1. Maintenance, Servicing, MOT
  2. Repair
Байланысу

Жөндеу

Toyota ресми сервистік орталықтары сіздің автокөлігіңізді жөндеу үшін көмектесуге әрдайым әзір!

Кешенді түрде жөндеу

Toyota ресми сервис орталықтарының желісінде автокөлігіңізге кез келген күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізе алады. Біліктілігі жоғары мамандардың қолында ең соңғы үлгідегі жабдық және олардың автокөлік жөндеу саласындағы ең өзекті білімі бар.

Жөндеу сапасы

Жөндеудің әр кезеңі Toyota-ның аса жоғары сапа стандарттарына сәйкес жасалатын болады. Бұл дегеніміз – автокөлігіңіз жөндеуге өткізілгенге дейінгі күйде болғандай берік әрі қауіпсіз болатынын білдіреді

Техникалық қызмет көрсету мен сараптама жүргізу саласындағы бірыңғай регламент

Сіз өңіріңіздегі Toyota ресми сервистік орталыққа еш күмән келтірместен, кез келген ақауды жоюды сеніп тапсыра аласыз

Ұсақ-түйекке көңіл бөлу

Toyota ресми сервистік орталықтары ұсақ-түйек ережелерді сақтайтынымен жақсы танымал. Біз автокөліктің терезелері жабық болып, салонға шаң кірмеуін қадағалаймыз, орындықтар мен еденге төсеніш жабамыз, сондай-ақ лак-бояу жабынында ешқашан кір дақтарды қалдырмаймыз. Біз үшін ұсақ-түйектің бәрі маңызды

Өте қарапайым

Жергілікті Toyota ресми дилерлік орталығына бір рет қоңырау шалсаңыз, автокөлігіңізге жөндеу жұмыстарын жүргізу басталып кетеді. Сізге тәжірибелі қызметкерді тағайындап береді, ол бүкіл жөндеу процесін басқарумен қатар, қажет болған кезде, сақтандыру компаниясымен де сөйлесіп береді.

Әрқашан байланыста

Біз жөндеу жұмыстарының барысы туралы ақпаратты жүйелі түрде беріп отырамыз, күтпеген жұмыстар мен жөндеу мерзімін ұлғайту қажет болған жағдайда дереу хабарлап отырамыз