Toyota онлайн-сатылымдарды бастады



Toyota ресми дилерлерінің сайттарында клиенттерге үйден шықпай-ақ қалаулы автомобильді сатып алуға мүмкіндік беретін жаңа функция іске қосылды.

Қазіргі таңда Қазақстанның көптеген қалаларында қозғалыс шектеулі болғандықтан және басқа адамдармен тікелей байланыс қауіпті болуы мүмкін болғандықтан бұл әдіс дәстүрлі сауданың сенімді және ыңғайлы баламасы болып табылады.

Осыған байланысты «Тойота Мотор Қазақстан» компаниясы Toyota ресми дилерлерімен бірлесіп жаңа автомобильдерді, жүрілген автомобильдерді онлайн сатып алуға мүмкіндік жасады. Бұл клиенттерге карантин мен төтенше жағдай кезінде сатып алуды мүмкіндігінше сенімді, қауіпсіз және оңай жасауға мүмкіндік береді.

Ресми дилерлердің автосалондарындағыдай, жеке сату жөніндегі менеджер автомобильді таңдау, брондау және сатып алудың барлық сатыларында клиентке телефон қоңырауы, онлайн немесе видео чат арқылы қолдау көрсете отырып, толық көлемде консультация жүргізеді. Клиентке автомобильдер, кредиттеу, сақтандыру, дилерде бар басқа өнімдер мен қызметтер туралы толық ақпарат беріледі.

Онлайн сатып алу кезінде клиент алдын-ала төлем жасай алады және бұл оған таңдаған автомобильді брондауға немесе сатып алуды аяқтау үшін толық төлем жасауға мүмкіндік береді.

Төлемді бірнеше жолмен жүзеге асыруға болады: сайттағы банк картасын пайдаланып, интернет-банкингтегі жеке кабинет арқылы немесе тікелей банк аударымы арқылы.

Сатып алу аяқталғаннан кейін клиент дилермен автомобильді алудың келесі нұсқаларының бірін келіседі:
• Автомобильді үйге жеткізу;
• Шарттар жеңілдетілгенге дейін немесе карантин мен төтенше жағдай аяқталғанға дейін автомобильді дилерлік орталық аумағында сақтау.

Сипатталған шарттар мен опциялар жаңа автомобильдерді сатып алуға қолданылады.

Жақын арада онлайн режимде өтінім жасап, кредит алуға мүмкіндік беретін онлайн-кредиттеу қолжетімді болады. Toyota Finance бөлімшесі клиенттердің қалауы мен тілектерін ескере отырып, жаңа мүмкіндікті белсенді түрде сынақтан өткізуде. Онлайн-кредиттеуді бастау автомобильдерді, пайдаланылған туралы ақпарат жақын арада Toyota брендтерінің ресми сайттарында қолжетімді болады. Қазіргі уақытта клиенттер кредиттеу бойынша егжей-тегжейлі онлайн кеңестер ала алады, кредит алуға өтінішті қашықтан жасай алады.

Онлайн сатып алу функциясы келесі Toyota дилерлерінің веб-сайттарында қолжетімді:

– Астана Тойота орталығы: https://online.toyotaastana.kz
– Жетісу Тойота орталығы: https://shop.toyota7su.kz
– Тойота Сити Алматы: https://shop.toyota-city.kz
– Алматы Тойота орталығы: https://online.toyota-almaty.kz/ 
– Қарағанды Тойота орталығы: https://shop.toyota-karaganda.kz
– Павлодар Тойота орталығы: https://shop.toyota-pavlodar.kz
– Шымкент Тойота орталығы: https://shop.toyota-shymkent.kz
- Атырау Тойота орталығы: https://shop.toyota-atyrau.kz
- Ақтау Тойота орталығы: https://shop.toyota-aktau.kz
- Ақтөбе Тойота орталығы: https://shop.toyotaaktobe.kz
- Қостанай Тойота орталығы: https://shop.toyota-kostanay.kz/
- Орал Тойота орталығы: http://shop.toyota-uralsk.kz/

Сондай-ақ, қараңыз

Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus Қазақстан бойынша жаңа бес сервистік орталық ашты Lexus компаниясы Қазақстан мен Қырғызстанның Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Орал және Бішкек сынды қалаларында дилерлік негізінде авторланған сервистік орталықтарды ашу арқылы жоғары сапалы сервистік қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз етті. Су жаңа RAV4 Қазақстанда Су жаңа RAV4 Қазақстанда Қатал да сымбатты бұл көлік RAV4 тарихындағы жаңа кезеңді ашады. Әйгілі кроссовер түбегейлі өзгерді – әлем оны мұндай кейіпте әлі көрген жоқ. Toyota-ның қазақстандық дилері Ichiban беделді сыйлығына ие болды Toyota-ның қазақстандық дилері Ichiban беделді сыйлығына ие болды Жыл сайынғы Ichiban сыйлығын Тойота Мотор Еуропа ұйымдастырды. Сыйлық бір жыл бойы клиенттер үшін ұсынылатын қызметтердің сапасына және олардың қанағаттануына баса назар аударған ең үздік бренд дилеріне тапсырылады. Toyota Теңіз кенішінде бірінші сервистік орталығын ашты Toyota Теңіз кенішінде бірінші сервистік орталығын ашты "Тойота Мотор Қазақстан" компаниясы өзінің клиенттеріне жақын болу үшін және Toyota автокөліктерінің барлық иелеріне халықаралық бренд стандарттары бойынша жоғары сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беру мақсатында 11 маусымда Атырау облысында жаңа "Тойота Сервис Теңіз" сервистік орталығын ашты.
Қазақстандық нарыққа арналған инновациялық қалалық Toyota RAV4 кроссовері Ресейден жеткізілетін болады. Қазақстандық нарыққа арналған инновациялық қалалық Toyota RAV4 кроссовері Ресейден жеткізілетін болады. Қазақстандық нарыққа арналған Toyota RAV4 ендігәрі Camry үлгісімен қатар Санкт-Петербургтегі Toyota зауытында шығарылатын болады.