1. Company
  2. News, Stories and Events
  3. Leasing press
Байланысу

Toyota автокөліктердің операциялық лизингін іске қосты

Toyota қазақстандық бизнес үшін тартымды мүмкіндік ойлап тапты - енді Toyota жаңа автокөліктерін ұзақ мерзімді кезеңге ыңғайлы шарттармен жалға алуға болады.

Операциялық лизинг дегеніміз жұмыс мақсаттары үшін бірнеше жылға автокөлікті жалға алу, ол корпоративтік автопарктерге тән ауыртпалықтан арылтады. Мысалы, мемлекеттік тіркеудің, міндетті және ерікті сақтандырудың және дербес қызмет көрсетудің қажеті жоқ – осының барлығы жалға берушінің жауапкершілігінде.

Бұдан басқа, клиент түбінде пайдаланған көлікті сатып алуға міндетті болатын қаржылық лизингтен өзгешелігі – бұл жағдайда жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін автокөлікті жалға берушіге қайтарылады және орнына жаңасы беріледі.

Қазақстанда бренд атынан Toyota автокөліктерінің лизингін "Тойота Файнаншл Сервисез Қазақстан" ЖШС компаниясы ұсынады. Компания отандық бизнестің қажеттілігін ескере отырып, бірегей шешім әзірледі – нәтижесінде клиенттер тиімді және ыңғайлы артықшылықтарға ие болады.

Неге тиімді

Бірінші кезекте, бұл жалға берудің бәсекеге қабілетті бағасы. Toyota автокөліктерінің тіпті ұзақ пайдаланудан кейін де дәстүрлі жоғары қалдық құны бар, бұл амортизация есебіне және нәтижесінде лизинг бойынша төлемнің төмендеуіне әсер етеді.

Екіншіден, жалдаудың барлық кезеңі бойы ай сайынғы теңгемен жүзеге асатын төлемдерді белгілеуді қамтитын сенімді қаржылық қорғау, бұл өз-өзін девальвация тәуекелдерінен және лизинг бойынша ай сайынғы төлемдерді ықтимал арттырудан сақтандыруға мүмкіндік береді. Клиент сондай-ақ өзін жол-көлік оқиғасының және басқа да орын алуы мүмкін жағымсыз жағдайларды жөндеумен байланысты жоспарланбаған шығыстардан құтқарады, өйткені Toyota жалға алынған автокөліктері азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бағдарламалары бойынша да, сақтандыру жағдайларының туындау тәуекелдерін қамтитын КАСКО* бойынша да сақтандырылған.

Toyota автокөліктерінің клиенттің балансында болмауы және жалға берушінің меншігі болмауының арқасында айналым немесе басқа бизнес-мақсаттарды ұлғайту үшін ақша капиталы мен несие желілері босатылады. Сондай-ақ, клиенттің өз автопаркі болған жағдайда қосымша салықтарды төлеу қажеттілігі болмайды.

Сонымен қатар, бастапқы жарнаның болмауы Toyota-ның операциялық лизингі бойынша қызметін В2В-секторі үшін одан бетер қолжетімді етеді.

Неге ыңғайлы

Лизингтегі автокөліктердің барлық сервистік және жөндеу жұмыстары Toyota ресми дилерлік орталықтарында жүргізіледі. Қазақстанның барлық аймақтарында ұсынылған дилерлердің кеңейтілген желісі тіпті шалғай қалаларда да сапалы сервистің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, жоғары білікті шеберлер жүзеге асыратын халықаралық стандарттар бойынша техникалық қызмет көрсету Toyota автокөліктерінің сенімді қызмет ететініне және күрделі пайдалану жағдайларында да қызмет ететініе кепілдік береді.

Операциялық лизинг шеңберінде клиенттерге ерекше қызметтер, соның ішінде, шина қызметі, сондай-ақ нақты уақыт режимінде автокөліктердің орналасқан жерін қадағалауға мүмкіндік беретін GPS-трекер сияқты арнайы қызметтер де қолжетімді.

Соңғы штрих: клиенттер тек жаңа автокөліктерді айдау үшін, Toyota корпоративтік автопаркті әр екі жыл сайын жаңартуға мүмкіндік береді.

Артықшылықтар құны ай сайынғы төлемдерге енгізілген. Тарифтер автокөлік үлгісіне, жүрісі мен лизинг мерзіміне байланысты. Мысалы, "Комфорт (МТ)" жиынтығындағы Toyota Corolla лизингі мерзімі екі жыл, жылына 20 000 км-ден аспайтын жүгірісте айына ҚҚС-сыз 183 360 теңгені құрайды.

Toyota операциялық лизингінің шарттары туралы толығырақ білу үшін жақын жердегі Toyota ресми дилерлік орталығына жүгінуге болады немесе осы сілтеме бойынша ресми сайтта өтінімді қалдыруға болады: Toyota операциялық лизингі.

*КАСКО бағдарламасымен жабылатын сақтандыру жағдайларының тізімін өзіңіздің аймақта орналасқан Toyota ресми дилерінен анықтау қажет.