды ашу арқылы жоғары сапалы сервистік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етті.